Жетекшісі: Есмуратова К. Г



Дата25.01.2022
өлшемі43,79 Kb.
#114513
Байланысты:
Tolganaynn


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Шет тілдер колледжі

«Педагогика» пәні бойынша

Курстық жұмыс

Тақырыбы:Ақпарат құралдарының тәрбиеге ықпалы

Орындаған:Сәбит Т.Е.

Тобы: НМ-41

Жетекшісі: Есмуратова К. Г.

Қарағанды, 2021 ж

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3

1.АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ……………………………………………………………...5

1.1Ақпарат құралдары туралы түсінік………..……………………………….5

1.2. Ақпарат құралдарының зерттелуі…………………………………………8

1.3. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде ақпараттық құралдарды пайдалану................…………………………………………………………...12

2. АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕГЕ ЫҚПАЛЫ…………………17

2.1. Мұғалімдер мен оқушылардың ақпарат құралдарымен жұмысының психологиялық қырлары……………………………………………………...17

2.2. Оқушы тәрбиесіне ақпарат құралдарының әсері………………………..19

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ...............................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жəне онымен тығыз байланысты білім беруді ақпараттандыру жетілгендігімен, ақпараттық технологиялардың кеңінен таратылуымен сипатталады. Бүгінгі таңда көптеген зерттеушілер білім алушылардың дамуына, олардың мінез-құлқы мен санасына бұқаралық ақпарат құралдарының орасан зор әсері туралы айтады. Қазіргі жасөспірімдердің өміріндегі жетекші орынды иеленетін ақпарат құралдары тәрбиенің маңызды агенттерінің біріне айналуда.Олар ақпаратты тарату үшін жəне мұғалімдер мен білім алушылардың өзара əрекетін қамтамасыз ету үшін білім берудің қазіргі жүйесінде кеңінен қолданыс табуда. Арнайы жағдайда көптеген технологиялар оқушыларды оқыту жəне тəрбиелеу сапасын арттыруға айтарлықтай əсер ететіндігін түсіну қажет. Елдің қоғамдық өміріндегі баспасөздің, радио мен теледидардың өсіп келе жатқан рөлін олардың тез өсуі, ақпарат құралдарының таралуы және қол жетімділігі дәлелдейді.

ХХІ ғасырдың бастап еліміз жаһандық ақпараттандыру процесіне белсене кірісіп кетті. Бүгінде Қазақстан қоғамында білімді ақпараттандыру ісі қарқынды жүріп жатыр. Компьютерді және басқа да ақпараттық құралдарды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі болып тұр. Ал оның пайдасы мен зиянын, оқушылар тәрбиесіне ықпалын зерттеу өзекті мәселеге айналып отыр.

Зерттеудің болжамы.Ақпарат құралдары тұлғаны дамытудың әлеуметтік-мәдени факторы ретінде егер келесі шарттар орындалса, оқушылардың дамуына оң әсер етеді:

-Ата-аналардың және мектептердің ақпарат құралдарын тұтынуын бақылау;

- Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру;

-Оқушыларды ақпарат құралдарымен жеке таныстыру, қажет болған жағдайда ақпарат құралдарымен қарым-қатынасты шектеу.

Зерттеу мақсаты. Оқушылар тәрбиесіне ақпарат құралдарының әсерін анықтау.

Зерттеу міндеттері.

- Ақпарат құралдары туралы түсінік беру;

- Ақпарат құралдарының зерттелуіне тоқталу;

- Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде ақпараттық құралдарды пайдалану туралы ақпарат беру;

- Білім беруде пайдаланылатын ақпараттық құрал түрлерін жіктеу;

- Мұғалімдер мен оқушылардың ақпарат құралдарымен жұмысының психологиялық қырларына шолу жасау;

- Оқушы тәрбиесіне ақпарат құралдарының әсері туралы мағлұмат беру.

Зерттеу әдістері. Анализ жасау, салыстыру, талдау.

Зерттеу пәні.Ақпарат құралдары білім алушының жеке басының дамуындағы әлеуметтік-мәдени фактор ретінде.

Зерттеу нысаны.Ақпарат құралдарының жеке тұлғаны дамытуға әсері.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I.ТАРАУ. АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Ақпарат құралдары туралы түсінік

XXI ғасыр ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы ғылым жүйесін дамытуда ақпараттық құралдардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық, интерактивті тақта, электронды оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселелерді жан жақты шешу үшін ақпарат құралдарын пайдаланудың орны ерекше.

Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды ұстаздардан талап етеді.

Көптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж.А.Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға болады дейді.

Болашақ мамандарға ақпараттық технологиялар негізінде кәсіби білім беруге қоғамның сұранысы мен меңгерілген кәсіби ақпараттық-компютерлік білім мазмұнының теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделмеуі арасында; болашақ мамандарға осы тұрғыда кәсіби білім беру қажеттігі мен оны жүйелі жүзеге асырудың бірыңғай тұжырымдамасының жоқтығы арасында; әдіснамалық тұрғыда негізделген ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу арқылы оқытудың әдістемелік жүйесінің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтар бар екендігі анық байқалады.

XXI ғасырда мұғалімнің басты мақсаты инновациялық педагогикалық технологияны меңгеру, оны өз тәжірибесінде пайдалану.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген ақпарат құралдары:

– Интерактивті тақта;

Мультимедия;

– Интернет кеңістігі;

– Электронды оқулық.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері білім беруде ақпараттық құралдар жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық құралдар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан жаңа ақпараттық құралдардың тілін білетін мұғалім қажет.

«Ақпараттық технология» терминін академик В.М. Глушков енгізген. Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялалар» ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. А.Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология» - мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады. Р. Әбдірәсілова болса, «Ақпараттық технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады.

Ақпараттық құралдардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады. Электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Заман ағымына қарай күнделікті сабақта видео, аудио қондырғылары мен интерактивті тақтаны, компьютерлік желіні қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электронды оқулықтарды енгізу. Өйткені, бүгінгі таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай ауыстыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі - оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.

Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.

Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.

Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады. Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалайды.

Осылайша жаңа технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.

Ақпараттық құралдардың негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаттары: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, білім беру саласында ақпарат құралдарын пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.

1.2. Ақпарат құралдарының зерттелуі

«Ақпараттық технологиялар» түсінігіне талдау жасар болсақ, ол «жаңа ақпараттық технологиялар», «компьютерлік технологиялар», «қазіргі ақпараттық технологиялар» жəне т.б. ұғымдары негізінде қолданылымда. «Ақпараттық технологиялар» түсінігімен байланысты көп көлемдегі синонимдердің болуы ақпараттық технологиялар терминологиясының толық мəні ашылмағанын жəне педагогикалық əдебиеттер мен тəжірибеде негізделмегеніне дəлел болады.

Аталмыш түсініктің пайда болу мен даму анализі Б.Б. Баймуханов, Ж.А. Караева, Б.К. Тульбасова, В.М. Глушков жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген.

Мысалы, В.М. Глушков ақпараттық технологияларды ақпаратты өңдеу түсінігімен байланыста түсіндіреді. Қазіргі қоғамда ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралы дербес компьютер болып табылатындықтан, көптеген авторлардың пікірінше ақпараттық технологиялар дегеніміз машиналық (ЭЕМ көмегімен) өңдеу, ақпарат беру, тасымалдау технологиясы, пəні жəне өнімі ретінде ақпаратты түсінеді, ал еңбек құралы ретінде ЭЕМ-ді (компьютер) қарастыратын ақпараттық құралдардың бағдарламасын құру деп біледі.

Ал, Н.В. Макарова ақпараттық қоғамға компьютерді кіріктіру мен телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдану ақпараттық технологияның дамуының жаңа кезеңін айқындады, нəтижесінде «жаңа», «компьютерлік» немесе «қазіргі» синоним сөздердің бірін қосу арқылы оның атауының өзгеруіне алып келді. «Жаңа» сын есімі бұл технологияның эволюциялық сипатын емес новаторлық мағынасын білдіреді жəне ақпараттық технологияны ендірудің новаторлық мағынасы түрлі іс-əрекет мазмұнына елеулі өзгеріс ендіру сипатында қолданылады. Алайда, зерттеушінің ұсынысы бойынша «компьютерлік» ақпараттық технология ұғымынан гөрі «жаңа» ұғымын қолдану нақтырақ болар еді, себебі ол құрылымында компьютерді қолдануға негізделген технологияларды ғана емес, басқа да техникалық құралдарға негізделген, əсіресе телекоммуникациямен қамтамасыз ететін құралдарды сипаттайды. Пайда болған «Жаңа ақпараттық технология» ұғымы біртіндеп «жаңа» сөзінен айрыла бастады, ақпараттық технология ретінде ЖАТ-ға сіңірілген мағына қолданылды.

