Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктерінің көрініс беру мәселелері. Мазмұны



бет2/3
Дата19.02.2017
өлшемі0,74 Mb.
#10551
1   2   3

Сондай - ақ тәуекел әсер ететін ішкі факторлар бар . Педагогтар оны білуі қажет ; бала өзін керексіз және қажетсіз сезіну , төменгі өзін-өзі бағалауы, өзіне сенімсіздігі , өзін бақылау және тәртіпке әкелу жеткіліксіздігі , түрлі жағдайды сынай қарауы , өзінің ойын еркін жеткиізе алмауы ,өзіндік ашылуы сезілмейді. Ресейлік ғалым Курен Н.С екі типті отбасында аддиктивті мінез- құлықтың пайда болатынын көрсетеді.

1 Ата - анасы мен балалары арасындағы қарым - қатынастың қатты бұзылған отбасында

2 Ата - анасының бірі делинквентті мінез - құлық көрсететін отбасы

И.Ю.Мангутова “ ана мен қыз ” конфликті диадын зерттей келе мына тұжырымға келеді : бәсекелестік стилді мінез - құлық “ ана мен қыз ” қарым - қатынасындағы корфликтіне тән

Б.Г.Ананьев , Л.И.Божович , И.С.Славина мұғалім мен бала арасындағы қарым - қатынас баланың ата - анасына және баланың құрбыларына қарым - қатынасын экспериментті түрде зерттеп көрсеткен. Балалардың мінез - құлқында қиындықтардың пайда болу себебі ,біріншіден , отбасы тәрбиесі десек , екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады. Жасөспірімдерде девиативті мінез - құлықтың қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді .Жеке адамның қалыптасуына тұқымқуалаушылық ,орта және тәрбие факторларының әсер ететіні белгілі. Соның ішінен девиантті мінез - құлыққа әсер ететін факторлар.

- әлеуметтік - педагогикалық қараусыздық баланы тәрбиелеуде қажетті жағымды дағдылардың, білім және іскерлік дұрыс берілмеуінен , онда жағымсыз стеротивтер қалыптасады. Бұл мектептегі , отбасыдағы және қоғамдық ортадағы тәрбие кемшіліктерінің бала дамуына әсер ететіні арқылы айқындалады.

- психикалық терең жабдықталмау, отбасында психологиялық ахуалдың жағымсыз орнауынан , ата - аналарда мен отбасы мүшелері , мұғалім арасында өзара қатынастың қолайсыздығынан (әділ болмау, дөрекілік, мейірімсіздік ) баланың оқуға деген ынтасын төмендетеді , сондай-ақ құрбы - құрдастарымен қарым - қатынасқа дұрыс түсе алмайтын болады.

- денсаулық және психикалық жағдайының дамуы мен бұзылуы , жас ерекшелік дағдарысы , мінездегі акцентуация , түрлі физиологиялық және психоневрологиялық себептер жатады . Сонымен қатар балалардың ата-аналармен ген арқылы берілетін қасиеттер. Мысалы, ішкіш ата -аналардан туған балалар бойындағы дефект және т.б. психологиялық қысым көруден пайда болған ауытқу. Мысалы , конфликтті жағдайлар, қоршаған ортаның химиялық әсері және т.б физиологиялық дефект бар балалар.Сөзінде, сыртқы көрінісінде кемшілігі бар балалар.Олар өз құрдастары арасында дұрыс қарым - қатынаста бола алмайды.

- сыртқы жане ішкі белсенділікті шығаруға шынайы жағдайдың қарастырылмауы : пайдалы іс - әрекет түрімен шұғылданбау,балада әлеуметтік маңыздылықтың , жеке мақсат пен жоспардың болмауы .

әлеуметтік-психологиялық бейімделмеу негізгі бақылаусыздық , онда әлеуметтік және жекелік құндылықтың жағымсыз жағы қарастырылады,қоршаган ортаның кері әсері.

- Психологиялық факторлар – бұл , балалардың жүйке жүйелерінің ауру болуымен байланысты . Мұндай балаларға псхотерапевттің көмегі қажет болады . Баланың өсу барысында психологиялық дамуында жаңа қасиеттер пайда болып отырады . Бала екі түрлі қасиетке дағдыланады : бала өзі өмір сүретін ортадан біртіндеп аулақтап , бөлектенеді немесе бала біртіндеп қарым - қатынас арқылы өзі өмір сүретін ортаға сіңіп кеткді.

- Әлеуметтік - экономикалық фактор – бұл ,әлеуметтік теңсіздік арқылы анықталады . Бұл қоғамдағы бай мен кедей болып адамдардың бөлінуіне байланысты .

- Моральдық - этикалық фактор. Бұл ,бүгінгі таңдағы адамдардың құндылықтарының материалдық бағытқа ауысуы арқылы , рухани құндылықтардың бағынбауының әсер етуі арқылы анықталады.

Меніңше бұл жерде , жетекші рольде әлеуметтік - психологиялық бақылаусыздық , себебі тәрбиеде немқұрайдылық , қарым - қатынаста назардан тыс қалу балада жалғыздық сезімін тудырады , өзін керексіз санайды .Осындай әлеуметтік жағымды тәжірибенің жоқтығы , әлемтану мен құндылық бағытын , этикалық нормаларды , эстетикалық сезімді дамытпайды . Осыдан барып балада үлкенді сыйламау, шеттелу, қажетсіз сезіну байқалады. Қазіргі жеткіншек микроортасы жағымды деп қарастыра алмаймыз себебі : қоршаған ортада, аулада және үйде түрлі мінез - құлықтың бұзылу түрлерімен кездеседі , оған әлеуметтік , мәдени , экономикалық факторлар әсер ететіні белгілі. Тұрмыстық идеология негізі қоғамды ырықтандыру процесіне әкелуде. Күнделікті әңгімеде беделге жету жеке құндылықтар негізінде емес заңсыздық және құқық бұзу деңгейінде жеткені туралы көп қозғалады , ол тек материалды тұрғыда табысқа жетумен қатар қоршаған орта құрылымына енуі және қоғамдық лауазымды қошеметіне жетіп отырғаны баяндалады . Жас жеткіншектің идеалды әлеуметтік және жекелік құндылық бағыттарына кері әсерін тигізетіні сөзсіз . Кейде адам әлеуметтенудің құрбаны да болып кетеді. Ол әлеуметтену нәтижесі адамның ішкі сезімдері мен жан дүниесіне қайшы келгенде орындалады .Өз ойымды білдіре кетсем,мысалы,бала жеткіншек жасқа дейін сабақты бестікпен оқып жүрген .Ал жоғарғы сыныпқа өткенде,ол белгілі жағдайларға байланысты басқа сыныпқа немесе мектепке ауысты делік.Ал оның жаңа сыныбында қиын жеткіншектер.Бәрімізге белгілі жеткіншек жаста бәрінен бұрын құрбыларының көзқарасы маңызды рөл атқарады .Сонда бала “беделді” сыныптастарының көзқарасы маңызды болғандықтан,ол сабақты,қызығатын үйірмелерін тастап, “беделді” топқа қосылуға мәжбүр болады.Ал қосылмаса құрбы , сыныптастарының “оқымысты”, “ботаник”, “ақылды” т.б мазақ , күлкі сөздерге қалады.Ал жеткіншек үшін бұл топтан шығарып тастау деген сөз . Яғни , ол аутсайдер болады . Сондықтан бала өз қызығушылықтарынан бас тартуға мәжбүр болады . Яғни , әлеуметтің құрбаны.

Әлеуметтену процесінің тиімді жүзеге асырылуы – бұл , адам қоғамға өзін бейімдеп отыра алса , сонда ғана болады . Ал , егер адам қоғам өзгерістеріне сай пайда болған жаңа талаптарға сәйкес бейімделе алмаса , онда ол әлеуметтенудің құрбаны болып табылады .Мысалы , қазіргі уақыттағы жұмыссыз жүрген адамдарды алайық . Олар өз кезінде жаксы маман иелері болған . Бірақ , бүгінгі күннің талабына сай келмей қалуына сәйкес яғни оған қоғам талаптарына сай өз мүмкіндіктерін жетілдіріп , дайындалмауынан әлеуметтену құрбанына айналып отыр .

Сонымен қатар адам қолайсыз жағдайлардың да құрбаны болуы мүмкін. Мысал келтіре кетсем , ата - анасы ішімдікке салынып кеткен отбасындағы балалар , медициналық қателіктің нәтижесі , экологиялық орта және т.б. да баланың қалыптасуында оның әлеуметтену құрбаны екендігін көрсетеді .

Мектеп жасына дейінгі кезеңде ауыршаңдық , травма алу , отбасындағы жоқшылық , кедейшілік те кейде әлеуметтік ауытқуға алып келеді. Бастауыш мектеп жасындағылар кезінде ата - анасының ішімдікке салынуы , өгей әке мен шешенің болуы , тәрбиеде дұрыс қамқорлықтың болмауы баланың дұрыс емес дамуына , тілінің дұрыс дамымауына әкеліп соқтырады .

Сондай - ақ , ата - аналардың ажырасуы , мұғалімнің қатал қарым-қатынасы бала дамуына , яғни әлеуметтенуінде үлкен роль ойнайды.

Сонымен адам әлеуметтену процесі кезінде оның объектісі де , субъектісі де және құрбаны да болады екен . Соның ішінде әсіресе мақсатты бағытталған тәрбие процесінің мәні зор . Әлеуметтенудің тиімділігі көбінесе тәрбиенің гумандық бағытының негізгі принциптерін бірізді де жүйелі жүзеге асыруына байланысты болады. Сондықтан қазіргі таңда мектепте еркін ортаны қарастыру баланың жағымды әлеуметтік тәжірибе жинауына бар қажетті мүмкіндіктерді жасау . Бала келешекте кім болады , іштей кімге еліктейді , идеалды жүзеге асыру үшін қандай жоғары адамгершілік принциптерімен ізгілік құндылықтарын меңгеру керектігін біртіндеп қарым -қатынас жасау барысында қалыптастыру қажет.


1.2. Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының белгілері.

Жеткіншектік кезең – адамның қалыптасуындағы ең күрделі кезең. Әсіресе осы жаста адамның мінез - құлкы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне , осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды .Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады

. - Ата - анамен келіспеушілік жағдайда болу



- Мектептегі қиындық пен сәтсіздік

- Тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату .

Отбасындағы жақсы қарым - қатынасты жоғалту , мектептегі сәтсіздік , келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Ендеше осы үш элемент : отбасы , мектеп , құрбы - құрдастар тобы – барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы. Олар кәмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады.

Демек , жас баланың мінез - құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді , солай болғандықтан оның көп қырлы , жан - жақты болуы отбасына байланысты. Ал педагогикалық әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік оқу жүйесіндегі сәтсіздің , аномалді мінез - құлықтың қайнар көзі болып табылады.

Жеткіншектің мінез - құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды , олар физиологиялық ауытқулардан емес , отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады . Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез - құлық деп аталады.

Девиантты мінез - құлықта жеткіншек агрессивтілікпен көзге түседі. Жеткіншек мінез-құлығындағы агрессивтілік ішімділікпен тікелей байланысты. Ішімділікке бейімділікпен нашақорлыққа құмарлық жеткіншектің девиантты түрдегі өмір құрылымына сіңіп кетеді . Жеткіншек тәртібі агрессивті күйде болса , онда ол “ қиын ”балалар қатарына жатады.

Қандай қоғамда болмасын , тіпті дамудың қандай сатысында болса да өзіне ерекше назар аударуды қажет ететін адамдар кездеседі. Олар дене жағынан немесе психологиялық , әлеуметтік жағынан ауытқулары бар адамдар болып табылады . Ондай адамдар қашан да басқада адамдар тобынан ерекшеленіп тұрады . Бүгінгі таңда кейбір адамдардың қасиеттері мен мүмкіндіктері қалыпты жағдайға сәйкес келмейді деп айтуға болады.

Қалып (норма) ұғымы медицина ғылымында кеңінен қолданылады. ”Қалып” ұғымының қиындығы оның терминдік түсінігінде ғана емес , мазмұнында да. Мысалы , адамгершілік нормаларының өзі әртүрлі болады. Тіпті адамдардың мінез - құлқының нормалары да заман ағымына қарай әртүрлі болады. Олай болса ,” қалып ” , ” қалыптанан ауытқу ” ұғымдары өте үлкен маңызға ие . Ол баланың әлеуметтік мінез - құлқының даму процесін сипаттау үшін қолданылады. Баланың нормадан ауытқуы кейде оның ақыл-ойы жағынан кемістігі болып саналса , кейде ол талантты болуымен айқындалады. Әлеуметтік педагогикадағы “ қалып ” және ” ауытқу ” ұғымдары жоғарыдағы екі жақты ұғымдарды айқындап беруде қолданылады.

Кез - келген ауруды таза күйінде қабылдауға болмайды. Олар аралас күйде кездеседі. Мысалы , әлеуметтену процесінің құрбаны болған балалар денсаулығын бұзып алады . Ондай жағдйда әлеуметтік ауытқу мен дене жағынан ауытқу бірге жүзеге асып жатыр деген сөз.

Қиын бала ” дегеніміз кім ? Осы бір сұрақ көптеген ата - ана мен педагогтарды , жалпы жұртшылықты жиі толғандырады және бір сөзбен жауап бере салу жеткіліксіз , өйткені баланың “ қиын ” аталуы аз ғана уақыттың нәтижесі емес.



Қиын бала ” , яғни тәрбиесі қиын бала - әлеуметтік назардан тыс қалған бала . Бала отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстайды , үлкендермен , кішілермен қалай қарым - қатынас жасауды үйренеді . Ата - анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, қайырымдылық пен жылылықты сырттан іздейді.Осының әсерінен олар көшедегі жат қылықтарды бойына сіңіріп алады. Көшедегі кездейсоқ топтарға еліктеп, баланың ішімдік ішуге, темекі шегуге , дөрекі сөйлеуге , құмар ойындарына қызығушылықтары артады . Мұғалімге қарсы сөйлеу ,ата-анаға бағынбау, сабақтан қашу сияқты жат қылықтар осының нәтижесі болып табылады.Меніңше,осы наразылық көрсету арқылы жасөспірім өзіне назар аударттырады.Кейде ол наразылықты әдейі істейді.Яғни,ата-анасының көзқарасы , шешімі дұрыс екеніне келіссе де жеткіншекпен ой бөліспегені үшін , оның көзқарасын сұрамағаны үшін қарсы наразылық білдіреді.

Мінез - құлқында ауытқулары бар оқушылар білім деңгейі төмен , тәртібі нашар ,сабақтан көп қалатын,мұғалім талабын орындамайтын , адамгершілік деңгейі төмен , құрбыларымен тіл табыса алмайтын , сынып мәселелері қызықтырмайтын , ал кейде психикалық дамуы ,ойлау қабілеті кейін қалған , ашуланшақ ( әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан , тәрбиеге әрең көнетін ) жеткіншектерді қиын балалар қатарына жатқызуға болады.

Жүйке аурулары ( невроз ) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін . Мәселен , кей оқушылар ата - ана тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп , осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың , мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып , ұзаққа созылған қайғыру , ренжулер болса , осындай жағдайлар ауруларына шалдықтырып , баланы ашуланшақ , ызалы қалыпқа түсіреді .Ата - ана тарапынан , мектеп қабырғасынан жылылық сезінген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп , уайымға шалдығады , кей оқушылардың ұйқысы бұзылып , түнде қорқынышты түстер көріп , иммунитеті төмендейді.

