Қорытындылайкеле интерактивті оқыту бір мезетте бірнеше сұрақтарды шешуге жол береді. Ең бастысы ол іскерлік қатынастарды және дағдыларды дамытады. Балалар арасында қызық та қызу контактілер құру, тәрбиелік маңызы зор. Өйткені командада (топта) жұмыс атқаруды үйретеді. Басқа біреудің ойын, пікірін сыйлауға жетелейді.Біз өмір сүріп отырған әлем үнемі жаңару үстіндегі ақпараттық білімдік орта, онда қарым – қатынастық және ақпараттық технологиялардың кірісуі білім беру үрдісінің қажетті деңгейіне қол жеткізуі тиіс. Сондықтан білім беруге қойылатын талаптар үнемі өзгеруді, қазіргі маман ақпараттық және қарым-қатынастық технологияны пайдалануға дағдылануға, ақпаратты тауып, өңдей білуі, шығармашылық пен ойлап, шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі тиіс.
Әдебиеттер:
ҚР «Білім туралы заңы».
Подласый И. Педагогика/новый курс. М., 2008