Ақпараттық технологиялардың коммуникациялық процестерді ұйымдастыру құралы ретіндегі рөлін Д. М. Джусубалиева, А.Уваров, Г. З. Адильгазинов тағы басқа ғалымдар қарстырған. Сондай-ақ көптеген ғалымдар «интерактивті технологиялар» ұғымын кеңінен қолданады. Ғалым А. Уваровтың пікірінше, интерактивті технологияларды адамға ықпал ететін жəне тез жауапты қамтамасыз ететін барлық ақпараттық технологияларға қолдануға болады, деген тұжырымын айтады. Оларға электронды оқулықтар, мультимедиялық бағдарламалар, Интернет on-line жəне off-line технологиялар, Chat-кеңес берулер мен Chat-сессиялар жатады. Өзара əрекет адам мен машина арасында (мысалы, ОЖ қолданған кезде), сонымен қатар телекоммуникацияны қолданатын (электронды почта, телеконференция, телемост арқылы ) адамдар арасында жүруі мүмкін. Осы мəселені зерттеуші ғалымдар Н.В. Апатова жəне Д.Ш. Матрос ақпараттық технологиялар құрамында бағдарламалық қамтамасыз ету, эксперттік жүйе, гипермəтін, мультимедия, микроəлемдер, имитациялық оқыту, көрсетілімдер болу керек деп есептейді.

Ақпараттық технологиялар педагогиканың аспектілерін білім, дағды, икемділік жəне біліктерді қалыптастыруда біршама қажетті мүмкіндіктерге ие, сонымен қатар білім берудегі электронды оқулықтар, мультимедиялық бағдарламалар мен Internet технологияларда маңызды болып табылады.

Ағылшын жəне американдық университеттерде болашақ оқытушыларды компьютерлік дайындаудың пайдалы, прагматикалық сипатының басым бағыттары көрсетілген, сонымен бірге «Компьютерлік сауаттылықтың бастапқы деңгейіне компьютерді үлкен жауапкершілікпен жəне қоғамдық мінез-құлық нормаларына сай қолдану мəселесін қалыптастыру қажет» екенін айқындаған, ондағы мақсат «соңғы кезде компьютерлік білім берудің негізгі мақсаты тəжірибелік білім беру, ал қоғам мəселелеріне еш назар аударылмайды. Компьютерлік сауаттылық – бұл ақпараттық технологияның ықтималды əсер ету күшін түсіну қажеттілігі, оның мүмкіндіктерімен танысу, сол арқылы оның қоғамға пайдасын анықтау».

Ж. Караев компьютерлік техника мен болашақ оқытушылардың өзара əрекетінің жағымды мотивациясын қалыптастыру оңай шаруа емес, əсіресе олардың жұмысының компьютерлендіруде саналы əлеуметтік-экономикалық қажеттілігі мен мəні бұл қажеттілік пен мəннің жеке-жеке тұлғасында түсінуімен сəйкес келмейді, сəйкесінше үгіт-насихат жұмыстарын қажет етеді, деген пікірін білдіреді.

1989 жылы Қоғамдық Ғылыми-əдіснамалық Кеңесінің Екінші Алқалық мəжілісінде қабылданған академик А.П. Ершов басқарған ғалымдар тобы ұсынған «Білім беруді ақпараттандыру тұжырымдамасында» басты орынға ақпараттық технология аймағындағы педагогикалық кадрларды дайындау мəселесі қойылды, «ақпараттық технологияны педагогикалық игеру» мағыздылығы аталып өтті, аталмыш ғалымдар оны былай түсіндіреді:

1) оқу процесінде АТ қолдану бойынша жалпы мəдени жəне əдіснамалық дайындау;

2) ақпараттық технологиялар саласындағы қажетті білімдер негізін меңгеру жəне оны істəжірибе жүзінде қолдану арқылы жеке тəжірибе жинақтау. Барлық факультеттердің мамандықтары студенттерінің кəсіби компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз ететін тəжірибелік оқу жоспарлары мен жаңа оқу пəндерінің бағдарламасын енгізген. Мысалға, Омск педагогикалық институтының проректоры М.П. Лапчик педагогикалық дайындықтың барлық құрамдас бөліктеріне компьютерлік бағдарлану негізіндегі болашақ педагогтың кəсіби дайындығын үздіксіз жəне кешенді болуының маңыздылығын атап өтті, аталған құрамдас бөліктер: психологиялықпедагогикалық, жеке-əдістемелік, ақпараттық, арнайы пəндік.

Отандық ғалым Г.К. Нұрғалиева атап көрсеткендей, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім беруді ақпараттандыру жұмысы бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру ұйымдарын компьютерлендіру, мектепті компьютерлік техникамен қамтамасыз ету; ақпараттық оқыту ресурстарын құру, қазіргі заманауи ақпараттық коммуникациялық жəне объектілі бағдарланған технологиялардың негізінде оқу бағдарламаларын құру деп көрсетеді.

1.3. Білім беруді ақпараттандыру

Білім беруді ақпараттандыру мәселесінің өзекті және маңыздылығы әр елдің зерттеушілерінің назарын аударуда. Құбылыстың кешенді сипаты, сондай-ақ, тез өзгеретін әлем мен қарқынды дамып келе жатқан технологиялар тұрақты ғылыми-зерттеу мен ізденістің пәні болды деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Білім беруді ақпараттандыру:

- ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, нормативтік, технологиялық және техникалық алғышарттарды зерттеуге бағытталған қазіргі ақпараттық жалпы бұқаралық коммуникация және ақпараттық қоғамның жаһандануына бағытталған педагогикалық білімдердің жаңа аумағы. [И.С.Роберттің ғылыми мектебі];

- Білім беру сферасын мақсатты түрде әдіснамамен, технолгогиямен, тәжірибемен және АҚТ-ны қолданумен қамтамасыз ететін ұйымдастырылған процесс [И.С.Роберттің ғылыми мектебі];

- Білім алушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерінің дамуына жасалатын жағдай, олардың тәуелсіз, өзін-өзі жүзеге асыруын қалыптаетыру, оқушылардың интеллектуалды әлеуетін дамыту үшін оңтайлы жағдай жасау үшін нақты білім беру қызметі ретінде АҚТ негізінде оқу. [С.В.Панюкова, А.Ю.Кравцова, В.Л.Латышев].

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:

- ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

- білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

- оқу - тәрбие процесінде жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми - ізденушілік және оқу - әдістемелік жұмыстарын жүргізу;

- мектеп пәндері бойынша жасақталатын жалпыға міндетті білім стандарттарының және оқу - әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерімен жетілдіру, білім беруді басқаруда ақпараттық жүйені құру;

- білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін программалық - техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;

- педагог жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуге дайындау және жүйелі түрде біліктіліктерін көтеру.

Білім беруді ақпараттандыруды моделдеуде ғылым мен практикада белгілі бір көзқарастар қалыптасты. Мысалы, мектепте оқытуда АҚТ-ны қолданудың моделі (ЮНЕСКО), ВЕСТА матрицасы (Ұлыбритания), мектепті ақпараттандырудың кластерлік моделі [А.Ю.Уваров], АҚТ-ны қолдана отырып, педагогикалық процестің функционалдық моделі [Е.О.Феофанова] және т.б. Бірақ, халықаралық сарапшылар [Д.Тильбюри, С.Жаноусек, Л.Денбай және т.б.], атап көрсеткендей, әр ел өзінің тарихын, зерттелініп отырған құбылыстың даму тәжірибесін экономикалық жағдайды, білім беру субьектілерінің қажеттіліктерін ескеруі тиіс.

Нормативтік-құқықтық қолдау білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат пен орта білім берудің болжамдық, мақсаттық қызметтерін атқарады.

Бұл өз кезегінде Заңдар, тұжырымдамалар, стратегиялар, білім беруді ақпараттандырудың мақсатты бағдарламалары, жалпы міндетті білім беру стандарттары, оқушылардың ақпарат құралдарына деген құзіреттілігі мен білімге, іскерлік пен дағдыға қойылатын талаптарды анықтайтын оқу бағдарламалары.

Мектеп деңгейінде, ақпарат құралдарын енгізу мектептің білім беру бағдарламаларында, оқу-тақырыптық жоспарларында, мақсатты бағдарламаларда, мұғалімдер мен оқушылардың электрондық портфолиясын қалыптастыру, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында көрініс беруі тиіс.

Мектеп жағдайында сандық білім қорлары мен компьютерлік техникаларды сатып алуға кететін шығындар, заманауи техникалық қызмет көрсету, ескірген техникаларды есептен шығару және т.с.с. индикатор ретінде атауға болады.

Мектепті ақпараттандыруды дамытудың маңызды критерийі білім беру мақсатарын шешудегі, білім мазмұнынын қамтамасыз етуде, педагогикалық процесті тексеру нәтижесі мен қызметті ұйымдастыру әдістерін жүзеге асыруда ақпарат құралдары заманауи педагогикалық мүмкіндіктерінің болуына орай инфокоммуникациялық инфрақұрылым болып табылады.