Мінез - құлқында қиыншылығы бар девиантты мінез-құлықтың бұзылуының ішіне

- гиперкинетикалық мінез-құлықтың бұзылуы

- мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінездің бұзылуы

- әлеуметтендірілмеген мінездің бұзылуы

- әлеуметтенген мінез-құлықтың бұзылуы

- делинквентті мінез-құлық

- ерте кезден ішімділік қолдану, наркомания

- девиациді сексуалды мінез-құлық

- тұлғаның психогенді патологиялық құрылымы

Гиперкинетикалық мінез - құлық , өз дегеніне жете алмау , оқуда табандылық көрсетпейтіндікпен , бала бір тапсырманы аяқтамай екінші тапсырмаға тез өтуімен көрініс береді .Мұнымен санасыздық , импульсивтік, үнемі келеңсіз жағдайға түсіп қалу , қоғам нормасына қарсы келетін көзқарастарды айтқаны .Үшін жазы алуымен байланысты. Ересектермен қарым - қатынаста аралықты сезінбеу , балалар оны ұнатпайды , олармен ойнаудан бас тартады . Кейде өзін өзі бағалауы төмен болуы да мүмкін .

Мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінездің бұзылуы , бұл әлеуметтік нормаға қарсы немесе агрессивті мінез - құлық ( қарсы шығу , дөрекілік ) көрсетуі. Мұны тек үйде ата - анасымен қарым - қатынаста , туысқан бауырларына көрсетеді. Кейде үйдегі заттарды ұрлау , заттарды қирату, бұзумен , яғни ,оларға қатыгездік істей , кейде үй өртеу.

Әлеуметтендірілмеген мінездің бұзылуы , бұл әлеуметтік қоғамда қалыптасқан нормаларды бұзу , балаларға қатыгездік істеумен көзге түседі. Және өз құрбы - құрдастарымен жақсы қарым - қатынаста болмауы , олардан шеттеліп қалуы , құрдастарының онымен дос болудан бас тартуы , беделінің болмауы , сонымен қатар достарының болмауы немесе олармен тығыз қарым-қатынаста болмауы .Әдетте үлкендермен қарым – қатынаста оларға қарсы шығады , қатыгез , жақсы қарым - қатынасы өте сирек болғанымен оларға сенбейді .Кейде көңіл күйінің бұзылуы қатар жүреді. Әдетте бала мен жеткіншек жалғыз . Бұл мінез - құлыққа бұзықтық , төбелес құмарлық , өзгенің затын , ақшасын тартып алу , қатыгездік зорлық - зомбылық көрсету , тыңдамау , дөрекілік тән.

Әлеуметтенген мінез - құлықтың бұзылуы . Мұның айырмашылығы антиәлеуметтік тұрақтылық ( үрлау ,өтірік айту,сабақ кезінде қыдыру, үйден кетіп қалу, дөрекілік ) немесе агрессивті мінез - құлық қарым-қатынасқа тез түсетін балаларда көрінеді. Олар жиі әлеуметтік нормаға қарсы топтар құрамында болады , бірақ кейде делинквентті емес топтар құрамында болады .Беделді ересектермен қарым - қатынасы нашар.

Аралас мінез - құлық көрсеткенімен , олардың басым көпшілігі ашу-ызақылық , депрессия белгілері көрінеді.Кейде үнемі депрессияда болады , қатты уайымда болу , қызығулылығының жоғалуы , ойын,тапсырмалардан ләззат алмау.Сонымен қатар , қорқақтық , өзін - өзі үнемі кінәлау.

Делинквентті мінез - құлық бұл қылмысқа жатқызуға ,соттауға болмайтын бұзақылық .Оларға сабақ кезінде қыдыру , әлеуметтік норманы бұзатын топтармен қарым - қатынаста болу , өзінен кішілерге , әлсіздерге күш көрсету , ақша тартып алу , велосипед , мотоциклдарды ұрлап айдап кету, үй заттарын ұрлау т.б. жатады. Мұның себебі - тәрбиенің жетіспеушілігінде. 30 % - 80 % делинквентті балалардың отбасы толымсыз , 70% жеткіншектердің мінез - құлқы күрделі бұзылған , 60 % -акцентуанттар . Ауруханадағы жеткіншектердің 40 % психозсыз делинквентті балалар. Олардың жартысында психопатияның белгілері көрінеді.Үйден кету , көшеде түнеу делинквенттіктің 3\1 құраса , 4\1 - ін – үйден кетумен ұсталған. Жеткіншек алғаш рет үйден жазалау қорқынышынан кетеді немесе жауап қайтару , өзін көрсету белгісі ретінде . Мұның мақсаты көңіл көтеру ; ата -ананың қатал талабына қарсы шығу ; жақын туыстарының жеткіншекке көңіл бөлмеуінен ; жаза қорқынышынан ; армандап , қиялданып кетуінен ; ата - ана бақылауынан , тәрбие , ескертулерінен құтылу үшін ; достарының нашар қарым - қатынасының нәтижесінен ; күрделі өзгеріске ,жаңа өмірге ұмтылу мақсатында болады.

Ерте кезден ішімділік қолдану, наркомания. Ішкілік наркоманияның басы болып саналады . Алкоголизация мен наркоманияның жартысынан көбі жеткіншек жастан басталады . Делинквентті жеткіншектердің 3\ 1 ішімдік қолданғандар жане наркотикпен де таныс . Ішкілікке салынудың түрткісі - белгілі топқа сіңісу , қызығушылық , ересек болуға ұмтылу немесе өзінің психологиялық күйін өзгерту мақсатында. Жеткіншек көңіл - күйін көтеру үшін ,сенімді ,өзін еркін сезіну үшін , әрі қарай жеткіншек ішімдікті жиі қолдана бастайды .Жеткіншектін бұл іс -әрекетін былайша түсіндіруге болады : аддиктивті мінез - құлықта алғашқыда психологиялық тәуелділік (“беделін”өсіру) болса ,ал содан кейін физиологиялық тәуелділік ( мұнда организм алкогольге үйренеді , онсыз тіршілік істей алмайды ) . Психологиялық тәуелділік - топта пайда болғанда (кез - келген кездесулерде ішімдік қолдану ) алкоголизмнің бастамасы болып табылады .Жеткіншектің ішімдік қолдануға себеп іздеуі немесе наркотик қолдануға , үнемі құрамында спирт бар сусынды іздеу ,бұл - ерте жастағы алкоголизмнің белгілері.

Девиацидті сексуалды мінез – құлық жеткіншек жыныстық қарым -қатынасқа шектен тыс ұмтылуы , бірақ онда жыныстық идентификация әлі толық жетілмеген .Сондықтан оның жыныстық мінезі ауытқиды .Әсіресе бұған жыныстық жетілуі тез немесе кеш жетіліп жатқан жеткіншектер шалдығады . Біріншісінің жыныстық қарым - қатынасқа деген құлшынысы әлеуметтік ересектілікке дейін пайда болады . Ал екіншісіде өзін көрсету үшін , өз құрдастарының сексуалды жағынан алды болуға шектен тыс ұмтылуы .Оның үстіне құрдастарынан қалып бара жатқан жеткіншек күлкі , мазаққа қалуы мүмкін .Жеткіншектердің секуалды девиациясы өмірлік жағдайларға байланысты.

Жеткіншек есейе келе және қалыпты жыныстық өмірге өткеннен кейін девиация толығымен жойылады . Ал жағымсыз өмірлік жағдайларда олар жаман әдетке айналып , қалыпты жыныстық өмірмен қалыптасып кетеді . Немесе қалыпты жыныстық өмір болмаған жағдайда секуалды девиация жаңарып отырады.

Физикалық жағынан жынысы жетілмегенге дейін жеткіншек жыныстық қарым - қатынасқа түссе , оны девиацияға жатқызады. Жеткіншектік промискуитет ( жігітін ( қызын ) жиі ауыстыру, жыныстық қарым - қатынаста да ) – секуалды девиация . Бұл көбіне ішімділікпен қатар жүреді. Кейбір жеткіншектерде өмірге деген қызығушылығының күрт төмендеуімен көрінсе . Кейбір жеткіншектерді пассивті түрде бағынушылыққа алып келеді .

Тұлғаның психогенді патологиялық құрылымы . Бұл жеткіншектің немесе баланың аномальды түрде есейуі : ата - ананың дұрыс тәрбие бермеуінен ; үнем бала психикасын бұзатын жағдайлар ; өмірлік қиындықтарды қатты уайыммен бастан кешіру ; ұзаққа созылған невроз ; сезім немесе дене мүшелерінің кемістігі ;созылмалы аурулар т.б ;

Жеткіншектердің дамуында бұрыс тәрбие үлкен роль атқарады , нәтижесінде жеткіншек қиын балалар қатарына қосылады.

Бүгінгі таңда мектептің негізгі міндеті - баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамассыз ету , оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып табылады .Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады .Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды , жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады . Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық , инабаттылық , сыйлаушылық , шынайы адалдық ,жақсы – жаманды айыра білушілік , алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса , ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық,өтірік айтушылық , өзімшілдік, беймазалық , ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады . Бала бойында назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге : өзіне - өзі көзбен қарап , мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділетті , әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамы мен іскерлігі жатады.Егер бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып , тәрбиемен ұштасса , бала қайырымды , байсалды , бір сөзді, батыл жүректі , табанды болып ер жетеді . Ал , бала бойында ынжық мінез қалыптасса , онда сылбырлық , жалқаулық , күйгелектік , қорқақтық , мылжыңдық мінездер пайда болады . Бала өскен сайын көп көріп , естіп білуге ұмтылады . Өз ойын айту , басқалармен достасу , пікірлесу сияқты мінез - құлық қалыптасады . Баланың дамып , нықталып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің маңызы зор.

Бала мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдары бар . Мектеп мұғалімдері “ қиын ” балаларға теріс көзбен қарайды . Олардың мұндай балалармен жұмысы келеңсіз , стимуляция әдісімен бүкіл сынып алдында жүйке жұқаратын әңгіме , жазалау , т.б түрінде жүзеге асады. Әдетте , бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже бермейді , керісінше “ қиын ” жеткіншектердің мұғалімге , мектепке кектенуі күшейе түседі және қарсы келуіне әкеліп соқтырады.

Мұғалімдер “ қиын ” жеткіншектерге деген өзінің кері көзқарасын жасырмайды , олармен кикілжіңге де келеді . Девиантты мінез - құлықта жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік профилактикалық іс - шаралар тұлғаға әсер ету ғана емес , түзету іс - шаралармен де шектелмейді. Жеткіншектің әлеуметтік дезадаптациясы кері әсерлі ортада сауықтыруды және әлеуметтік педагогикалық тузетулерді қажет етеді.

Кәмілетке толмағандардың девиантты мінез - құлқындағы профилактика мен ескерту қоғамның әлеуметтік , психологиялық қажеттілігінен туындайды .Жасыратыны жоқ , бастауыш сынып , жоғарғы сынып оқушылары арасында да адамгершілік тәрбиені іске асыруда қиындық келтіретін , оқуға және тәрбиеге көнбейтін нашар , қиқар оқушыларды жиі кездестіреміз . “ Қиын ” оқушылар отбасы , мектеп және жұртшылық тарапынан тәрбиеде жіберілген түрлі кемшіліктерден болса керек.

Жоғарғы сыныптарды “ қиын ” оқушылардың тәртіп , заң бұзылушылығын кездейсоқтық деп қарауға болмайды , ол оқушы бойындағы бұрынан бар екенін мойындауымыз керек.

Оқушылармен жұмыс істеу жан - жақты зертеуді , баланың бойындағы ұнамсыз әрекеттердің шығу себебін , тәрбиеленіп , өскен отбасын , мектептегі тәрбие жұмысының деңгейін зертеуді жан - жақты білуден бастау керек .Өкінішке орай,еліміз егемендік алғалы тәрбие мәселесінде белгілі бағыт - бағдардың болмауы , мектеп директоры мен жергілікті жерде білім және ішкі істер бөлімдерінің бірігіп жұмыс жасамау салдарынан “ қиын ” балалардың көбейгені жасырын емес. Қалаларда аудан - ауданға бөлініп , аудандық жерде көшелерге бөлініп балалардың төбелесуін немен түсіндіруге болады.

Қиын ” оқушылардың ата - аналары мектепке ата - аналар жиналысына келмейді , баланың тәртіпсіздігінен қылмыстарын естуден қашады .Кейбір ата - аналардың өз міндеттерін түсінбеуі , түсінгендерінің өзі менің балам “ судан таза , сүттен ақ ” - деп бетбақтырмауы бала тәрбиесінде қиындық келтірер үлкен кедергі.

Қиын ” балаларды тәрбиелеугеде спорттық шаралар мен әскери - патриоттық тәрбиенің де маңызы өте зор. “ Қиын ” балалардың үлгілі оқушылар санатына қосылуы педагогикалық ұжымның талмай еңбек етуінің арқасында жүзеге асатын үлкен жұмыстың айғағы екенін ата - ана мен ұстаздар қауымының дұрыс түсінгені жөн.

Қиын ” жеткіншектердің мектепке , жаңа топқа бейімделу мәселесіне тоқталсақ . Жеткіншек мектепке тез бейімделе алмаған жағдайда , мектептегі қиындықтар психиканы жарақаттайтын фактор ретінде көрініп , жеткіншектің эмоционалды жағдайының өзгеруіне әкеп соғады . Мектеп өміріндегі кез - келген қанағаттанбаушылық біртіндеп оның үлгеріміне әсер етіп , жүйке - психологиялық денсаулығының төмендеуіне әкеледі .



Баланың мектепке келгенде ерекше өзгешелігі оның мінез - құлқында көрінеді . Бейімделу процесін зерттеу үшін бағытталған бақылау әдісін қолдану керек .Онда жеткіншектің оқу белсенділігін , білімді меңгеруін , сабақтаға , қоңыраудағы мінез - құлқын , сыныптастармен және мұғалімдермен қарым – қатынасын , эмоционалды көріністерін бақылау қажет . Жеткіншектерді мектепке бейімделуіне қарай үш топқа бөліп қарастырсақ болады :

Бірінші топта бейімделуі аз және шиеленіссіз өткен жеткеншектер жатады. Олар үшін интеллектуалды қызметтің жақсы дамуы мен мектептік тәртіп нормаларын меңгеруге лайықты. Бұл топтағы балалардың көпшілігі тұлға типінің тұрақтылығымен , көпшілдігімен , адалдығымен , эмоционалдылықтың бір қалыптылығымен және өзін бақылау дәрежесінің жоғарлығымен сипатталады.

Ал екінші топқа бейімделудің кешуілдігімен бөлінеді. Психологиялық тексерулер жүргізгенде,оларда жағымсыз тұлғалық қасиеттері бар екендігі белгілі болады : алаңдаушылық , шиеленіс , өзін - өзі бақылаудың төмен деңгейі .Осы топтағылардың жартысынан көбінде интеллектуалды қызметі динамикасының бұзылуы бар болды.

Үшінші топта оқу жылының соңына дейін мектепке бейімделмеген жеткіншектер.Оларда сабақ үлгерімі төмен , жаман жұмыс жасауы , өзіне сенімділігінің жоқтығы , алаңдаушылық , шиеленіс , яғни , эмоционалды дискомфорт байқалды .Осы топтың бір бөлігі жоғарлы моторлы қозғыштықпен , танымдық қызығушылықтың төмендігімен сипатталды.

