Жетпісбай бекболатұЛЫ


Орталық  және  жергілікті  мемлекеттік  органдардың  баспасөз



Pdf көрінісі
бет32/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

Орталық  және  жергілікті  мемлекеттік  органдардың  баспасөз 
қызметі
 
 
        Еліміздің  мемлекеттік  басқару  органдары  екі  деңгейден:  орталық  және 
жергілікті  мемлекеттік  басқару  органдарынан  тұрады.  Мемлекеттік 
органдардағы  қоғаммен  байланыс  жүйесінің  қызметі  саяси  басқару  саласына 
жатқызылып,  технологиялық  құбылыс  ретінде  қарастырылады.  Саяси 
технологияларды  азаматтар  мен  басқару  институттарының  өзара  байланысын 
қамтамасыз  етіп,  реттейтін  әдістердің,  тәсілдер  мен  процедуралардың 
жиынтығы  деуге  болады.  Азаматтар  тарапынан  жүзеге  асырылатын  кері 
байланыс  қоғам  істерін  баскаруға  тікелей  (мәселен,  референдумда  шешім 
кабылдау  жолымен)  араласу  немесе  партиялар,  БАҚ,  кәсіподақтар,  азаматтық 
қоғамның өзге де институттарының жәрдемі арқылы жүргізіледі.
 
Орталық  және  жергілікті  мемлекеттік  органдардағы  қоғаммен  байланыс, 
әдетте:
 
     оң көзқарасты қалыптастыру жөніндегі жанды іс-әрекеттер;
 
абырой-беделді сақтау; 
 
    ішкі  қарым-қатынастар  (қызметкерлер  бойында  әкімшіліктің  жұмысына 
деген  жауапкершілік  және  мүдделілік  сезімін  қалыптастыру  үшін  қоғаммен 
байланыс әдістерін қолдану) сияқты үш бағытта жүргізіледі. 
 
Сөйтіп,  жұртшылықты  қабылданатын  шешімдердің  мән-маңызы  туралы 
хабардар  ету;  қоғамдық  пікірді  зерттеу 
(әлеуметтік-саяси  мониторинг);
 
лауазымды адамдар мен билік органының іс-әрекетіне деген қоғам көзқарасын 
талдау; қоғамдық-саяси процестерді болжау; мемлекеттік органды талдамалық 
болжау  материалдарымен  қамтамасыз  ету;  мемлекеттік  мекеменің  жағымды 
бейнесін қалыптастыру міндеттері шешімін табады.
 
Бұқаралық  ақпарат  қүралдарымен  берік  байланыс  орнату  мемлекеттік 
мекеме қызметіне назар аударту үшін тиісті деректерді ұдайы таратып отыруға 
мүмкіндік  береді.  Барлық  деңгейдегі-орталық  және  жергілікті  билік 
тармақтары  үшін  қоғаммен  байланыс  аса  маңызды  қызмет  түрі  болып 


табылады.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  және  "Бұқаралық 
ақпарат  құралдары  туралы"  Заңына  сәйкес  азаматтар,  журналистер,  ақпарат 
құралдары  нысанына  қарамастан  мемлекеттік  органдардан  заң  жүзінде  тиым 
салынбаған  жағдайларда  ақпарат  алуға  және  таратуға  құқылы.  Мемлекеттік 
органдардың  ақпарат  тарататын  орталығы  оның  баспасөз  орталығы  болып 
табылады.  Қазақстан  Республикасы  орталық  ведомстволары  баспасөз 
қызметтерінің  құрылымы  өзге  билік  органдарының  осындай  қызметтері  үшін 
үлгі болып табылады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет