- технологиялық қалдықтар мен ысыраптарды бақылау және оларды пайдалану; - белгіленген лимиттермен салыстырғанда материалдық ресурстарды үнемдеу немесе артық жұмсау шамасы туралы нақты ақпаратты уақтылы алу; - тауар-материалдық қорларды жеткізушілермен есеп айырысуды уақтылы жүзеге асыру, жолдағы тауар-материалдық қорларды, фактураланбаған жеткізілімдерді бақылау. Кәсіпорында тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу 23.05.2007 жылғы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес "қысқа мерзімді активтер" деген 1-бөлімнің 1300 "қорлар"деген кіші бөлімінде ұйымдастырылады.