Негізгі көңіл мектепке бейімделу қиындығының сезінген 2 - 3 топтағы балалар бөлінді .Зерттеулер көрсеткендей , онтогенез процесінде балаға әсер ететін әлеуметтік және биологиялық жағымсыз факторлардың болмауынан , әр түрлі қиындықтардың себебі болып көбіне психологиялық дамудың жетіспеулігі екені белгілі болды . Жиі кездесетін бейімделу кезіндегі қиындықтар пайда болу себебіне әлеуметтік - педагогикалық бетімен кетушілік факторы жатады . Бұл бетімен кетушіліктің дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін және ол отбасындағы психологиялық жағдайға байланысты . Ата-аналарда білім деңгейі төмен болған кезде , бірінші кезекте баладағы танымдық сферасының қалыптасуы зардап шегеді . Мұндай балалар білім қорының аздығымен , ой - өрісінің тарлығымен көрінеді . Олар тапсырмаларды орындай алмай , салыстыру дағдысын талап ететін , жалпылау , әр түрлі өмірдегі жағдайларда бағытталу , заттар мен құбылыстарға дәлме - дәл анықтама беру сияқтыларды талап ететін тапсырмаларды орындай алмайды . Мұндай жеткіншектердің негізгі жетіспеушілігі – вербальды сферасының қалыптаспағандығы болып тұр . Сонымен бірге олар талаптанғыш , мектеп ережелерін жақсы орындайды , эмоционалды бір қалыпты .Осы оқушылардың тәрбиесіндегі басты қателік : мектепке дейінгі жаста интеллектуалды дамуы үшін стимулдары жеткіліксіз болған .Олардың өмірлерін ұйымдастырғанда бәрінен бұрын практикалық іс-әрекет ( мысалы , үй жұмысын орындауға көмек ) жағымды бағаланды . Ата - аналардың берген жоғары бағасы өзіне сенімділігін , ұқыптылықты , адалдықты қалыптастырып , бірақ ең маңыздысы – танымдық сферасы жүзеге аспай қалып қойды .

Отбасындағы мәдени деңгейдің төмендігінен , баладағы психологиялық дамудың кешуілдегенінен мұндай балалар мектепке үлгермейтін топтағы оқушыларға шарасыз енеді . Оқу материалын меңгерудегі пайда болған қиындықтар олардың толығымен бейімделу жолдарына кедергі жасайды . Мұндай балалар мектепке келгенде оқу сабақтарына үлкен қызығушылықпен қарап , мұғалімді көңіл қойып тыңдайды , қажетті білімді меңгеруге тырысады , яғни,мектептік мотивацияның жоғарлығымен көрінетіндігін атап өтуге болады . Мұғалімдердің мейірімді және сезімді қарым - қатынасы оларды пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі , біртіндеп мектепке бейімделе бастайды ,бірақ та басқа сыныптарға қарағанда бейімделу ұзақ мерзімде жүреді . Бұл топтағылар бейімделуі кешуілдегендерге , яғни екінші топқа жатады .

Кейбір жағдайларда ата - аналардың төмен білім деңгейіне баланың қараусыз қалуы , отбасы ішіндегі дау – дамайлар , алкоголизм сияқты жағымсыз әлеуметтік факторлар жатады . Мұндай отбасыдағы балалар мінез-құлықтың қарапайым дағдылары сіңбеген , оларда танымдық мотивтері қалыптаспаған және өз жұмысын дербес ұйымдастыру дағдысы жоқ , интеллектуалды кешеуілдікке тұлға дамуының дисгормониялығы қосылады . Осындай отбасынан шыққан қыздарға тұлға типінің инфантильдігі бар болатындығын айтып өту қызық , олар өздеріне сенімсіз , өзінің міндеттерін түсінудің болмауына байланысты сәтсіздіктерге қобалжымайды және мектептік мотивациясының төмендігімен сипатталады . Оларға мына сұрақтарға жауап беру қиын : ” Сен сыныпта кіммен достасасың ? ” , “Үлкейгенде кім болғың келеді ? ” және т.б. Мектептік тақырыптағы суреттерде оларда ойындық сюжеттер басым . Біздің мәліметтер бойынша , бұл қыздарға 1- ші сыныпта бейімделу процесі болмайды . Сондай балалардың суреттері орындаудың ұқыпсыздығымен ерекшеленіп , ұсынылған тақырыптан басқа олар өздерін көбірек қызықтыратын заттарды ( мысалы , машина , ұшақ және т.б ) салады .Олардың вербалды сферасының динамикасының бұзылулары қосылады . Алғашқы оқу жылының барысында олар мектептік ережелер мен талаптарды меңгере алмайды . Біздің зерттеулеріміздің мәліметтері бойынша мұндай балалар бейімделмеген оқушылар тобына жатады , яғни , 3 - ші топқа .

Баланың мектепке бейімделу қиындықтарының пайда болуына әкелетін басқа факторлар , яғни,жағымсыз тұлғалық сапаның қалыптасуы бәрінен бұрын тәрбиелеу амалының дұрыс еместігінен көрінеді . Мұндай балалардың ата - аналарының білім деңгейлері жоғары болуы мүмкін , балаға көп көңіл бөліп , баланың танымдық сферасын дамытумен шұғылдануы мүмкін . Бірақ та оларда балаға жағымсыз әсер ететін ата - аналарының арасындағы дау - дамайлы қарым - қатынас бар . Балалардың әрқашан үрейлі, қорқынышты жағдайда болуы тұлғаның эмоционалды , бір қалыпты емес типінің қалыптасуына әкеліп соғады : оларға алаңдаушылық , шиеленіс , әлеуметтік жасқаншақтық , өзіне де сенімсіздік сияқты сапалар тән .Оларда жоғары қызығушылық бар . Тапсырмаларды , жаттығуларды орындағанда , орынсыз асығыстық көрсетіп , көп қателіктер жіберіп , өз - өзін нашар баққылайды . Бұл жетіспеушіліктер мектеп тапсырмаларын орындағанда тікелей әсер етіп , орынсыз асығыстық жауап беруіне әкеліп соғады . Алдынғы атап өткен тұлғалық сапалар сыныптағы ұжымға кіруге кедергі жасайды . Бұл балалар бейімделуі кешеуілдеген топтың мүшелері ( екінші топтағалар).

Кейбір жағдайда жағымсыз тәрбиелеу әсері ата - аналар жағынан гиперопека түрінде көрінеді . Мұндай жағдайда балаларда тұлғаның инфантильді бітістері қалыптасады немесе өзін - өзі жоғары бағалау және доминантты болуға бейімділік пайда болады . Инфантильді балалар жасқаншақтығымен , тұйықтықпен ерекшеленіп , сыныпта “ изоляцияланған” топтағыларға жатады.Социометриялық мәліметтер бойынша , сыныптастары оларды таңдамайды және олар өздері де қарым - қатынас жасауға ұмтылмайды.

Өзін - өзі жоғары бағалайтын балалар жаңа ұжымға келгенде айналасындағылар жағынан ерекше көңіл бөлуді талап етеді , көш бастаушылық позицияны алуға ұмтылады , сондықтан да құрдастарымен әрдайым дауласып , келіспей қалады. Басқа жеткіншектерде де көбіне оларды қабылдамайды және өзінің жағдайына қанағаттанбаушылық оларда жағымсыз эмоциялардың , сыныптастарына деген қарым - қатынастың агрессивтілігінің пайда болуына әкеледі . Бұл жеткіншектер әлеуметтік жоспарда ұзақ уақыт бейімделе алмай , ұжыммен қарым - қатынас бекітуде қиындықтар сезінеді .

1.3 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқын айқындаудың өлшемдері.

Жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарды игерту арқылы сындарлы тәрбие беру психологиялық , педагогикалық және әлеуметтік қалыптасу компоненттерін қамтитын белсенді процесс.Ол процесс, жеткіншек ұрпақтың бойына сапалы адамгершілік қадыр - қасиеттерді сіңдіру барысында , олардың бойында қоршаған орта ықпалымен көрініс табатын жағымсыз , яғни девиантты мінез - құлықтан арылтуды және оның қалыптасу себеп - салдарын анықтап алуды да талап етеді .Педагогикалық әлеуметтік сөздіктерде бұл ұғым былай түсіндіріледі .Девиантты мінез-құлық- бұл балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қаса - қана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалу.Сондай - ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар , қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы ; Демек , жасөспірімдердің бойын ауытқымалы (яғни , девиантты ) мінез - құлық нышандарынан арылту арқылы олардың бойына қоғамымызда қабылданып , орнығып келе жатқан рухани жаңа құндылықты бағдарларды , соның ішінде әсіресе ең алдымен , ұлтжандылық , азаматтылықты , жоғары моральдық және адамгершілік қадыр - қасиеттер мен мұраттарды , өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет пен сыйластықты , қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормалардың талаптарын мүлтіксіз орындаушылықты қалыптастыру - орта мектептердегі оқу - тәрбие процестерінің негізгі міндеттерінің бірі саналады.

Отбасы . Бала . Мектеп .

Бала Бұл бір-бірінен ажыраусыз үш ұғым.Отбасы бар

жерде бала бар,бала бар жерде отбасы бар.Ата-

ана тарапына, мекпеп қабырғасынан жылылық

сезінбеген жасөспірімдер өмірде өзін ешкімге

қажетсізбін деп есептеп,уайымға шалдығады.

Ұзаққа созылған қайғыру, ренжу, жүйке

Отбасы Мектеп ауруларына шалдықтырады.

Мекпеп пен отбасы бала тәрбиелеудегі негізгі мақсатты қолданатын әдіс - тәсілдерді бірге ойлап , іске асырмау салдарынан , яғни әр түрлі талаптардан оқушы отбасының , мектептің ықпалынан шығып кетеді .

Ата - ана баласын еркелеткенде күнге , айға теңейді .Бала жүрегі ,бала қиялы бір әлем . Бала жүрегіне жол табылғанда ғана жұмбақ әлемінің сыры ашылады.Сонымен қатар , бала жүрегі сезімтал және нәзік . Кез - келген нәрсені тез қабылдайды , бірақ ақ пен қараны ажырата алмайды .Сондықтан әдептілікке жатпайтын әдептерден,лас ақпарат көздерінен сақтандыру қажет.

Жасөспірімдер арасында маскүнемдік соңғы 4 жылда 2,5 есеге өскен. 14 жасқа дейінгі балаларда маскүнемдік саны соңғы 4 жылда 21 есеге өскен . Спиртті ішімдіктерді ішудің нәтижесінде психикалық және іс - әрекеттік бұзылыстар бойынша психиатр дәрігерлерде 610 бала тіркелген.

Есірткіге тәуелділік 1500 - ге жуық жасөспірімдерде анықталып, 14 - ке дейінгі балаларда 385 - ке жеткен .Содан , 2007 жылы психиатрға алғаш көрінетін балалар мен жасөспірімдердің саны 30 мыңнан асады , ал жалпы бақылауға алынғандардың саны 310 мыңға жетеді . Бұл дегеніміз , әрбір 5 оқушының екеуінің психикасы өзгеріске ұшырайды деген сөз.

Девиантты іс - әрекетке ие балалар мен жасөспірімдер жағымсыз іс - әрекеттер мен қылықтар жасайды , сол себепті өз құрбыларының мұғалімдер мен ата - аналардың және жалпы қоғамның теріс көзқарасына ие болады . Олар өз құрбы-құрдастары арасында зорлық - зомбылық жасайды.

2002 жылды Елбасымыз анықталып , 14 - ке дейінгі балаларда 385 -ке жеткен болса , 2007 жылы психиатрға алғаш көрінетін балалар мен жасөспірімдердің саны 30 мыңнан асады , ал жалпы бақылауға алынғандардың саны 310 мыңға жетеді. Бұл дегеніміз , әрбір 5 оқушының екеуінің психикасы өзгеріске ұшырайды деген сөз.

Девиантты іс - әрекетке ие балалар мен жасөспірімдер жағымсыз іс - әрекеттер мен қылықтар жасайды , сол себепті өз құрбыларының мұғалімдер мен ата - аналардың және жалпы қоғамның теріс көзқарасына ие болады . Олар өз құрбы - құрдастары арасында зорлық - зомбылық жасайды .

2002 жылды Елбасымыз « Денсаулық жылы » етіп жариялаған еді. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде 1 млн 700 мың оқушы диспансеризацияланды , оның 45 әр түрлі патологияға шалдыққан балалар екені анықталған. Ең көп тараған ауру ол - асқорыту аурулары , бұл сырқатпен әрбір алтыншы оқушы ауырады. Балалар мен жасөспірімдер арасында психикалық және мінез - құлықтың өзгеруі сияқты аурулар көбеюде. Қазіргі таңда психикалық аурумен ауыратындардың әрбір төртіншісі -жеткіншек. Ересек адамдарға қарағанда бұл патологияның өсу қарқыны екі есе артық . Республикалық ғылыми - зерттеу орталығының мәліметі бойынша , әрбір сегізінші жасөспірім психика мен жүйке жүйесіне байланысты әр деңгейлі патологияға ұшыраған.

Негізі бала тәрбиесін үш топқа бөледі .Мамандар пікірінше , сәбиге деген ата - ана махаббаты ол жарық дүниеге келместен көп бұрын , ана құрсағында жатқан қүннен басталуы керек . Оны – жүрек тәрбиесі деп атайды.

Туылғаннан - 5 жасқа дейінгі аралықта берілген тәрбие – дүниетану тәрбиесі және адамгершілік әліппесі.

« Тәрбиенің негізі 5 жасқа дейін қолданылады , 5жасқа дейін жүргізген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл тәрбие процесінің 90 пайызы »,- дейді А.С.Макаренко. « Бес жасар баладан маған дейінгі қашықтық – он - ақ қадам. Ал , жаңа туған нәрестеден 5 жасқа дейінгі қашықтық орасан зор » деген ғұлама Лев Толстой.

Мектеп жасындағы 5 жастан 16 жасқа дейін азаматтық және адамдық тәрбие .Дүниеге ұрпақ әкелген соң , оған дұрыс тәлім - тәрбие беру - әрбір ата - ананың парызы .Бүгінгі бала – ертеңгі ел болашағы .Оларға саналы білім , тәлімді тәрбие беру тек мұғалім мен мектептің еншісіндегі нәрсе деп қарау - қателік.

Меніңше , мектеп жасындағы баланың адам болып қалыптасуы үшін мектеп пен отбасының таразы басын тең ұстау қажет .



Бала үшін ата - анасынан артық адам жоқ . Баланың бас ұстазы ата -анасы. Ендеше , әрбір ата - ана өз перзентін мәдениетті , адамгершілігі мол , білімді , ата -салтын , ана тілін қастерлейтін ұлтжанды адам етіп тәрбиелеу ата - аналық міндеті деп түсінуі керек.

Қорыта айтсам , мынау мектептің жұмысы , анау ата – ананың міндеті етіп бөліп жармай-ақ , жас ұрпақты келешек өмір , елдігіміз үшін бірігіп тәрбиелегенге не жетсін.

Қиын ” балаларды қайта тәрбиелеу мәселесіне тоқталып кетсек . Ең алдымен тәртіп пен заңды бұзуға бейім тұратын , сабақ үлгерімі нашар оқушыларды сынып және мектеп бойынша анықтау керек .Ол үшін , әр тоқсанда бір немесе екі пәннен үлгермейтін оқушыларды анықтап отыру қажет .Үлгермейтін оқушылардың барлығының тәртібі нашар болмас , алайда , қиын оқушылардың басым көпшілігі бірнеше пәндерден үлгермейтіні ақиқаты.



