Жердің даму тарихында апат туғызатын (катастро фалық) табиғи құбылыстардың бірі жер сілкіну. Оның жойқын күшін адамзат тарихындағы белгілі басқа қатерлі оқиғалардың еш қайсысымен салыстыруға болмайды



бет2/3
Дата01.12.2022
өлшемі24,13 Kb.
#160829
1   2   3
Байланысты:
дәріс 11 (1)

IV балл. Халықтың көпшілігі сезеді. Үй ішінде терезенің әйнегі дірілдеп, ыдыс-аяқтар сыңғырлайды; люстралар ақырындап тербеліп, есіктер сықырлайды; ұйқыдағы адамдардың оянуы мүмкін; ауыр жүк автомашинасы үйдің қабырғасын соғып өткендей әсер қалдырады (әлсіз сілкіну).
V балл. Үй ішіндегі барлық адам, ал көшедегі адамдардын, басым көпшілігі сезінеді; үй іші шайқалып, есіктер ашылып-жабылып, жеңіл заттар құлап түседі; қабырғада кішігірім жарықшақтар пайда болып, сылақтары түсіп жатады; ұйқыдағы адамдар түгелдей оянып кетеді (орта дәрежедегі сілкінулер).


VI балл. Халық түгел сезінеді. Қорқыныш сезімі пайда болып, үрей туғызады. Үй ішіндегі кейбір заттар орнынан козғалып, ыдыс-аяқтар сынуы мүмкін; маятниктті сағаттар тоқтап қалады; қабырғалардың жапсарлары ажырап, сылақтары кесек бөлшектер түрінде опырылып құлап түсуі мүмкін. Құдықтардағы су деңгейі өзгерістерге ұшырайды (үрей туғызатын сілкінулер).


VII балл. Үй ішіндегі кейбір заттар құлайды. Үйдегі адамдардың барлығы да көшеге жүгіріп шығады. Сазды кірпіштен салынған нашар үйлердің қабырғаларында терен жарықтар пайда болып, кейбіреулері жартылай болса да қирайды. Ал таза кірпіштен немесе темір-бетонды ірі панельден тұрғызылған үйлердін, қабырғала-рында кішігірім жарықтар пайда болып, сылақтары опырылып құлап түседі. Кейбір жағдайда түтін мұржалары бұзылып, құлап жатады. Машина айдап келе жатқан адамдарға да сезіледі (күшті сілкінулер).


VIII балл. Үй ішіндегі ауыр заттарға дейін түгел құлайды. Ірі панельден тұрғызылған қабырғалар қаркастан бөлініп, ажырап қалады. Сапалы үйлер азды-көпті бүлініп, ал сапасыз нашар құрылыстар жартылай қирап, құлап жатады. Тау беткейлерінде бірнеше сантиметрлік жарықтар пайда болып, қорым тастарға тола-дьі Ескерткіштер орындарынан қозғалып немесе төңкеріліп қалады (аса күшті сілкінулер).


IX балл. Үй құрылыстары (сапасына қарай) кейде жартылай қисайып, кейде түгелдей бұзылады. Жер бетінде кішігірім (бірнеше см-лік) жарықтар мен жарықшақтар пайда болады. Жер астынан жүргізілген құбырлар әр түрлі деформациялык өзгерістерге ұшырайды. Су бетінде алып толқындар (цунамдар) пайда болып, жағалауда орналасқан халықты апатқа ұшыратады (ерекше күшті сілкінулер).


X балл. Бірен-саран ғана сапалы үйлер жартылай болса да сақталып, қалғандары түгелдей дерлік бұзылады, ал кейбіреулері фундаментінен ұшып кетеді. Темір жол рельстері майысып, сағыздай иіледі. Таулы жерлерде опырылып құлау, жылысу-жылжу әрекеттері байқалады. Өзен сулары арнасынан шығып, жағаға қарай ұмтылады. Жер беті ірілі-ұсақты (1 м-ге дейін) жарықтармен тілімденеді. Жасанды плотиналар мен тасты бөгеттер бұзылып, кейде жаңа көл орындары пайда болады (жойқын күшті сілкінулер).

XI балл. Үй құрылыстары түгелімен бұзылып, қирады. Таулы аудандарда пайда болған ірі жарықтар мен жарылыстарды (бірнеше м-лік) бойлап, тау жыныстарының ірі блоктары тік немесе көлденең бағытта жылжып орын ауыстырады. Көпірлер қирап, жер асты құбырлары мен темір жол рельстері сан бұралып, түгелдей істен шығады (катастрофалық апатты сілкінулер).

XII балл. Барлық құрылыс орындары түгелдей қирап қорым төбешіктерге айналады. Өзендер арнасын өзгертіп, су толқындары аспанға атылып жатады; сарқыра малар мен көлдер пайда болады. Жер қыртысының ірі блоктары тік және көлденең бағыттағы жарықтар бойымен жылжып орын ауыстырады. Соның нәтижесінд жер бетінің бедер пішіндері көп өзгерістерге ұшырап орасан зор опырылыстар мен копарылыстар байқаладц (ен, күшті катастрофалық апатты сілкінулер).

Жер сілкінісінің салдарын жою жөнінде шешім қабылдау үшін осы салдарды бағалай білу маңызды. Жер сілкінісі салдарын бағалаудың бірнеше жолы бар. Олардың негізін болашақ жер сілкіністерінің ошақтары анықталған сейсмикалық аудандастыру карталарын пайдалану, осы ошақтар үшін изосейст модельдерін құру (яғни балдары тең сызықтар) және жер сілкінісінің әсер ету аймағына түсетін әртүрлі үлгідегі ғимараттардың бұзылу ықтималдығын бағалау құрайды.


Апатты жер сілкіністерінің салдарын болжау әдістемесі мынадай міндеттерді шешуге арналған: Елді мекен аумағындағы ғимараттар мен құрылыстардың қирауын бағалау және болжау; бұзылу дәрежелерінің сипаттамаларын анықтау;
Жер сілкінісінің барысында үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесіне зиян келіп, байланыс бұзылыды. Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді. Жер сілкінісінің жойқын күшінің әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6 млн. халық тұрады. 27 қала, 400 ден астам елді мекен бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмо қауіпті аймақта тұр. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының отыз проценті шоғырланып, тұрғын үй қорының отыз бестен аса проценті орналасқан. Республика халқының қырық проценті тұрады. Жер сілкінісі қауіпті аумақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп орындары, жасанды су қоймалары, жарылыс қаупі бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.
Жер сілкінісі кезіндегі жүріс- тұрыс бойынша халыққа ұсыныстар.

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді.Сол себептен, қай жерде болмасаңыз да, уйде,жұмыста,далада,көлікте апат орын алған жағдайдағы өзіңіздің іс-әрекеттеріңізді алдын-ала жоспарлап қойғаныңыз абзал.Отбасы мүшелеріне осындай жағдайда не істеу керектігін және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйретіңіз.Ең қажетті заттарды ,құжаттарды,ақша мен қолшамды қол астында ұстаңыз.Бірнеше тәулікке жететін ішуге арналған су мен консерваларды сақтаңыз.Қауіпті, улы,химиялық заттарды бөлек,шеттетілген жерде ұстаңыз.


Жанұяның ересек мүшелері пәтерді тоқсыздандыруды,магистральдік газды және су құбырын өшіре білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет