(сөз
негіздерін, оның түрлерін, сөз этикеті және сұхбат жүргізу ережелерін,
композиция мен стиль заңдарын, иландыру тәсілдерін)
еркін меңгеруге, әдеби
редакциялау машықтарын игеруге, өзінің төл публицистикалық туындыларын,
баспасөз релизін жаза білуге;
Бұқаралық
ақпарат
құралдарының
техникалық,
телерадиоэлектроникалық құралдарын, бейне мен компьютер техникасын
қолдана және фотоға түсіре білуге тиіс.
Өзінің іргелі дайындығы бойынша маман:
Қазіргі заманғы процестер мен құбылыстарды, жаратылыс танудың,
ғылым мен техниканың принципті проблемаларын, олардың әлеуметтік-
экономикалық және саяси салдарларын жетік түсінеді;
Саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы
негізгі ілімдермен таныс, әлеуметтік маңызы бар проблемалар мен процестерді
ғылыми тұрғыдан талдауға қабілетті, осы ғылымдардың әдістерін кәсіптік
және әлеуметтік қызметтің түрлі салаларында қолдана алады;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, қоғамда және қоғам мен
табиғат ортасы арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін этикалық
және құқықтық нормаларды біледі; оларды кәсіптік қызметінде қолдана алады;
Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін, оның саясатын, сондай-ақ
әлемдегі жетекші мемлекеттер мен өркениеттер тарихын біледі; тарихи
сабақтастық және эволюция мәні мен тетіктерін түсінеді;
Бұқаралық коммуникация және қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат
құралдарының негізгі проблемаларын, олардың қалыптасуы мен дамуының
тетіктері мен заңдылықтарын, ақпарат, коммункация және қоғамдық пікірді
қалыптастыру саласындағы негізгі теориялар мен тұжырымдарды біледі, өзінің
кәсіби қызметі барысында туындайтын проблемаларға талдау жасау үшін
зерттеу әдістері мен тәсілдерін қолдана алады;
Қазақстан
Республикасы
ақпараттық
саясатының,
ақпараттық
қауіпсіздігінің негізгі проблемаларымен таныс, оларды талдаудың әдістері мен
тәсілдерін біледі;
Оқу бағдарламасын аяқтаған соң өздігінен оқуға, ақпараттық және білім
беру технологияларының негізінде өз білімін кеңейтуге қабілетті;
Жаңа білімдерді игеруге, өзінің кәсіптік қызметінің бағыттары мен
сипатын өзгертуге әдістемелік және психологиялық жағынан әзір;
Өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра алады, ақпаратты сондай-ақ
электронды есептеу техникасын пайдалана отырып жинаудың, сақтау мен
өңдеудің тәсілдері мен әдістерін біледі, ЕЭМ және қолданбалы компьютер
бағдарламаларын пайдалану машығына ие;
Шетел тілін біледі, аудармашы, аудармашы-референт атқарымдарын
орындай алады, өзге тілді ортада оқуды және кәсіптік қызметті жалғастыруға
қабілетті;
Ойлау мен көпшілік алдында сөйлеу мәдениетіне ие, өз ойларын ауызша
және жазбаша дұрыс та қисынды түрде жеткізе алады, кәсіптік проблемалар
бойынша пікірталастарға қатыса алады;
Түрлі құбылыстар мен процестерді ғылыми талдау және болжау
негіздерін меңгерген, оларға сапалық және сандық талдау жасай алады, арнайы
зерттеулер мақсаттарын айқындауға және оларды жүзеге асыру үшін оқып-
үйренген ғылымдарының әдістерін пайдалануға қабілетті, пәнаралық
жобаларға жұмыс істеуге әзір;
Ұжымда жұмыс істеуге әзір, басқару әдістерін біледі, басқару
шешімдерін табуға және қабылдауға қабілетті, педагогикалық қызмет
негіздерін біледі.
Қоғаммен байланыс қызметінің, атап айтқанда, баспасөз қызметінің
маманы жалпы кәсіптік және арнайы даярлығына сәйкес өз жұмысының:
ақпараттық-шығармашылық;
әлеуметтік-психологиялық;
ақпараттық-коммуникациялық;
ақпараттық-басқарушылық;
жарнамалық-ақпараттық;
ақпараттық-аналитикалық;
ақпараттық-референттік;
мәдени-ағартушылық;
ұйымдастырушылық-жарнамалық;
ақпараттық-социологиялық;
ғылыми-зерттеу қырларын жүзеге асыруға қабілетті.
|