Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктерінің көрініс беру мәселелері.
Мазмұны:
Кіріспе
І Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарын айқындаудың теориялық мәселелері.
Девиантты мінез-құлық және оның пайда болу себептері
Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының белгілері
Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқын айқындаудың өлшемдері
ІІ Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтар ерекшіліктерінің көрінуі
2.1 Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлық ерекшіліктерінің айқындау әдіс-тәсілдері
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарын түзетуге ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Қоғамдық жаңарту кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл дегеніміз қоғамдағы мектеп, отбасы орны,оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап,2 - тармағында” Балаларына қамқорлық жасау жане оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы ” делінсе. [1.1] ” Қазақстан - 2030 ” бағдарламасында. ”Әкелер мен аналараталар мен әжелрдің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы ” туралы ескертілген. [2.1] Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті , саналы , иманды да ибалы, Отанының сүйікті жане кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек . Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек. Өйткені Қазақстанның болашағы келер ұрпақта болғандықтан жастардың психологиялық , физиологиялық денсаулығы халықтың өсімі мен сапасын анықтайды. Осы тұста келер ұрпақ тәрбиесінің салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы, мектеп тәрбиесі жайында қолға алынуы тиіс.
Өкінішке орай, қазіргі таңда болып жатқан қылмыс, бұзақылық , ұрлық , зорлық - зомбылық , жеткіншектер арасындағы суицидтың көбейуі, үйден кету, қыздардың жеңіл жүрістері , бастауыш сыныптағы балалардан ақша алу тағы басқа болып жатқан қылмыс айыптыларының басым көпшілігі 11 - 18 жас аралығындағы жеткіншектер екенін көрсетіп отыр. Дәлірек тоқталсақ, 14 жастағылар - 11% , 15 жастағылар - 7%, 16 - 17 жас аралығындағылар - 42%, көбіне көп 14 жасар балалар қылмыстық істерді топтасып жасайды. Ал қыз балалар тарапынан жасалған жалпы қылмыстың 5% құрайды. Бұл дегеніміз, қазіргі нарықтық қоғамдағы адамдар арасында қарым-қатынас пен психологиялық қысым, әсіресе, жас буын психологиялық денсаулығының бұзылуына алып келуде. Қазақстан Республиканың өзінде, тіпті әлемдік деңгейде халқымыздың психологиялық , физиологиялық денсаулығын сақтау адамзат алдында тұрған үлкен мәселе болып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының аймақты бюросының мәліметтері бойынша дүние жүзінде 14 - 24 жас аралығындағы адамдарда өзін-өзі өлтіру соңғы 15 жылда екі есе өскен.ҚР Агенттігінің статистикалық есебі бойынша Республикасы бойынша өзін-өзі өлтіру жағдайы тіркелген, оның ішінде 10 - 18 жас аралығындағы жастардың 154 - і ер балалар, 57 - сі қыз балалар. Ал өзін - өзі өлтіруден дүние жүзі бойынша Қазақстан бірінші орында тұрады екен. Ол әсіресе , 15 - 18 жас аралығындағы қыз балалар арасында көп орын алатынын статистикалық мәліметтер дәлелдейді. [3.1]
Сонымен қатар, әлеуметтік ортаның ықпалын былай қойғанда, тәрбиелі мақсатты түрде ұйымдастыратын әлеуметтік институттардың бірі мектептің өзінде жеткіншектердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін қадағалау қиынға соғып отыр. Оған дәлел, ең көп стресс алатындар мектеп жасындағы балалар екендігі анықталған. Мысалы, мектепке келген 1 - сынып оқушылар арасында 25 - 30% әртүрлі аурулар келсе, 11 - сыныпты бітіретін оқушылардың 80% - ы денсаулығын бұзып, әртүрлі диагноздармен мектеп қабырғасынан
шығады екен . [4.1]
Бұдан шығатын қорытынды, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым - қатынас және оқу еңбегінің мөлшерден тыс көптігі бала денсаулығының бұзылуына әкелетін көрсетеді .
