Алманы жұлып ал ” ойыны.
Мақсаты: Берілген жаттығу жүйкені тыныштандырып, босаңсуға мүмкіндік береді.
Жетекші қатысушылардан бір-бірінен алшақтау тұруын сұранады да: “Қазір біз бақшадан алма жинаймыз, олар өте биікте өсіп тұр, оң қолымызды барынша көтеріп бір-біріміздің артымызға тұрамызда, ішке терең тыныс алып алмаларды жұламыз. Енді тынысымызды жәйлап шығарып, алмаларды себетке саламыз.
Сіздердің сол жақтарыңызда тағы да екі өте үлкен алма тұр. Бір-бірлеріңіздің арттарыңызға тұрып алманы жұлып алыңыздар. Керемет! Ары қарай терең тыныс алып екінші алманы сол қолымызбен жұламызда тынысты сыртқа шығарып алманы себетке саламыз.
5-ші сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыстарды жинақтай келе, мынадай қорытындыға келдім:
1. Психолог ата-ана, мұғалім мен бала арасын жалғастырушы дәнекер болуға тиіс. Адаптациядан 5-сынып оқушыларының сәтті өтуіне барынша жұмыстар жан-жақты болуы қажет.
2. 5-сыныпқа жетекшілік етуге шешім қабылдаған мұғалімдер оқушылары 4-сыныпта оқып жүргенде-ақ сыныбына барып, сынып туралы мәлімет жинап, байланыс жасағаны дұрыс. Сабақтарына, тәрбиелік шараларына, ата-аналар жиналысына уақыт тауып кіріп, әр баланың жеке құжатын қарап, баланы жақын тану үшін сауалнама, тест, психологиялық тесттер, социограммалар, мінездемелер жинауы керек. Жылдың басында бала мұғалімді танып, қасына жүгіріп келу керек. Кім күтіп тұрғанын оқушы, кімді күтіп тұрғанын мұғалім білсе, қандай жақсы. Жыл басынан-ақ сыныпта тосырқау болмайды сонда.
3. Ата-анамен жұмыс болу керек. Күнделікті кейбір балалар толтырмайды. Себебі, ата-ана бақылау жасамайды. Сондықтан күнделікте баға мен ескертулер болуы керек деп есептеймін. Баладан әр мұғалім күнделікті талап ету керек.
4. Бір ауыз сөздің құдіретін бәріңіз де білесіздер. Педагогтар әр сабақ сайын баладан жылы сөздерін аямауы қажет. Қателеспейтін бала тәрбиелеймін деудің өзі қате немесе мен ешқашан қателеспеймін деп өзі туралы жоғары ойлаудың өзі мұғалімнің қателігі.
5. Оқу мен тәрбие – егіз. Айтайын дегенім бала тәрбиені мұғалімнің өзінен және сөзінен, жүріс-тұрысынан алады. Қарапайым мысал: өзі кешігіп келіп тұрып, балаға кешікпе деп ұрсудың әділетсіз екенін бала біліп тұрады да, мұғалімге деген құрметін жояды. Дөрекі сөйлеу, әдепсіз түсініктемелерден аулақ болайық. Тәрбиелік сөздер тек сынып сағаттарында ғана жүргізілмей, әр сабақ сайын айтылуы керек. Тәрбиесіз берілген білім – ең қауіпті нәрсе.
Қорыта айтқанда, зерттеу бойынша 5 сыныптағы балалардың мазасыздану деңгейлері, танымдық үрдістерінің даму деңгейі анықталды.
Балалардың танымдық процестерін дамытуда, мазасыздану деңгейін төмендетуде ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғаса береді.
Достарыңызбен бөлісу: |