(Нанесение точки на карту) — координаттары бойынша нүкте орналасуы тиіс шаршыны анықтап, оған нүктені түсіру. Табылған шаршының оңтүстік сызығынан оның бүйір жақтарынан карта масштабында кесінді салынады. Ол шаршының төменгі жағы мен X нүктесінің айырымына сәйкес келу керек. Алынған таңбалар жіңішке сызықтармен біріктіріледі. Осы сызыққа шаршының батыс жағынан масштабта кесінді салады. Ол шаршы сол жағымен У нүктесінің айырымына сәйкес келуі тиіс. Бұл ізделіп отырған нүкте болып табылады.
Картада пункттін орналасу орнын жуықтап көрсету[өңдеу]
(Приближенное указание местоположения пункта на карте). Картадағы нүктенің орнын жуықтап көрсету үшін ол орналасқан координаттық тор шаршыны атау жеткілікті. Бірінші абсцисса х шаршының оңтүстік жағы, ордината у оның батыс жағы деп аталады. Жеке парақты картамен жұмыс істегенде абсциссамен ордината әдетте екі санмен көрсетіледі (ондық және бірлік километрлері картаның ішкі жақтауының сыртында үлкен санмен берілген).
Картадағы өзі тұрған жер нүктесі[өңдеу]
(Точка своего стояния на карте) — жергілікті заттар, бедерге тән пішін мен бөлшектердің картада бейнеленуі бойынша, көз мөлшерімен жүріп өткен қашықтық пен бағдар бойынша белгілеулермен анықтау тәсілі.
Карталар масштабы[өңдеу]
(Масштаб карты) — картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтын ұзындығына қатынасы. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр тұрлі болуына орай масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1:10000 — он мыңдық, 1:25000 — жиырма бес мындық, 1:50000 — елу мыңдық, 1:100000 жүз мындық, 1:200000 екі жүз мындық, 1:500000 — бес жүз мындық, 1:1000000 — миллиондық. Жергілікті жердің картографиялық бейнелену мөлшері мен картаның толықтығы, өлшеулер дәлдігі карта масштабына байланысты болады. Карта масштабы кішірейтудің төменгі дәрежесінде аса ірі болады. Ол жергілікті жерді толықтай бейнелеуге мүмкіндік жасайды. Карта масштабының кішірейтілуімен бірге оған салынатын жергілікті жер бөлшектерінің саны да кішірейтіледі. Аумақтың картада бейнеленген кішірейту дәрежесі неғұрлым көп болса, карта масштабын соғырлым ұсақ деп атайды. Карта жақтауының оңтүстік (төменгі) жағында сандык және сызықтық масштабы, масштаб көлемі корсетіледі.
Карталар номенклатурасы[өңдеу]
(Номенклатура карт) — көп паракты географиялық карталардың әр парағының орналасқан жерін немесе оның картаның басқа парақтарына қатысты орналасу ретін анықтайтын шартты белгілер жүйесі. Карталар номенклатурасы. карталарға сызықтар салумен тығыз байланысты, әскерлерді картамен жабдықтауды ұйымдастыруда пайдаланылады. Карталар номенклатурасы кестелік (карталардың жинақ кестесіне немесе каталогына сәйкес картаның әр парағы әріптік, сандық немесе әріптік-сандық белгімен белгіленеді), координаталық (картадың әр парағы оның нүктелерінің бірінің немесе парактың ортаңғы нүктесінің — координатасымен белгіленеді), сандық немесе әріптік-сандық (әрбір параққа сандық, немесе әріптік-сандық код беріледі) болуы мүмкін.
Карталардың жіктелуі[өңдеу]
(Классификация карт; грек. chartes — жазуға арналған күлон (папирус) парағы не бумасы) — карталардың мазмұнына, мақсатына және маштабына қарай ор түрлі болып бөлінуі. Барлық картографиялықнемесе жалпы географиялық және арнаулы карталар. Жалпы географиялық карталар масштабына карай топографиялық (масштабы 1:1000000 және одан да үлкен) және шолу (масштабы 1:1000000нан аз) картасы болып бөлінеді. Масштабы 1:10000; 1:25000 және 1:50000 топографиялық карталар ірі масштабты, ал масштабы 1:100000 және 1:200000 орта масштабты, масштабы 1:500000 және 1:1000000 — кіші масштабты топографиялық карталар деп аталады.
Картамен сабақ өткізу[өңдеу]
(Занятие на картах) — оперативтік және тактикалық (тактикалық-арнайы) дайындық сабағы топтық жаттығу, оперативтік және тактикалық лездеме шешімі, штабтық дағдыландыру түрінде генералдармен және офицерлермен өткізіледі. Бұл сабақтар кез келген аймақта, ұрыс қимылдар театрының шетеддік бөлімдерінде оқу-жаттығу мәселелерін талдауға жағдай жасайды, функциялық міндеттерін орындауға кажетті дағдыларға машықтандырады.
Картаны бағдарлау[өңдеу]
(Ориентирование карты) — белгілі бір ауданда жұмыс істеу кезінде карта жақтауының солтүстік жағы солтүстікке, ал қалғандары — тиісінше оңтүстікке, шығыс пенбатысқа қаратылып орналастырылуы керек. Карта осылай орналасқан жағдайда тұрған нүктеден қоршаған жергілікті заттарға қарайғы бағыт бақылау картадағы осы бағыттарға сәйкес келеді, ал сол жерде орналасқан барлық заттардың өзара орналасуы мен олардың картадағы шартты белгілері ұқсас болып келеді. Картаны жуық мөлшерде бағдарлау көзбен жүргізілсе, неғұрлым дәл бағдарлау компас немесе визирлі (дәлдеуіш) сызғыштар арқылы жүргізіледі.
Картаны жергілікті жер сызықтары бойынша бағдарлау[өңдеу]
(Ориентирование карты по линиям местности) — түзу сызықты жергілікті заттар (жоддар, орлар, байланыс желілері) бар болған жағдайда қолданылатын бағдарлау. Жергілікті жердің қандай да бір сызығында тұрып сызықтық заттың бейнесінің бағыты картадағы оның жергілікті жердегі бағытымен сәйкес келетіндей, ол одан оң және сол жақта орналасқан барлық басқа объектілердің бейнелері картада сол жақта болатындай етіп картаны бұру қажет. Егер тұру нүктесі белгілі болып, сол орыннан көрінетін бағдарлар картада белгіленген болса, онда картаны бағдар бағытына қарай бағдарлайды. Сызғышты тұрған орнының нүктесімен қандай да бір бағдармен сәйкестендіреді. Тандалып алынған бағдар көздеу сызығында тұратындай етіп сызғыштың бойымен бірге картаны бұрады. Көздеу кезінде сызғыштың бағдарға қараған шетін өзінен кері ұстау керек.
Картаны компас бойынша бағдарлау[өңдеу]
(Ориентирование карты по компасу) — Картаны компас бойынша бағдарлау картаны дол бағдарлау үшін қолданылады. Картаны алдымен жуықтап бағдарлайды. Содан соң компасты қартаға, оның лимбісінің нөлдік диаметрі карта жақтауының бүйір жағымен сәйкес келетіндей етіп орналастырады. Егер компастың магнит меңзерінің бұрылуы бөлігі аз болса (3 градус), онда ол есепке алынбайды. [2][3]
Дереккөздер[өңдеу]
Жоғарыға көтеріліңіз↑ “Қазақ Энциклопедиясы”
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.
|
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.
Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
|
Достарыңызбен бөлісу: |