Болашақ Қазақстан Республиканың азаматы дені сау, тәрбиесі түзу азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата - анасына, білім беретін мектеп қабырғасына және қоршаған ортаға байланысты. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, рухы білім, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады. Атап айтар болсақ , елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “ Қазақстан - 2030 ” стратегиялық даму бағдарламасында “ салауатты өмір салтын ынталандыру әрекеті , дене тәрбиесі мен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауға бағытталған ” – делінген [5.1]
Қазақстан Республикасының Конституциасында, “Адам мен адамзат” заңында, ”Білім туралы заңында” тәлім - тәрбие тұжырымдамасында да салауатты өмір сүруге ерекше басымдық беріледі.
Қазіргі кезде жеткіншек тәрбиесін қадағалау педагогикалық мәселе болып отыр. Отбасында өз баласын қандай етіп тәрбиелеуді өздері алдын-ала белгілейді. Отбасында өз баласын қандай етіп тәрбиелеуді өздері алдын-ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда жеткіншектің аз да болса өзіндік өмірлік тәжірбиесі, әдет , дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескертіледі. Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымда дамуы, қоғамдық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуі, өмір салтының өзгеруі тағы басқа отбасы тәрбиесіне оның құрылымы, қарым-қатынасының сипатына әсерін тигізіп отыр .
Зерттеу мақсаты : Жеткіншектердің девиантты мікез-құлық ерекшіліктерін айқындап ,оны теориялың тұрғыдан талдау
Зерттеу объектісі : Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктері.
Зерттеу пәні : Жеткіншектердің девиантты мінез-құлқын ерекшіліктерінің көрініс беру процесі.
Зерттеу міндеттері :
- Девиантты мінез-құлық пен оның пайда болу себептерін айқындау
- Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктерінің өлшемдерін көрсету
- Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктерін анықтап, оны түзету мен алдын-алуға ұсыныстар беру.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы : Диплом жұмысы мазмұнында қарастырылған жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшеліктері туралы теориялық материалдарда “Педагогика” “Әлеуметік педагогика” пәні мазмұны және жалпы білім беретін орта мектептегі тәрбие процесінде сынып жетекшілер жұмысында пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының базасы : Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы “Көкарал” мектебі алынды.Онда экспериментке 8 в және 9 в сынып оқушылары , жалпы саны 37 оқушы,12 ата-ана және 14 мұғалім қатысты.
Зерттеу жұмысының құрылымы : Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан , қорытындыдан , пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады .
Кіріспеде зерттеу өзектілігі,ғылы.......,диплом.......
Жеткіншектердің девианттық мінез – құлықтарын айқындаудың теориялық мәселелері” деп аталатын 1 – тарауда жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлықтарының пайда болу себептері,олардың белгілері және айқындаудың өлшемдері қарастырылған. Ал “Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтар ерекшеліктерінің көрінуі”деп аталатын кіріспенің 2-тарауында,жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлық ерекшеліктерін айқындаудың әдіс-тәсілдері және түзетуге ұсыныстар берілген.............
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарын айқындаудың теориялық мәселелері .
Девиантты мінез-құлық және оның пайда болу себептері .
Жеткіншек шақ – балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады. Ол анатомиялық , физиологиялық , интелектуалдық , адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады .
Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзімдік “ мен ”сезімі пайда болады . Олар еркін жасауға құмар келеді .Тым еліктегіш болады .Жасөспірімдік шақта оларда өзін - өзі тануға күшті болады . Олардың өз көзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен қатар бұл кезеңде балалар отбасымен , мектептен оқшауланып , өз құрбыларының ықпалында болады .Олар әсіресе өздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді .Олар спорт секциялары , техникалық үйірмелер болуы мүмкін , тіпті ,темекі шегетін ,арақ ішетін орын ретінде үйлердің подвалдары болуы мүмкін. Бұл кезеңде балаларды ересектермен, әсіресе ата-аналармен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-аналарының тең құрдастай қарым - қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне кумир (пір) сайлап алады да, соған еліктейді. Басқа балалардан ерекшеленуге тырысады.
Қоғамда қалыптасқан “ мінез - құлықтан ауытқыған балаларды “қиын” немесе “ тәрбиесі қиын ” бала деп санау қабылданған тәрбиесі “қиын” балалардың әрекеті девиация деп аталады. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына көбінесе тұрмыс жағдайының қиын әрі төмен болуынан. Жеткіншек кезеңде бала қалып пен ауытқудың ортасында болғандықтан бұл мәселеге тек педагог емес, сонымен қатар дәрігерлерде көңіл аудару керек.
Девиантты іс-әрекеттің нақты құбылыстарда айқындалуы
Ауытқудың пайда болыуына жеткіншектің дене құрылуының күрт өсуі, тәрбиенің шарттарына және әлеуметтік орта да әсер етуі мүмкін.
Жеткіншектің физикалық тез дамуы немесе кеш дамуы арқылы ол өзінің әлеуметтік бағасын анықтайды. Қоршаған ортаның оның сырт көрінісіне, физикалық дамуына айтылған сын, жеткіншекті аффект жағдайына апаруы әбден мүмкін. Жеткіншектің тұлға болып қалыптасу мәселесі “ жеткіншектер психологиясында” ең күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Бақылаудың нәтижесінде қарасақ балалық шақтан ересектік кезеңге өту қиындаған сайын , оның маңыздылығы арта түседі . Жеткіншек шақ эмоциялық тұрақсыздықпен, көңіл - күйдің тез ауыспалдығымен, қырсықтық , өзбеттілік, өз көзқарасын үлкендерге қарсы шыгу арқылы дәлелдеу тағы басқа іс әрекетпен көрініс береді .
Жеткіншектердің денесінің күрт өзгеруі, жыныстық мүшенің дамуы, қаңқаның тез өзгеруі, жеткіншектің санасының өзгеруіне алып келеді. Жеткіншек физикалық еңбекке шаршаңқы келуі мүмкін, немесе өз кемшіліктерін басқа саламен толықтыруы мүмкін. Жүйке жүйесінің , бұлшық еттердің қалыптасуы кешуілдегенде қозғалу координациясы бұзылады. Бұл қопалдықпен көрінеді. Жеткіншектің сырт көрінісі немесе қопалдығы туралы қоршаған ортаның айтылган сыны жеткіншекті ашу - ыза, тіпті аффект жағдайына апарады.
Акселерацияны ұшыраған балалар өздерінің ересек, күшті болғанына нық сенімді.Олар қоғамның құрметіне, мойындауына күреспесе де болады. Олардың өзіне өзі сенімділігі, қоршаған орта оларды өз көзқарасы бар тұлға ретінде қабылдауына әкеледі. Менің ойымша,бұл кезде жеткіншек өзінің сырт пішіні маңызды рөл атқарады.Акселерацияға ұшыраған бала өзінің ересектерге еліктегені тез іске асуда деп ойлайды.Оның бұлшық еті ,бойы,даусы өзгеріп,оны өзі және құрдастары нағыз ересек,ойы да жетілгентұлға ретінде қабылдайды.Осыған байланысты бұл жеткіншектер өздерін еркін ұстап, өздеріне аз көңіл бөлуді талап етеді. Ал шын мәнінде ол сырт пішіні ересектерше өзгергенімен,ішкі дүниесі әлі сырт пішініне сай емес. Ол әлі толық қалыптаспаған жасөспірім.Ал дамуы кешуілдеп өсіп жатқан жеткіншектер керісінше көп қажет етіп , өз “ мінезін ”көрсетіп тұрады. Өз “ кемшілігін ”білдіртпеу мақсатында, бұл жеткіншектер үнемі тапқырлық ,” қайсарлық ”, үнемі көпшіліктің ортасында болу және өзінің “жетістігімен” топқа керектігін, тіпті орын толмас екенділігін дәлелдеп отырады. Мұндай активтілік ортамен қарым-қатынас жасауда қиыншылықтарға эмоционалды қысымға келеді. Расынада , жеткіншек үнемі эмоционалды қысымда жүреді ,ал мұның өзі ауытқу. Яғни, девиантты мінез-құлыққа.
Жыныстық мүшенің даму да мінез - құлық өзгеруіне ерекше әсер етеді. Тез жетілген жағдайда жеткіншектің көңіл - күйі тұрақсыздықпен көрінсе, кеш дамып жатқан жеткіншектерде мінезінің өзгеруі, яғни ашушаң болу, үнемі қарсы шығу тағы басқа көрініс береді. Кешуілдеп дамыған жеткіншектер жай қимылдап, қопал болып, өзіне сенімсіз болады.
Көңіл күйдің тұрақсыздығы ер балаларды 11 - 13 жас, қыздарда13-15 жаста ерекше көрініс береді.
Сонымен қатар, бұл жаста қырсықтық , өзбеттілік көрсетеді. Жеткіншек өмірде өз орнын тапқысы келіп, өмірді өзгерткісі келіп , көбіне дүниеге деген көзқарасы өзгереді. Жыныстық бағыттылығы анықталады. Жеткіншектердің жыныстық мүшесі, әлеуметтік ересектіктен бұрын дамып бітеді. Әлеуметтік ересектілік біркелкі өтпейді. Ол оқуды бітірумен, материалдық тәуелсіздіктен немесе кәмілет жасқа толумен байланысты. Жеткіншек кейбір өмірлік салады өз қабілетсіздігін қиын бастан кешеді. Мысалы: Спортсмендер тобында жеткіншектің абыройы жоғары болғанымен, ол қыздар арасындағы қарым - қатынасы ересектерше болмауы мүмкін .
Жеткіншек өмір ағымына байланысты өз дүниетанымымен, әлеуметтік ролін : Оқушы , мұғалім , спорттың топ команданасының мүшесі тағы басқа иемденеді. Бірақта олардың сол ролді игеруі қиынға соғады . Кейде күрделі эмоционалды қысымға , мінез - құлықтың бұзылуына әкеліп соғады.
Девиантты (ауытқулы) мінез – құлық - деп, қазіргі қоғамда белгіленген ережеге сәйкес келмейтін, әлеуметтік мінез - құлықты айтады (И.А.Невский).Танымал социолог И.С.Кон анықтамасында , - “ Девиантты мінез - құлық ол психикалық саулық , құқық,мәдениет және адамгершіліктің әрекет жүйесі ретінде, жалпы бекітілген ережеден ауытқуы ” - деп қарастырды. Бейімделген мінез - құлық тұжырымдамасына сәйкес ауытқу процесі кез - келген бейімделуді бұзады ( психикалық , әлеуметтік , әлеуметтік - психологиялық орта ) Әлеуметтік ауытқуды С.А.Беличева “девиантты мінез – құлық ” деп төмендегідей топтастырды :
- пайдақор бағытта:құқық бұзу, материалды, ақшалай, мүліктен пайда табу ( ұрлық , алдау , жымқыру , сату , т.б. )
- агрессивті бағытта : жеке бас дамуына кері бағытталған қимыл (бұзықтық , соққы, тіл тигізу, өлтіру, зорлау )
- әлеуметтік - енжар түрі : әлеуметтік және жеке мәселелерді шешуде (жұмыс , оқу , нашақорлық , ішімдік және суицид ,белсенді өмір сүруден қашу , азаматтық жауапкершіліктен жалтару )
Бейсаналық мінездің сыртқы жағдайда көрінуі , ол ішкі ресурстың реттелуімен : әлеуметтік , адамгершілік бағыт және түсініктің өзгеруі негізінде қарастырылады .Сондықтан баланың бір жағынан мінез - құлқында белгі , дабыл , нышан пайда болуы және дамуы деп қарастырсақ , екіншіден жеке бас дамуына мақсатты әсердің құралы тәрбиелік әсердің сала көрсеткіші.
И.А.Невский , Л.С.Колесова тәжірибеде мектеп қызметкерлеріне экспертті сұрақнама өткізген. Педагогтар пікірінше сыртқы факторлар негізінде қаланатын мінез - құлықты түзетуге жататындар :
1. Қоғамда болып жатқан процестер : қоғамдық құндылықтың иерархиялы өзгермеуі , мемлекеттік идеологияның болмауы : қылмысты жазалауды заңның дұрыстығы , құқық қорғау қызметкерлерінің өз жұмысына жауапкершілік алуы . Жұмыссыздық (ашық және жабық) отбасына әлеуметтік қолдау мен жәрдем ақының жұрыс қарастырылмауы ақпарат көздері арқылы қаталдық және зорлық туралы көп насихат жасалуы , баланың дене және психикалық жағынан түзетуге және көмек көрсетуге қажетті мекемелердің аздығы , балаға ақысыз сапалы үйірмелердің, қосымша білім алу көздерінің қарастырылмауы, керісінше ішкілік пен темекіні жарнамалау және оны сатып алу оңайлығын сөз етуге болады.
2. Отбасы жағдайы және оның ахуалы бүтін емес отбасы : отбасының материалды жағдайы (кедейлік және байлық) , ата - ананың төменгі әлеуметтік - мәдени деңгейі : отбасында тәрбие стилінің болмауы (ата - ана қаталдығы , балаға жүйелі талаптың қойылмауы , жазалаудың әділ болмауы): балада өзіндік құндылықтың болмауы : баланың мүмкіндік қажеттілігін өтеуде асыра сілтеушілік немесе жеткізбей бағалау : ата - ананың ішімдік және нашақор пайдалануы ; ата - ананың шектен тыс мейірімінен балаға психобелсенділік туғызатын заттарды пайдалануға шек қойылмау.
Төменде ұсынылған кестеде баланың қандай жағдайда тәрбиеленгенінен нәтижесін көруге болады . Бұл кестеде негізгі орынды ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас екені дәлел болып отыр . Кестенің қорытындылай келсем,ең тиімді тәрбие әдісі демократиялық екені белгілі болып отыр.
Ата-ананың отбасында балаға тәрбие беру стильі негізгі
Тәрбие стилі
|
Талап
|
Бақылау
|
Эмоционалды жылу
|
Қарым-қатынас моделі
|
Бала реакциясы
|
Жуық нәтиже
|
Демократиялық
|
әділді
|
Тек саналы забота
|
Жылы сезімдер
|
Оринтированная тұлға
|
өзбетті
|
Дамушы тұлға
|
Авторитарлық
|
Қатал,себепсіз шектеулер
|
Қатал,жиі некоррекный
|
жоқ
|
«арақашықтық сақтайды»
|
Тұйық,приспособление.Безиницативность
|
Пассивті,сенімсіз,агрессивті
|
Гиперпротекция
“самостоятельный
бала”
|
Жоқ,пір тұтатын үлкен жоқ
|
Периодический.әлсіз
|
Жылы сезім жетпейді
|
«араласпау керек»
|
Бәрін күтуге болады
|
Тұрақсыз,гипертипті тип тұлға,асоциональность
|
Потворствующий,
Самосреб.с оправд.
его поведения
|
Жоқ,бала не істесе де өзі біледі
|
Жоқ,некритичное отношение к поведению
|
Тәртіпті бұзған жағдайда-лишение теплых чувств
|
« заискивающая»
|
Бәрін күтуге болады
|
Тұрақсыз эпилепт типті тұлға.некритичность.приспешничество
|
Доминирующая гиперопека «бала
үшін өмір»
|
Жоқ,жауапкершіліксіз,
|
Шектен тыс, әр қадамын ойлау
|
Шектен тыс забота
|
Шектеу туралы.мелочная опека
|
Эгоцентризм,өзбетті емес
|
Бәріне рұқсат.ассоциативность,,өзбетті емес
|
Потворствующая гиперопека:“
отбасының пірі”
|
жоқ
|
әлсіз,үлкен забота
|
Таң қалады,любование,обожание
|
Тек баланың қалаулары туралы
|
....қалағанын қиындықсыз алу
|
Истериойдты.эпилептті тұлға,өзіне тұра алмайды.
|
Эмоционалды отвержение
“өгей қыз”
|
Көтеріңкі
|
қатал
|
жоқ
|
Қарым-қатынас мүлдем жоқ
|
Немқұрайлы-қатал
|
Арманшыл.қаталдық.қарым-қатынасқа түсуі қиын.
|
Ата-анамен
Қатаң
қарым-қатынаста
|
Балаға ашық агрессия көрсету
|
Қатал,тыңдамаушылыққа жаза
|
әркім өзі үшін жауапты
|
Тек тәртібі туралы
|
Жазадан қорқу,өтірік,қаталдылық
|
Эпилептипті тип,индивидуализм,қаталдылық.
|
Сонымен қатар,отбасында тәрбиенің дұрыс ұйымдастырылмауынан балаға теріс әсер ететін жағдайлар,
-Бір отбасында бірнеше баланың әрқайсысына әртүрлі қарау(Ата-ана қамқорлығы мен жүрек жылуы);
-Отбасында бала тәрбиесіне әкесі мен шешесінің әр түрлі әдіс қолданылуы
-Ата-аналардың бал тәрбиесінен әртүрлі себептерге байланыстыаулақтануы:жұмысбасты болуы немесе теріс үлгі көрсетіп,келеңсіз өмір сүретін ата-аналар;
-Ата-аналардың балалар мінезіндегі өзгерістерге назар аудармауы;
-Ата-аналардың бала тәрбиесінде педагогикаға қарсы әдістерге қолдануы:өктемдік(авторитарлы),қаталдық(деспотизм),ымырашылдық(либералды).
-Ата-аналардың жат қылықтарды бала бойына дарыту:дүниеқорлық,алдау,жалқаулық,өзімшілдік,т.б
Осы жоғарыда атап көрсетілген жағдайлардың нәтижесінде бала бойында қалыптасатын жаман қасиеттер:
-Бала ашуланшақ ,ызақор,тұйық,сенімсіз,өзіне-өзі көңілі толмайтын,келеңсіз болып қалаптасады.
-Бала бойында әдептілікке жатпайтын жат қылықтар қалыптасады:темекі тарту,ішімдік ішу,есірткі қабылдау
-Бала бойында өзімшілдік (эгоизм),дарашылдық(эгоцентризм),жеке басты ойлау,өзгелердің ойымен санаспау,екіжүзділік сияқты қасиеттер пайда болады,Өз ісін алдау,арбау арқылы атқарады.
3. Мектептің ішкі өмірінде ұйымдастыру жұмысыны жетілмеуі ; оқыту мен тәрбие процесін басқару дұрыс жолға қойылмаған ; материалды жабдықталу төмен ; қоғамда және отбасымен бірге бала тәрбиесі туралы жүйелі жұмыс жасау жоспары қарастырылмаған ; пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі ; сабақтың жиі өтілмей қалу себебінен ; сабақтан тыс мерекелердің қанағаттанылмауы ; балаға қажетті үйірмелердің ұйымдастырылуы мен өтілуіне шығармашылықтың аздығы ; мұғалімдердің кәсіби қызметіне біліктіліктің жетіспеуі , жас ерекшілік психологиясын , тұлғааралық қатынастағы өзара әрекет ( айқай , көңіл қалатын сөздер қолдану) жүйесін ықпал етуді жеткілікті меңгермеуінен ; жаңа оқу бағдарламаларын құруда “ неге және қалай оқытамын ” түсініктеріне толық жауап қарастырылмау ; мектепке қабылданған балада төменгі мативацияның болуы. Осы айтылған факторлар сыртқы әсер болып табылады .Меніңше,осы аталған сыртқы факторлар баланың мектепке деген қызуғышылығын төмендетеді .Баланың мектепке бармай қалуы айтарлықтай жиілеп кетеді . Кездейсоқ себептерден кездесіп қала беретін төтенше жағдайлар мүлде әр түрлі көріністе болып келуі мүмкін : ата-анасының шешімімен кішкентай інісі немесе қарындасын қарап отыруға баланың үйде қалдырылуы , немесе баланың өз бетімен лағып кетуге бейімділігі , немесе мектепке барудан қасақана бас тартуы сияқты келтірілген сылтаулар барлығы оның эмоционалды бұзылуына бацланысты болғандықтан , мектепке бармай қалуына осы кінәраты себеп болуы мүмкін . Мектепке барудан бас тартуы – оның сабаққа қатысқысы келмегендігінен , өз кезегінде әр түрлі механизмдердің ықпалы себеп болуы да мүмкін . Бұл жағдайлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін схема түрінде көрсетсем :
Бала мектептегі сабақта жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |