Жердің ішкі құрлысы


Жердің ішкі құрылымы қандай?



бет2/2
Дата15.01.2023
өлшемі1,08 Mb.
#165581
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
3-дәріс. Жердің ішкі құрлысы
СЖ1, Көліктік инженерия B 2020 каз, SQL деректер қорын құру
Жердің ішкі құрылымы қандай? Күрделі зерттеулер Жердің үш қабаттан тұратынын анықтауға мүмкіндік берді. Олар: литосфера, мантия және ядро.
Жер қыртысынан және астеносфераға дейінгі жоғарғы мантия бөлігінен тұратын Жердің қатты қабықшасын литосфера деп атайды. Литосфера = жер қыртысы + жоғарғы мантия бөлігі. Жер қыртысы мен жоғарғы мантия бөлігі бір-бірінен Мохоровичич шекарасымен бөлініп тұр. Осы шегарада сейсмикалық толқындардың өту жылдамдығы дереу артады.
Жердің жоғары мантиясындағы тығыздық, беріктік және тұтқырлық қасиеттері төмен қабат астеносфера деп аталады. Ол литосферадан төмен орналасқан: Жоғарғы шегарасы мұхиттар астында 100 км тереңдік шамасында; төменгі шегарасы — 250-350 км тереңдікте. Астеносфера жер қыртысында орын алатын эндогенді үдерістердің (магматизм, метаморфизм т.б.) пайда болуында маңызды рөл атқарады.
Ғалымдар жер қыртысының жоғарыдан төмен қарай шөгінді, гранит және базальт қабаттарынан тұратынын анықтай алды. Алайда ол барлық жерде бірдей емес. Құрлықтардың астында ол шөгінді, гранит және базальт қабаттарынан, ал мұхиттардың астында тек қана базальт және жұқа шөгінді қабаттардан тұрады. Мұхиттың жер қыртысында гранитті қабат жоқ.
Жер қыртысынан төменде анағұрлым тығыз зат қабаты орналасқандықтан, сейсмикалық толқындардың өту жылдамдығы айтарлықтай артады (6,7-7,6 км/сек-тан бастап 7,9-8,2 км/сек-ке дейін). Бұл осы қабаттағы заттардың жоғары қысымға байланысты тығыздалған күйде болатындығын болжауға себеп болды. Бұл қабат — мантияның жоғарғы бөлігі және жер қыртысымен бірге литосфераны құрайды.
Литосфераның қалыңдығы жазықтар астында орташа есеппен 35-40 шақырымнан, таулы аудандардың астында 70 шақырымға дейін өзгеріп отырады. Ежелгі таулардың астында жер қыртысының қалыңдығы одан да жоғары. Гималайдың астында оның қалыңдығы 90 шақырымға жетеді. Ең жұқа мұхиттардың астында жер қыртысы — орташа есеппен шамамен 7-10 км, ал Тынық мұхиттың кейбір аудандарында 5 км-ге дейін.
Литосфераның құрылымы
Литосфера үйлесімдері әртүрлі тау жыныстары мен минералдарды құрайтын түрлі химиялық элементтерден тұрады. Олардың құрамында оттегі шамамен 47%, кремний 30%, алюминий 8%, темір 5%, калъций, натрий, калий, магний болады. Олардың әрқайсысы -2-3% -дан ең көп таралған химиялық элементтер. Осы сегіз элементтің үлесіне жер қыртысы массасының 99% -ы тиесілі.
Жер қыртысы мен ядро арасында 30 шақырымнан 2900 шақырымға дейінгі тереңдікте мантия орналасқан. Мантия — ғаламшардың ең ірі бөлігі, оның массасы Жер массасының 67% -ын және оның көлемінің шамамен 83% -ын құрайды. Ол 90 км тереңдікке дейінгі жоғарғы мантия және төменгі мантиядан тұрады. Мантияның жоғарғы қабаты берік әрі қатты болып келеді және жер қыртысымен бірге литосфераны түзейді.
Мантияда орын алатын үдерістер жер қыртысына және Жер бетіне әсер етеді. Ол — құрлықтардың қозғалуы, вулканизм, жер сілкіністері, таулардың түзілуі және кенді орындардың қалыптасуының себебі. Литосферадан төменде, мантия бетінен шамамен 150-200 км тереңдікте астеносфера орналасқан. Заттардың агрегаттың күйіне қарай астеносфераның қаттылығы мен тұтқырлығы төмен. Алайда ол — 1200°С температурамен анағұрлым иілімді қабықша. Вулканизм үдерістері астеносферамен байланысты, өйткені жер қыртысына енетін не жер бетіне төгілетін ерітілген магма ошақтары сонда орналасқан.
Жердің қақ ортасында ядро орналасқан, оның тереңдігі 2900 шақырымды құрайды, ал орташа радиусы 3500 шақырымға тең. Ядроны қатты ішкі және сұйық сыртқы ядро деп бөледі. Сыртқы ядро сұйық болып келеді, құрамында темір мөлшері көп және үздіксіз қозғалыста болады. Ал ядроның ішкі аймағы қатты деп есептелінеді. Ғалымдардың гипотезасына сәйкес заттардың қаттылығы орасан температура және қысыммен қамтамасыз етіледі. Ядроның құрамына темір кіреді және кремний, күкірт, оттегі, сутегі де болуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет