- топырақтың гидротермиялық және қоректік режимінің көрсеткіштері бойынша;
- негізгі агроклиматтық көрсеткіштер бойынша (климаттың континенталдылығы, қыстың қаттылығы және қарлы болуы, вегетациялық кезеңнің жылу және ылғалмен қамтамасыз етілуі, биологиялық өнімділік);
- дақылдардың жиынтығы, агротехника сипаты, тыңайтқыштардың тиімділік деңгейі бойынша.
Жылдық айналымдағы климат элементінің режиміне қатысты бір немесе бірнеше агроклиматтық және топырақтық көрсеткіштер бойынша провинцияларды ерекшелеуге болады.
Кейбір жерлерде провинциялардың шекараларын табиғи аралықтарды есепке ала отырып жүргізеді (ірі өзендер, тау жүйелері).
Табиғи-ауылшаруашылық зонасы – бұл аудандастырудың негізгі бірлігі. Ол өсімдіктердің минералдық қоректену және топыраққұралу ерекшеліктерімен, жылу және ылғал балансымен байланысты топырақтық-климаттық жағдайлар жиынтығымен сипатталады. Әр зонаның белгілі бір топырақ типі және типшесі, сондай-ақ жер-сулардың қатынасы мен ауылшаруашылық өндірістердің типтері болады. Аумақтағы жеткілікті жылдық ылғалдануды сипаттайтын зоналар шекарасының температуралар қосындысының изосызықтары және аумақтағы жеткіліксіз ылғалдануды сипаттайтын зоналар шекарасының жылдық атмосфералық ылғалдану коэффициентінің изосызықтары бақылаушы белгілер болып қызмет етеді. Табиғи-ауылшаруашылық провинция –жылдық айналымдағы режим мен микроклиматқа байланысты топырақ жамылғысының биологиялық маңызды ерекшеліктерімен сипатталатын зонаның бір бөлігі.