Сауалнама жүргізу арқылы “ қиын ” оқушылар мен педагогтардың қарым - қатынасын анықтап , оны жолға қою мәселесін шешу қажет . Зерттеулер көрсеткендей , девиантты мінезді балалардың басым көпшілігі бір немесе бірнеше мұғалімдермен шиеліністі жағдайда болады , ондай қарым - қатынас олардың түзелуіне кері әсер етеді.

Қиын” оқущылардың өз сыныптастарымен қандай жағдайда екенін анықтау және соған лайықты іс - шаралар жүргізу . Олардың көпшілігі өз сыныбында – басбұзар , ірітушілер және өзі сияқты бұзақылардың жетекшісі болып келеді . Ата-аналарымен және достарымен әңгімелесуі арқылы тәрбиесі “қиын” оқушылардың бос кездерінде кімдермен жүріп -тұратынын , қандай топтарда , орталарды болатынын анықтау . Себебі дәл сол бейресми топтарда болу арқылы олар темекі шегу , арақ ішу , құмар ойындарын ойнауды әдетке айналдырады.



Сонымен қатар , олар өзінен кішілерге әлім - жеттік жасауын , жануарларды қаншалықты жәбірлейтінін анықтау да олардың мінез -құлқының бұзылғанын көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген төрт көрсеткіштің екеуінің бар болуының өзі оқушыны тәрбиесі “қиын” балалар қатарына қосуға жеткілікті.

Анықталған тәрбиесі “қиын” оқушылардың тәртібі мен адамгершілік қасиеттерін дамытудағы ауытқушылықтардың себебін зерттеу және жеке басының психологиялық ерекшіліктерін зерделеу мәселесі бойынша, “қиын” балалардың “ қиындығы ” неде екенін білу үшін оның себебін табу керек . Біріншіден , оның жүйкесі мен психикасында ауытқушылық бар жоғын анықтап алу қажет . Мамандардың пікірінше , ондай ауытқушылығы бар оқушылардың 10 – 15 % жүйке немесе психикалық ауру жағдайына байланысты . Мұндай оқушыларды тәрбиелеуден бұрын емдеу керек .Сау балалардың адамгершілік қасиеттеріне қандай факторлар жағымды , ал қандай факторлар жағымсыз әсер ететінін анықтап алу үшін ақпарат жинау. Ол үшін әңгімелелер , бақылау , сауалнама жүргізу , құжаттарды зерттеу әдістері қолданылады .Олардың бәріне дұрыс талдау жасау дегеніміз – “қиын” балаларды анықтауда қателікке бой ұрмау жағын қарастыру болып табылады.

Қиын” оқушылардың отбасылық жағдайын өзгерту . Отбасының қиын жағдайы бала тәрбиесіне кері әсер ететіні бұрын да бірнеше рет дәлелденген ақиқат . Қалыптағы отбасыдан “ қиын ” бала шыға қоймайтыны белгілі . Алайда , Л.Толстой жазғандай “ барлық бақытты отбасылар бір - біріне ұқсамайтындай әрқилы бақытсыз ” , - қазіргі кезеңдегі әрбір жанұяның мәдениет , моральдық , материалдық деңгейіне байланысты балаларының тәрбиесіне дәл сондай әсер етуде.



Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтар ерекшеліктерінің көрінуі.

2.1 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлық ерекшеліктерінің айқындаудың әдіс тәсілдері.



Қиын” оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім.Мұның өзі “қиын оқушылар” санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Сондықтан “қиын оқушыларды” мұмкіндігінше ерте жастан –бастауыш кезеңнен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет.“Қиын оқушыларды” тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады.Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбинің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі өте зор.

Қазіргі кезде жеткіншек жастағы оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен , бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі.

Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін ең алдымен біз Оңтүстік Қазақстан облысы ,Ордабасы ауданы, “Көкарал ” мектебінің педагог және ата-ана ұжымынан,8 в және 9 в сыныбтарының оқушыларынан “Жеткіншектің девиантты мінез-құлқы” деген тақырыпта анкета жүргізуді жөн көрдік.Яғни , зерттеу жұмысымыздың мақсатымыз - “қиын ” балалар туралы ақпараттың ата-ана,педагог ұжымына ,оқушыларға қаншалықты мәлім енін анықтау.

Зерттеу жұмысы екі сыныпта жүргізуге негізделген.Оның 8 в сынып экперименталды топ , ал 9 в сынып бақылау тобы етіп алдық.Зерттеу жұмысына 8 в сынып оқушылары ,яғни 17 оқушы, 12 ата-ана және 14 мұғалім қатысты.

Анкета мына сұрақтарды қамтыды:

  1. Девиантты мінез-құлық дегеніміз не?

  2. Ол қай жасқа тән және неге ?

  3. Девиантты мінез-құлық белгілерін білесіз?

  4. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына әсер етуші факторлар

  5. Девиантты мінез-құлыққа тән іс-әрекеттер

  6. Девиантты мінез-құлық кезіндегі жеткіншектің ата-анамен қарым-қатынасы

  7. Педагог ұжымы,мектеп әкімшілігімен қарым-қатынасы

  8. Достары мен құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы.


Өкінішке орай,анкетадан алған нәтижеміз бізді қуанта қойған жоқ.Ата-аналардың жауабынан көбіне бұл мәселеге аса аудармайтыны ата-ана жауаптарынан белгілі болды . Ата-ана жауаптары : “Бұл “өтпелі кезең” болғандықтан” , “Уақыт өте келе өзі жойылады”, “Баламның әкесі кезінде осындай болған дейді ”, “Баланың қанында бар нәрсеге мен ешнәрсе істей алмаймын”, “Іздей берсең ауру көп”,“Аз білсең тыныш ұйықтайсың” деген жауаптар берілді.

Нәтиже төмендегідей болды :

Ата-аналар 20 %

Педагог ұжымы 43 %

Оқушылар 37 %

Бұл олқылықты түзету мақсатында ата-аналарға,педагог ұжымына және оқушыларға сауттандыру жұмысын жүргізуді жөн көрдік.Сауаттандыру жұмысында ата-аналар , педагог ұжымына және оқушыларға “Қиын”жеткіншектердің мінез-құлқы”тақырыпта баяндама оқылды.Баяндама мазмұнында ........

Сауаттандыру жұмысы тек баяндамамен шектеліп қана қоймай, қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып жатқан , жоғарғы сынып оқушылар арасындағы ,әсіресе қыздар арасындағы төбелес мәселесі туралы деректі фильм тамашаладық.Фильмнен соң осы мәселені әрі қарай талқыға салуды жөн көрдік.Бұл жердегі өзекті сұрақтар

* Жасөспірімдердің “ қиын ” бала қатарына қосылуы кім кінәлі ?



* Оған не себеп ?

* Тәрбие беруде кімнен қате кеткен ?

* “Қиын ” жасөспірімдердің отбасы , құрбылары , ортасы туралы көзқарасын

* “Қиын ”балан қатарына қосылған баланы қайта түзетуге болады ма ?

* Өз көзқарасың және ұсынысың деген мағынаны қамтыды.



Сонымен қатар сауаттандыру жұмысын біз дана қазақ халқымыздың мақал-мәтелдері талқылаумен жалғастырдық .Бұл мақал-мәтелдерді талқылауда көбіне ұлы ақынымыз Абай атамыздың қара сөздеріне сүйендік.Нақтырақ айтсам бесінші,алтыншы және жиырма тоғызыншы қара сөздер.Көбіне “ Адассаң көппен адас”мақалына көңіл аудардық .Бұл мақалды таңдап алған себебім,қазіргі таңдағы адасып жүрген қиын жеткіншектерге біле тұра қосыла адасатын жеткіншектердің қателік істеп жатқанына өз көзін жеткізу.Оның жарық болашағы болмайтынына көз жеткізу.Яғни,жасөспірім бұл жаста көбіне құрбыларының көзқарасына көп құлақ салады.Ал егер құрбылары “қиын” жеткіншектер болса ше ? Мұнда бала көбіне “бедел” , “абырой ” үшін құрбыларының қатарына қосылады . Ал бірақ жеткіншек құрбыларының ақымақтық істеп жатқанын біледі.Ол өз ғылымға , спортқа , өнерге деген қызығушылығынан бас тартуға мәжбүр болады.Өйткені ,құрбыларының көзқарасы маңызды .Ал жеткіншек ертеңін ойланды ма? Оның ертеңі бұлыңғыр емес пе ?
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын,

Түбін ойлап , уайым жеп айтқанмын.

Ақылдылар арланып ұялған соң,

Ойланып түзеле ме деп айтқанмын.

Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын ,

Бірінің бірі шапшаң ұқпас сөзін.

Көздің жасы ,жүректің қаныменен ,

Ерітуге болмайды ішкі мұзын.


Жұртым-ай ,шалқақтамай сөзге түсін ,

Ойланшы , сыртын қойып сөздің ішін.

Ыржыңдамай тыңдасаң нең кетеді,

Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін.


Адасып алаңдама ,жол таба алмай ,

Берірек түзу жолға шық ,қамалмай.

Не ғылым жоқ , немесе еңбекте жоқ .

Ең болмаса кеттің ғой мал таба алмай.


Қарап отырсақ бұл мәселе дәл қазіргі таңда пайда болған жоқ.Бұл проблема бұрынан бар .Мәселеге немқұрайлы,тіпті көңіл аудармағандықтан дәл қазіргі таңда қылмыстың 42% 16-17 жас аралығындағы жеткіншек, дүниежүзілік Денсаулық Сақтау сақтау ұйымының аймақты бюросының мәліметтері бойынша дүние жүзі бойынша 14 - 24 жас аралығындағы адамдар соңғы 15 жылда екі есе өскен.Ал өзіне-өзі қол жұмсаудан Қазақстан бірінші орында тұрады екен.Ол әсіресе ,15-18 жас аралығындағы қыз балалар арасындағы көп орын алатынын статистикалық мәліметтер дәлелдейді.Бұл осы мәселенің осындай дәрежеге жетіп отырғанын көріп отырсыздар. Статистика нәтижесіне қарап бұл шегі десекте болады. Жасөспірімдер арасында маскүнемдік соңғы 4 жылда 2,5 есеге өскен. 14 жасқа дейінгі балаларда маскүнемдік саны соңғы 4 жылда 21 есеге өскен . Спиртті ішімдіктерді ішудің нәтижесінде психикалық және іс - әрекеттік бұзылыстар бойынша психиатр дәрігерлерде 610 бала тіркелген.

Есірткіге тәуелділік 1500 - ге жуық жасөспірімдерде анықталып, 14 - ке дейінгі балаларда 385 - ке жеткен .Содан , 2007 жылы психиатрға алғаш көрінетін балалар мен жасөспірімдердің саны 30 мыңнан асады , ал жалпы бақылауға алынғандардың саны 310 мыңға жетеді . Бұл дегеніміз , әрбір 5 оқушының екеуінің психикасы өзгеріске ұшырайды деген сөз.

Сенбе жұрттқа , тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен , өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе ,

Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе .

Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,

Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?
Қайғы келсе қарсы тұр , құлай берме,

Қызық келсе ,қызықпа,оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де , түбін көзде,

Сонан тапқан – шын асыл , таспай көрме.

2.2 Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарын түзетуге ұсыныстар



Дана халқымыз “Аурудың алдын ал ” демекші кез-келген мәселенің пайда болмай тұрып жойған жөн . Дегенмен,қиын оқушының өзі бұзылған бала емес екенін ескеру керек.

Девиантты іс-әрекетті балалар мәселесі



Сондықтан тек мәселені анықтап , талдап қана қоймай жеткіншектерді түзетуге ұсыныстарды беруді жөн көрдік. “Қиын” бала тәрбиесінде мына жәйттерды ерекше есте ұстаған жөн .

- “Қиын” жасөспірімнің жақсы қасиеттерін анықтап арттыру, мадақтау. Белсенділігін , талпыныс , ынтасын қолдау.

- Спорт,өнер,техника ,қоғамдық жұмыстарға қызықтыру,қатыстыру.

- Мұғалім педагог этиканы сақтай отырып “ қиын ” жеткіншекті қадағалау , ар-намысына тимеу.

- Орынсыз жазаламау керек.






Кездесулер ұйымдастыру.

1.Тегін кеңестер беру.

2.Дөңгелек стол.


Қиын жеткіншекті түзету барысында төзімді,сабыр салқынды болған жөн.Қиын баланың саналы түсінгеніне сенім көрсетіп , әділетті болған абзал.Сонымен қатар,қиын баланың құр уағыз айтып ,мезі етіп , жанын жараламай , қателігін үнемі бетіне бастау керек.



Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасау,олардың жеке-жеке бақылап, әрқайсысына арнап жасалған жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу қажет.Тәрбиесі қиын жасөспірімдерді тәрбиелеу – ділгірлігі мол факторлы құбылыс, оны іс жүзінде асыруды ата-анаға көмектесу,психологиялық жағынан бақылау педагогтер мен психологтерге ,заң қызметкерлеріне жүктеледі.Өйткені , біздің ойымызша қиын бала тәрбиені ұйымдастыруға икемі жоқ отбасылардан шығады.

Жеткіншек кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орын оның “өтпелі”, “бетбұрыс ”, “қиын”, кезең деген атауларында бейнеленген . Бұл атауларда осы жастарда болатын , өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған . Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене , ақыл-ой , адамгершілік , әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өіне тән ерекшелігі болып табылады .Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымды , организмнің сана-сезімнің , үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастық, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің ,мүдделердің ,іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.Жеткіншек кезеңінің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді . Жасөспірімдік шақта олардың қалыптасуы саналады.Бұлай бағалау ,біріншіден ,осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты : бұл өзгеоістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін ,мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгеретін сипатта болады ; мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін , көбінесе күтпеген жерден болады да , даму процесі секірмелі ,қауырт сипат алады . Екіншіден , болып жатқан өзгерістер екінің бірінде , бір жағынан жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі субъективтікқиыншылықтардың болуымен қабаттасады,ал екінші жағынан ,оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады : онда тіл алмаудың қарсылық пен наразылық -тың түрлі формалары шығады(қиқарлық , дөрекілік , қарсылық, тұйықтық) .

Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзімдік “ мен ”сезімі пайда болады . Олар еркін жасауға құмар келеді .Тым еліктегіш болады .Жасөспірімдік шақта оларда өзін - өзі тануға күшті болады . Олардың өз көзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен қатар бұл кезеңде балалар отбасымен , мектептен оқшауланып , өз құрбыларының ықпалында болады .Олар әсіресе өздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді .Олар спорт секциялары , техникалық үйірмелер болуы мүмкін , тіпті ,темекі шегетін ,арақ ішетін орын ретінде үйлердің подвалдары болуы мүмкін. Бұл кезеңде балаларды ересектермен, әсіресе ата-аналармен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-аналарының тең құрдастай қарым - қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне кумир (пір) сайлап алады да, соған еліктейді. Басқа балалардан ерекшеленуге тырысады.

Қоғамда қалыптасқан мінез - құлықтан ауытқыған балаларды “қиын” немесе “ тәрбиесі қиын ” бала деп санау қабылданған тәрбиесі “қиын” балалардың әрекеті


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет