5-ші қағидат. Ақпаратқа қол жеткізуге жәрдемдесетін тәртіптер.
Сұратылған ақпарат жедел әрі жауапкершілікпен қаралып, мерзімінде
жөнелтілуі қажет. Бұл жөнінде «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»
Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 2-1 бабанда былай деп
көрсетілген: «Мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар сұратылып отырған
ақпаратты өтiнiш түскен күннен бастап үш күннен кешiктiрмей беруге не беру
мерзiмiн немесе беруден бас тарту себебiн көрсете отырып жауабын беруге
мiндеттi.
Қосымша зерделеудi және тексерудi қажет ететiн өтiнiшке жауап ол келiп
түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
Бұқаралық ақпарат құралынан қойылған мәселелердi шешу құзыретiне
кiрмейтiн мемлекеттiк органдарға немесе өзге де ұйымдарға өтiнiш келiп
түскен жағдайда, осы өтiнiш бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей тиiстi
органдарға жiберiлiп, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына хабарлануға
тиiс».
3.3.
Достарыңызбен бөлісу: