Жетісай ауданының аймақтық қауіпсіздігі



бет3/4
Дата26.04.2023
өлшемі21,53 Kb.
#175535
1   2   3   4
Байланысты:
Сымбатсм219к1 жетисай ауданы (1)

Әскери қауіптер


1994 жылы өмірге келген үлкен ұлы Ілясов Жүсіп Темірұлы Қазақстан Республикасы Түркістан облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесі Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы №3 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны. Жас жігітті қиын да қатерлі саланы меңгеруге жетелеген әкесі секілді әскери форма киіп, елді қауіп-қатерден қорғасам деген ізгі арманы болды. Арманын мақсатқа айналдырған балаң жігіт мектеп бітірген соң Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы бұрынғы Көкшетау техникалық институтына (қазіргі «М.Ғабдулин атындағы Академиясы») оқуға түсіп, 2016 жылы «Әскери іс және Өрт қауіпсіздігі» бакалавры маманды бойынша азаматтық қорғау лейтенанты шенін алады.
Басты мақсаты адам өміріне араша түсіп, төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылатын аталмыш сала қызметкерлері тілсіз жауды тұншықтырып қана қоймай күн сайын қауіп-қатермен бетпе-бет келетіндіктерін айтады. Мысалы, Жүсіп Темірұлының өзі жастығына қарамай 2019 жылы Түркістан облысы Арыс қаласы маңындағы әскери оқ-дәрі қоймасы жарылған кезде және былтырғы жылғы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай кезінде де елді мекен тұрғындары мен үй жануарларын эвакуациялауда және авариялық-құтқару жұмыстары мен өрт сөндіру жұмыстарына белсене қатысып, өзіне көп тәжірибе жинаған. Бұл қадамға Жүсіп мақтау есіту үшін емес, азаматтық борышын, адамгершілік ұстанымын орындау үшін барғанын айтады.
Екінші ұлы Іляс Жақып Темірұлы 1996 жылы дүниеге келген. 2014 – 2015 жылдары аралығында Алматы облысы Ұзынағаш ауданы, Ұзынағаш қаласындағы №28237 әскери бөлім қызметте жүргенде Қарағанды облысы елді-мекендерін су басу кезінде және сол жылғы шілде айында Алматы облысында болған лай көшкіні кезінде авариялық-құтқару, дамба көтеру және су қашыру жұмыстарына белсене қатысқан. 2016 жылдан бастап Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде диспетчер қызметін атқарып келеді.
Әке жолын таңдаған үшінші ұлы Жүніс 2020 жылдан бастап Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі Түлкібас ауданы, Састөбе елді-мекеніндегі №29 өрт сөндіру бекетінде радиотелефонист болып еңбек етуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет