Жердің магнит өрісі индукциясының горизонталь құраушысын анықтау үшін ЭиМ-М-Л5 моноблогы, «Тангенс-гальванометр» модулі қолданылады.
Зертханалық қондырғының сыртқы түрі 5 суретте көрсетілген.
беттік панельде - Жердің магнит өрісі индукциясының горизонталь құраушысын анықтау үшін өлшеу жүргізудің функционалдық сұлбасының суреті.
«Тангенс-гальванометр» модулі центрінде тік бағытта магниттік тілше орналасқан катушкадан тұрады. Тілше тік ось айналасында еркін айналады. Бұрыштық градуспен градуирленген дөңгелек шкаласы бар. Модуль параметрлері: D=198 мм - катушка диаметрі; N=62 – орам саны. Зертханалық қондырғыда өлшеудің электрлік сұлбасы (6 сур.) көрсетілген.
ЭиМ-М-Л5 моноблоктың 1 және 2 ұяшығына «Тангенс-гальванометр» модулін қосыңыз. «Тангенс-гальванометрді» моноблоктан және басқа да өзінің жеткілікті күшті электромагниттік өрісі бар аспаптардан алыс орналастыруға тырысыңыз.
«Тангенс-гальванометрдің» катушка жазықтығын Жердің магнит меридиан жазықтығына орнатыңыз, яғни магниттік тілше катушка орамы жазықтығына С және Ю көрсете отырып орналассын.
Кернеу регуляторын сол жақтағы шеткі жағдайға орнатыңыз (минимал кернеу).
Корпустың сол жақ бүйіріндегі «Сеть» батырмасы көмегімен моноблокты қосыңыз.
S1 ауыстырғыш - қосқышты 1 жағдайға келтіріңіз. Кернеу регуляторымен тілше 5° кем емес ауытқитындай тізбекте ток орнатыңыз. Тілшенің тепе-теңдікке келуін күтіңіз және оның ауытқу бұрышын тіркеп алыңыз.
S1 ауыстырғыш - қосқышты 2 жағдайға келтіріңіз және тура солай тілшенің ауытқу бұрышын тіркеп алыңыз.
Бұл магниттік тілшенің ауытқу бұрышының орташа арифметикалық мәнін анықтау үшін қажет, яғни магниттік меридиан жазықтығында «Тангенс-гальванометрдің» орамдарын орнатқанда әрқашанда дәлсіздік байқалады.
Тізбектегі токты біртіндеп арттыра отырып 5-6 пунктті кемінде 10 рет өлшеңіз, бірақ ауытқу бұрышы 70° -тан аспайтындай болсын.
Барлық нәтижелерді кестеге енгізіңіз.
8. Корпустың сол жақ бүйіріндегі «Сеть» батырмасы көмегімен моноблокты ажыратыңыз.