Жердің даму тарихында апат туғызатын (катастро фалық) табиғи құбылыстардың бірі жер сілкіну. Оның жойқын күшін адамзат тарихындағы белгілі басқа қатерлі оқиғалардың еш қайсысымен салыстыруға болмайды



бет1/3
Дата01.12.2022
өлшемі24,13 Kb.
#160829
  1   2   3
Байланысты:
дәріс 11 (1)


Дәріс №11. ЖЕР СІЛКІНУ
Жердің даму тарихында апат туғызатын (катастро фалық) табиғи құбылыстардың бірі — жер сілкіну. Оның жойқын күшін адамзат тарихындағы белгілі басқа қатерлі оқиғалардың еш қайсысымен салыстыруға болмайды. Ерте кезден сақталған тарихи деректер бойынша, бар болғаны бірнеше секунд ішінде үлкен бір қаланың немесе кішігірім мемлекеттің түгелдей дерлік жоқ болып кеткендігі белгілі. Жер шарында тәулік сайын (орта есеппен) 200-де астам, ал бір жылда 100 мьщға жуық жер сілкінісі болып тұрады. Олардың арасында жылына 9 балдық-- 10—15, 8 балдық — 50—100, 7 балдық — 300—500-г жуық жер сілкінісі байқалады.
Американ сейсмологы Дж. Милннің санағы бойынша адамзат тарихының соңғы 4 мың жыл ішінде жер сілкіну зардабына ұшырап, апат болған адамдар саны 13 млн-нан кем емес екен. Сондықтан да жер сілкінуді зерттеу әдістерін жетілдіру және оның болу мүмкіндігін алдынала болжау мәселелері қаншалықты маңызды екендігін осыдан-ақ байқауға болады.
XX ғасырда біздің елдің территориясында байқалған жер сілкінуі әсерінен: 1911 ж. — Верный қаласы (қазіргі Алматы), 1927 ж. — Қырымның оңтүстік жағалауы, 1948 ж.— Ашгабад, 1966 ж.— Ташкент қаласының ор-талық бөлігі, 1976 ж. — Газли, 1986 ж. — Кишинев, 1989 ж. — Армения қалалары мен Тәжікстан селолары зардап шекті.
Катастрофалық ірі жер сілкінулер кезінде жер бетінің бедері көп өзгерістерге ұшырайды: кейбір аудандар (мулит деңгейінен санағанда) төмен шөгеді (мысалы, Чили жер сілкінуі, 1960 ж.); кейде құрлықтың немесе теңіз түбінің жоғары көтерілуі (мысалы, 1964 ж. Аляскада болған жер сілкінуі кезінде 16 м-ге дейін жоғары көтерілуі) байқалады; өзендердің жолы бөгеліп, жаңа көлдер пайда болады (мысалы, 1911 ж. пайда болған Памирдегі Сарез көлі); лайлы-тасты тасқындар сел болып ағады (мысалы, 1949 ж. Тәжікстанда Хаит селосының тұрғындары түгелімен селді тасқын астында қалды); мұхит жағалауларына жақын аймақтарда (мысалы, Тынық мұхит жағалауында) алып толқындар (цунамдар) пайда болып, орасан зор апатқа ұшыратады.
Жер сілкіністері жер қойнауындағы кенеттен жылжулар мен жарылулар нәтижесінде пайда болатын жер бетінің жер асты тербелісі мен дүмпулері болып табылады. Жер шарының беті тектоникалық литосфералық плиталар деп аталатын жер қыртысының бірнеше үлкен бөлігіне бөлінеді– солтүстікамерикалық, Еуроазиялық, африкалық, оңтүстік америкалық, Тынық мұхиты және Атлантикалық.
Тектоникалық литосфералық плиталардың шекараларына жақын орналасқан аудандар жер сілкінісіне ұшырайды.
Қазіргі кезде Жер шарының сейсмикалық картасы жасалып, басты екі сейсмикалық белдеу бөлінген:

  • Тынық мұхиттық белдеу — Тынық мұхитының батыс және шығыс жағаларын айнала орналасқан.

Бұл белдеуге жас қатпарлы таулар (Альпі, Апеннин, Карпат, Кавказ, Гималай, Кордильерлер, Анд, т.б.), сондай-ақ, құрлықтардың су асты шеттерінің жылжымалы белдемдері (Тынық мұхитының батыс шеттері, Алеут , Куриль, Жапония, Малайя, Жаңа Зеландия, т.б. аралдар, Кариб, Кариб , т.б. теңіздер) кіреді.
Бұл белдеуде барлық жерсілкіну болатын ошақтардың 68%-ы орналасқан.

  • Жерорта теңіздік белдеу — Еуразияның оңтүстік арқылы, батыста Португалия жағаларынан, шығыста Малайя аралдарына дейін созылады.

Бұл белдеуде жерсілкіну болатын ошақтардың 21%-і орналасқан.
Жерсілкіну ошақтарының белгілі бір географиялық аудандарда ғана орналасуы Жердің геологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты.
Қазіргі кезде жерсілкіну күшін бағалау үшін оның қирату әрекеті мен адамдардың психологиялық сезіміне тікелей бақылау арқылы түзілген 12 балдық сейсмикалық шкала қолданылады. Күшті жерсілкіну үлкен апат әкелетіндіктен, ол басқа табиғи құбылыстардың барлығынан қатерлі. Жерсілкіну қай аймақта болатынын болжау шешілгенімен, оның қашан және күші қандай болатыны әзірше толық шешімін тапқан жоқ.
Жерсілкінуді жабайы аңдар, жәндіктер мен үй жануарлары ерте сезетіндіктен, олардың мінез-құлқына қарап, бұл құбылысты болжауға болады.

Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.


Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.
Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.
Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.
Жер сілкіну күші сейсмикалық кесте (шкала) арқылы анықталады. XIX ғасырда жасалған ең алғашқы салыстырмалы кестенің авторлары Италия ғалымы де Росси мен Швейцария ғалымы Форрель (1880 ж.) болып саналады. 1931 ж. жапония ғалымы Вадати жер сілкінудің магнитудалық шамасын анықтауға арналған өз кестесін ұсынады. 1935 ж. белгілі сейсмолог, американ; (Калифорния) ғалымы Ч. Рихтер (Вадати кестесінің .негізінде) оның жетілдірілген және толықтырылған вариантын жасайды.
1964 ж. үш сейсмолог ғалымның (С. В. Медведев —1 ТМД, В. Шпонхойер — ФРГ, В. Қарник — ЧССР) фамилияларының бас әріптерінен құралған халықаралықі кесте (МSК.-64) қабылданып, қазіргі кезге дейін қолданылып келеді. Бұл кесте бойынша, I мен IV балға дейінгі аралықта жер сілкіну әрекетінің қарқындылығы адам- дардың (физиологиялық) алған әсері (эмоциясы) негізінде, V тен IX балға дейінгі аралықта құрылыс орындарының қирау дәрежесіне қарай анықталады, алі X нан XII балға дейінгі аралықта байқалатын жер бетінің деформациялық ірі өзгерістері (ығысу, ыдырау. қатпарлану, жылжу, жылысу, опырылу, жарылу) жер сілкіну әрекетінің ең жоғарғы дәрежедегі көрсеткіші болып саналады.
Сонымен, ТМД территориясында қолданылатын XII балдық макросейсмикалық кестенің (М5К-64) негізгі мазмұны мына төмендегідей:
балл. Арнаулы сейсмикалық құралдар мен аспаптар арқылы рана байқалады (әлсіз дірілдер).
// балл. Толық тыныштық жағдайда кейбір сезімтал адамдар ғана сезеді (әлсіз дірілдер мен тітіркенулер)^
/// балл. Халықтың шағын бөлігі ғана сезеді. Жоғарғы этаждарда анық сезіледі. Үйдің жанынан өте шыққан жүк автомашинасының туғызған діріліндей әсер қалдырады (өте әлсіз сілкіну).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет