Соңғы жылдары су тапшылығының әсерінен суармалы жерлердегі жер асты суларының көтерілуі, минералданудың жоғарылауы, жердің сорлану деңгейінің күшеюі байқалуда. Бұл өз кезегінде суармалы жерлердегі ауылшаруашылық өнімдерінің әр гектарынан алынатын шығымдылық деңгейін төмендетті. Әлбетте, мемлекеттің қолдауымен өңірдің суармалы жерлерінің мелиорациялық жағдайын ретке келтіруге біршама жұмыс қолға алынған. Мысалы, «Достық» каналынан су алатын екінші дәрежелі каналдар бетонмен қапталып, ондағы су реттегіштер жаңаланды. Бұған қоса, жалпы ауданы 70,3 мың гектар болатын облыстың үш ауданын қамтыған, оның ішінде Мақтаарал ауданында 39,7 мың гектарды құрайтын суармалы және дренаж жүйесін жетілдіру жобасын іске асыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Су шаруашылығын дамытуға бағытталған жобалар, ауқымды құрылыс жұмыстары келешекте өңірдің суармалы жерлерін сумен қамтып, жердің мелиорациялық жағдайын жақсартуға ықпал ететіні хақ.
Жәнеде Жетісай ауданында ауа райы жаз айларында қапырық болып келеді. Сол себепті мақта тұтанып кетеді ауа жетпей ыстықтан жанып кетеді, ауданда өрт сөндірушілер 15-20 минутта жетіп келеді.