Инфокоммуникациялық инфрақұрылымның жиі қолданылатын индикаторы - компьютермен жабдықтау, бір оқушыға келетін компьютер саны.

Дамыған елдерде компьютерлендірудің басты көрсеткіші - электронды оқытудың «1 оқушы-1 компьютер»» моделі.

Бұл модель «әрқашан әржерде оқу» қағидасына бағдарланып, білім беруді тұлғалық-бағдарлау қағидасын жүзеге асыруға жағдай жасайды.

Бұл көрсеткіш Сингапурде іске асырылған, онда әрбір оқытушының мектеп есебінен берілген жеке ноутбугі бар.

Ақпараттандырудың маңызды көрсеткіші - мектептегі мультимедиалық кабинеттер саны. Мультимедиалық технология көптеген ақпараттарды гармониялы түрде, әр түрлі формада (дыбыс, видео, анимация) жинақтайды, оның оқыту үшін маңызы зор, оқушылардың жеке және психологиялық ерекшеліктеріне сай түрлі формада қолданылуы мүмкін.

Мектептің ғаламторға қолжетімділігін анықтайтын инфрақұрылым көрсеткіші маңыздылығы зор, егер оған қол жетімді болса.

Мектепте мектепішілік, ақпараттық - білім ортасын құрайтын ақпараттық – білім беру сайттары мен порталдардың болуы ақпараттандырудың жай-күйін анықтайтын маңызды индикатор болып табылады. Бұл өз кезегінде тұлғаның оқу-танымдық іс-әрекет аймағын кеңейтіп, білім беру процесі субьектілерінің интербелсенді режимде өзара қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатыны анық.

Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени да­мудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін, оқыту әдіснамасын жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызып отырғандықтан ұстаздар өз алдына мынадай мақсаттар қойды:

–ақпараттық құралдарды қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

– жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;

– жаңа технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;

– бiздiң елiмiздегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

– мультимедиялық электрондық оқулықтарды пайдалану.

– отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру және т.б.

Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.

Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.

Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде. Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың маңызы зор. Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген.

Жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз дүниежүзілік бәсекеге төтеп бере алатын, өндіріс өнімдерін өндіре алатыналдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне жоғары оқу орындарын көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесіне ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. Компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іскер азаматтарды тарту қажеттілігі және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті, электронды поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап екендігі белгілі.

Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютермен жұмыс істей білу емес, кез-келген ақпарат көзін – анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедияларды, теледидар бағдарламаларын, т.б. дұрыс пайдалана білу деген сөз.

II ТАРАУ.АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТӘРБИЕГЕ ЫҚПАЛЫ

2.1.Мұғалімдер мен оқушылардың ақпарат құралдарымен жұмысының психологиялық қырлары

Мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану психологиялық жəне педагогикалық тұрғысынан маңызды бірнеше мəселелерді туындатады. Мұндай аспектілердің бірі мұғалімдер мен оқушылардың мультимедиалық ресурстар мен компьютерлік техникамен қарым-қатынасының психологиялық қырларын анықтауда болып табылады.

Философияда жəне психологияда адамның іс-əрекетінде өңдеуші құралдарды пайдалануын, адамның дамуының негізгі шарттары жəне көрсеткiшінiң бiрi деп есептейдi.

Іс-əрекет құралдарын жетілдіру, оның мамандануы, шаблондық операцияларға бөлінуі жəне олардың əрі қарай автоматтануы жəне т.б., сонымен қатар онымен байланысты еңбекті бөлу адам өркениетін дамыту деңгейінің маңызды жəне айқындаушы сипаттамалары болып табылады.

Дəл осы үдерістер еңбектің өнімділігін арттыруға, өнімнің шығарылымын көбейтуге, оның сапасын жақсартуға, өзіндік құнының төмендеуіне жəне т.б белгілейді. Генетикалық іс-əрекет бастапқы формалары, субъекттің іс-əрекеті іс-əрекет құрылымы туралы біртұтас түсінікті құрайды, оған қатысты əрекеттер мен операцияларды орындай алады.

Бұл тұтастықты мамандандыру жəне автоматтандыру бөлшектейді, субъект өздері орындаған жеке əрекеттер нəтижесінде саналы түсінеді жəне іс-əрекетті бақылайды. Сондықтан кез келген өндірістік саланы автоматтандыру жағдайында бірқатар жұмысшылардың шығармашылық еңбегінің үлесін арттыру басқа жұмысшылар орындайтын жаңа іс-əрекет түрінің пайда болуымен сүйемелденеді.

