Интерактивті әдістің мақсаты: жай ақпарат беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету,оқып үйрену жауап іздеуге бейімдеу.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу Интерактивті оқыту әдістерінің міндеттері:
оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауын жетілдіру
оқытудың икем-дағдыларды дамытуға бағытталу, ол деген Зерттеулер бойынша оқушылар "қолымен iстегеннiң 80 %, оқығанының 20%, естiгенiнің 10%, ғана есте сақтайды" екен. Атқа шабу дағдысын меңгеру үшiн, оны қалай жасау керектiгiн бiреудiң түсiндiргенi немесе оны кiтаптан оқып алу әлi жеткiлiксiз. Ол үшiн шындығында атқа мiнiп барып, дағдыларды меңгерген абзал. Бұлай болатын себебi, iскерлiктi практика жүзiнде дамыта отырып, бiз бiлгенiмiздi қайта өңдеп, оны әрекетке айналдырамыз.
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені белгілі: балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру,
"Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты” дайын білімді қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды роль атқарады. Ол үшін оқыту білімді балалардың өздігінен оқып-үйренуге бағытталуы керек.