Ғылыми жобаның өзектілігі. Ағылшын тілін оқыту ХХІ ғасырдың өзекті тақырыптарының бірі болып табылады. Ағылшын тілін оқу деген бұл – бәсекеге қабілетті болу. Сондықтан, ағылшын тілін үйрену үшін оқушылардың профиль жасау арқылы оқушылардың қажеттіліктерін, мақсаттары мен қалауларын түсінудің оңтайлы тәсілі. Бұл профильді құру арқылы оқыту тәсілін жетілдіруге және материалдарды әр оқушыға сәйкес келетін етіп бейімдеуге көмектеседі. Ол арқылы біз қоғамның дамуына үлес қосамыз және бәсекеге қабілетті боламыз.
Зерттеу нысаны.Болашақ оқу орталығының жылжымалы макеті арқылы оқыту процесін жүзеге асыру жолдарын қарастыру.
Ғылыми жобаның мақсаты: Сыныптастарына және өзімен қатарлас оқушыларға ағылшын тілін бойынша өтіп жатқан тақырыпты оқуға көмектесетін профиль (инстаграм, ватсап арқылы).
Оқу сапасын жақсарту және ағылшын тілін үйрену кезінде жақсы нәтижелерге қол жеткізу.
Міндеттері.
Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістерін жүзеге асыруға атсалысу;
Оқу профилі арқылы әр оқушының деңгейі мен мақсаттарын ескере отырып, жоспарлар құру;
Ағылшын тілін оқытудың инновациялық моделін құру;
Ағылшын тілін оқытудың инновациялық моделін ұсыну: сауалнама және талдаулар жасау.
Болжам. Ағылшын тілі бүгін күні халықаралық тілдердңң арасында бірінші орында тұрған. Бүткіл әлем ағылшын тілін меңгеруге тырысуда. Бірақ біреуге оңай, біреуге қиындықтар тудырады. Сондықтан да, ағылшын тілін бірінші өзім, сосын сыныптастарыма үйретудің инновациялық моделін құру арқылы оқуытуға тиімді әдістерді ұсыну және оқыту тиімділігін арттырады.
Ғылыми жаңалығы. Ағылшын тілін оқытудың инновациялық моделін құрудың ғылыми жаңалығы қолданыстағы оқыту жүйелерімен салыстырғанда айтарлықтай артықшылықтар беретін жаңа әдістер мен тәсілдерді әзірлеумен және енгізумен байланысты болуы мүмкін.
Ағылшын тілін оқытудың инновациялық моделін құру оқу нәтижелерін айтарлықтай жақсартады және процесті оқушылар үшін қызықты әрі тиімді етеді.