Адамның ақыл-ой іс-əрекетін автоматтандыру ұзақ уақыт біраз ауқымды болды. Ежелгі Грецияда жəне Римде, арифметикалық есептеулер үшін қолданылған Абак XVIII ғасырға дейін батыс Европада пайдаланылды. Өткен ғасырда пайда болған электронды есептеуіш машина əзірше терең жəне жан-жақты теориялық тұрғыдан түсіндірілмеген, ақыл-ой іс-əрекетіне үлкен төңкеріс жасады. Ақпарат құралдарын қолдану нəтижесінде қоғамдық тəжірибені сақтау, қайта өңдеу жəне тасымалдау түпкілікті өзгерді, сондықтан ғалымдардың компьютерлендіру жəне қазіргі ақпараттық технологиялар адам психикасының фукционалдық жəне онтогенетикалық даму табиғатында жаңа кезеңді ашады деген тұжырымы дұрыс. Мұның нəтижесінде ақыл-ой іс-əрекетінің құрылымы мен стилінің өзгеруі мүмкін. Мұның салдарынан бір салада жұмыс істейтін мамандардың өзара қарым-қатынас жағдайларыда өзгереді.

Ақыл-ой іс-əрекетінен басқа ағымдағы компоненттерінен оқушыларды оқыту үдерісінде ақпарат құралдарын пайдаланудың келесідей психологиялық артықшылықтарын ерекшелеуге болады:

1. Визуализация. Графикалық ақпаратпен жұмыс, сонымен қатар белгілік материалдармен жұмыс көрнекілік ойлау ресурстарын мобилизациялауға мүмкіндік береді.

2. Ойдың сурет немесе схема түрінде материалдануын жылдамдатады.

3. Жағдайдың түрленген шаблондарымен компьютерден алынған нəтижелерді жылдамдату жəне арттыру.

4. Компьютер арқылы орындалатын іздеу əрекетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

5. Күрделі іс-əрекеттің аралық кезеңіне (компьютердің жадын қолдана отырып) қайта оралу мүмкіндігін береді.

6. Бір немесе бірнеше объектіні бірнеше көзқарас тұрғысынан бір кезеңде қарастыру, объектіні түрлендірудің бірнеше нұсқасын салыстыру мүмкіндігі.

«Адам-компьютер-мультимедиа-ресурс» жүйесіндегі оқушы іс-əрекетінде, жеке ақыл-ой əрекетінде басқа ойлау әрекеті қалыптасады.Бұл факт бақыланады. Мысалы, соңғы жылдары анықтаманы,дəлелдеуді жəне т.б. оның мағынасын түсінбей айтатын жəне бұдан ешқандай кемшілігі бар екендігін сезінбейтін оқушылар саны артты. Есепті бөлшектеп қарастырудан оқушы босайды да, яғни есепті шешу алгоритмі тек қана компьютерге «белгілі», мұндай жағдайда оқушы есептің шешу тəсілін іздеу үдерісінде кездесетін көптеген шығармашылық кезеңдерден өтпейді, бұдан шығармашылық іс-əрекетінің тəжірибесінің маңызды компоненттерін меңгермейді.Сондықтан жалпы орта білім беруде қазіргі ақпараттық технологияларды жəне мультимедиа-ресурстарын пайдалана отырып, адам мен компьютердің интербелсенді өзара əрекетінің «шығармашылық» деңгейі адамның интеллектуалдық деңгейі мен мазмұнымен анықталады. Бұдан адам мен мультимедиа-ресурстарды біріктіретін өзара əрекеттің негізінде тұлғалық білім жүйесі жататындығын білдіреді.Оқу іс-əрекетінде оқушылардың белсенділігі мен өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің артуы көп жағдайда оларда мультимедиа-ресурстарының тартымдылық жəне функционалдық мүмкіндіктері салдарынан туындайтын компьютерге деген тікелей қызығушылықтың бар болуымен байланыстырылады. Алайда, мұндай қызығушылықтың болуы əр кезде де болашақта оқу іс-əрекетіндегі шынайы мақсатқа жету құралы ретінде компьютерге деген жанама қызығушылықтың қалыптасуына кепіл бере алмайды.

Интернет желісінен жүктелген дайын жобалар, рефераттар, курстық жұмыстар жəне т.б. мультимедиа-ресурстар мектепте үйреншікті жағдайға айналды.Жалпы білім беретін жоспарда маңыздылығы төменірек топтық жəне жеке жобаларды даярлау кезінде мультимедиа-ресурстарын шамадан тыс көп қолдану белгілі бір қауіп төндіреді.Ал, енді, кейбіреулер үшін компьютер жай ғана қызықты ойыншық ретінде қабылдануы мүмкін, бұл кезде оқыту үдерісінде жиі кездесетін «ойынға тойған» оқушыларды да еске алуға болады.

Компьютер жəне мультимедиа ресурстардың пайда болуымен оқушылар мен мұғалімдер арасында жаңа қарым-қатынас түрі туындайды. Компьютер мен мультимедиа-ресурстары оқушыларды қалыптастыру мен дамытудың (тұлға ретінде, таным, практикалық іс-əрекет, қарым-қатынас субъектісі ретінде) қуатты құралы болуымен қатар, керісінше, шаблондық ойлау, іс-əрекетке деген формальды жəне ықылассыз қарым-қатынасты қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан да жалпы орта білім беруде мультимедиа ресурстарының келешегін қарастырған кезде пəндік оқытудың рөлі де, өз пəнін жақсы білетін жəне оқушыларының оқу-танымдық іс-əрекеттерін дамытуды басқара алатын мұғалімнің рөлі де төмен түсірілмеуі керек. Тек мұғалімді одақтас етіп, оны қарапайым мектеп сабағында қолдануға болатын арнайы мультимедиа-ресурстарымен,оларды қолдану əдістемесімен қаруландырып қана педагогикалық технологиялардың жаңа технологиялық негізінде ойдағыдай дамуға үміттенуге болады.

2.2.Оқушы тәрбиесіне ақпарат құралдарының әсері

Ұлы педагог К.Д.Ушинский «…қызығушылық туғызбайтын оқыту бірте-бірте оқушының білімге деген құштарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін күш-жігерін тәрбиелемесе мәнін жоғалтады» деген екен. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Сабақта ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Ұстаз ақпарат құралдарын қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе, сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.

Оқушылардың жеке басының дамуы шындығында, жеке тұлғаны әлеуметтендіру және мақсатты тәрбиелеу жағдайында жүзеге асырылады.

Оқушының даму құралы, оның әр түрлі іс-әрекет түрлерін (ақыл-ой, ойын, физикалық және т.б) қамтамасыз ете отырып, дербес белсенділіктің негізіне, баланың өзін-өзі тәрбиелеу формасының өзіндік жағдайына айналады.

Оқушыны дамытуда адамдар арасындағы бұқаралық коммуникацияның бір түрі болып табылатын ақпарат құралдары ерекше рөл атқарады. Балалар сәби кезінен бастап кездесетін ақпарат құралдарының ішінде компьютер жетекші орында.Мектепте орнатылған интернетке қосылған қарапайым компьютер балаларға келесі мүмкіндіктерді береді:

-электрондық пошта арқылы бүкіл әлемдегі жасөспірімдермен және оқытушылармен диалогқа қатысу;

-интернеттегі электронды конференцияларға қатысу;

-әлемнің кез-келген нүктесінде құрдастарымен қарым-қатынас жасау;

-онлайн-оқыту бағдарламаларынан қосымша түсініктемелер алуға ; Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз. Осындай жұмыс түрлерін қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады.

Ақпараттық құралдарды сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

- Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

- Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

- Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

- Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген сенімін қалыптастыруға көмектеседі;

- Тіл байлығын дамытады;

- Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

- Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді;

- Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді тұлғаны қалыптастырады.

Ақпараттану жəне қатынастық технологиялар оқушылардың оқудан тыс жəне сыныптан тыс жасалатын жұмыстарына қолданыла отырып, оқушының дамуында жоғары нəтиже көрсетуі мүмкін.Алайда олардың тәрбиесіне де әсерін тигізеді.Кез келген мектептегі оқудан тыс жасалатын жұмыстар оқушы өміріндегі маңызды элементтердің бірі жəне мұғалімдер мен оқу асқармасында да маңызды рөл атқарады. Осыған орай, бұл бағыт негізгі үш компоненттен тұрады:

- оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары,

- мұғалімдердің оқушылармен жасалатын сыныптан тыс

жұмыстары,

- сыныптан тыс жұмысты басқару жүйесі.

Білім беру мекемелерінде ең алдымен, білімнің сапалылығының артуы керек екендігін естен шығармаған жөн. Оның негізгі түрлі бағыттарының арасынан оқу барысында оқушы өзі қалаған бағытты таңдайды.Кез келген мектепте мұндай оқушы қалаған бағыттарды анықтауға арналған арнайы адамдар бар. Мысалы оқушымен сыныптан тыс жұмыс жасайтын мұғалім-тəлімгер, тəрбиеші, сынып жетекшісі, мектеп директоры басқармасы жəне т.б мамандар айналысады.Бұл мамандар оқушы мектептен тыс жерде, бос уақытта немен айналысатынына, немен шұғылданатынына аса көңіл бөлу керек. Үдеріс барысында оқушы қалауына бағытталған оқытудың əдістемелік құралы жасалып, оқушы сол əдістемелік құрал арқылы экспериментальдық-зерттеу мəселелерімен айналысуға мүмкіншілігі ашылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жұмыстың бірінші тарауында ақпарат құралдары туралы түсінік беріліп, ақпарат құралдарының зерттелуі мен Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде ақпараттық құралдарды пайдалану туралы кеңірек мәлімет берілді.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері білім беруде ақпараттық құралдар жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық құралдар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі.

«Ақпараттық технология» терминін академик В.М. Глушков енгізген. Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялалар» ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды.

Ал жұмыстың екінші тарауында білім беруде пайдаланылатын ақпараттық құрал түрлерін анықтап, мұғалімдер мен оқушылардың ақпарат құралдарымен жұмысының психологиялық қырларын, оқушы тәрбиесіне ақпарат құралдарының әсерін анықтадым.

Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алатынын аңғаруға болады. Сабақта ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болатынына тоқталдым.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласындағыдай тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында ақпарат құралдарын пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Шәдиев Қ.Компьютерді қолданудың педагогикалық мәселелері. Алматы,2013 ж -7 б.

2.Иманбаева А.Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру білгірлігі.Қазақстан мектебі, №2, 2013 ж, 36 б

3. Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2015, 46 б Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

4. 12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасы. Болашақ мұғалімнің кәсіби шығармашыл тұлғасын қалыптастыру. // Алматы 2014. — №4 (52). – Б. 4 6.

5.О.Тілеукенов. «Ұлт мектептерінің білім сапасын арттырудағы проблемаларды шешу жолдары» 2014 ж,27б

6. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2015 ж, 55 б

7 . Бұзаубақова Қ. Ж. Жаңа педагогикалық технология. – Тараз, 2013 ж, 78 б

8. Білімді ақпараттандыру жəне оқыту мəселелері: / Авторлар ұжымы: Е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б. Ғ. Бостанов / Оқулық. – Алматы, 2014. – 352 б.

9. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан

халқына Жолдауы. Алматы: 2008. - 44 б.

10. Қозыбай А. Топ жетекшісі (өндірістік оқыту шебері): Оқу құралы

А. Қозыбай, Н. Жексенбиева, К. Өстеміров. - Астана: Фолиант, 2010. - 160 б.

11. Педагогика: дәрістер курсы, Алматы «Print-S», Алматы,2005.-364с.

12. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 1998.

13. Жалпы педагогика. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Заң әдебиеті». Алматы, 2006. -228б.

14. Сағындықұлы Е. Педагогика. Дәрістер курсы. Алматы, 1999.

15. Баймолдаев Т.М. Білім беру жүйесін басқарудың әдіснамалық негізі: Білім беру ұйымдарының басшыларына және білім жүйесі қызметкерлеріне арналған. Монография. /Т.М.Баймолдаев. - Алматы, 2013. - 356 бет.

16. Сейталиев К.Б. Педагогика тарихы - Атырау, 2007.-336 б.

17. Педагогика тарихы. Оқулық: ҚазМемҚызПУ-Алматы, 2009.- 398 б.

18. Әбиев Ж. Педагогика тарихы: Оқу құралы. - Алматы: Дарын, - 2006. - 480 бет.

19. Әлемдік Педагогикалық Ой-сана. 10-томдық. 1-2 том -Алматы, 2009.- 400 б.

20. Кошербаева А.Н. История педагогической мысли в эпоху Центрально-Азиатского Ренессанса (X-XIV вв.).-Алматы, 2010.-200 с.



21.Селевко Г. К. Заманауи білім беру технологиясы. – М.: Халықтық білім беру,1998.

22. Харламов И. Ф. Педагогика //Оқу құралы. – 4-ші бас.,өңд. Және қосымша. – М.Гардарики, 2000.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет