қалған жағдайда табылғаны, ал басшы журналистер назарына ілігіп, сұхбат
беріп тұрғанда, «көлеңкеге кете» білгені жөн.
Ақпараттық
ықпалдасу. Ақпарат алу мен берудің әдіс-тәсілдері.
Ақпараттық ықпалдасу баспасөз қызметінің тиімді жұмыс тетіктернің бірі
болып табылады. Журналистерге қажет деректерді дер кезінде жеткізу үшін
бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімет қоры немесе дерек базасы
жасақталады. БАҚ-тың мәлімет қорына деп қаладағы немесе аймақтағы барлық
бұқаралық ақпарат құралдарының тізімі кіреді. Әдете БАҚ орталық,
республикалық (мәселен «Егемен Қазақстан» газеті) және аймақтық (облыстық
және аудандық газеттер) болып бөлінеді.
Бұқаралық
ақпарат құралдарының мәлімет қорында мынадай деректер жинақталуға тиіс:
1. БАҚ атауы, редакция
мекен-жай мен телефондары, таралымы
2. Бас редактордың және жетекші журналистердің аты-жөндері.
3. Бұқаралық ақпарат құралының негізгі тақырыбы және
бағыты
(әлеуметтік-саяси, экономикалық, спорттық, т.б.).
4. Газеттегі айдарлар, оларды кім жүргізетін журналистер.
5.
Теледидар мен радиодағы бағдарламалар.
6.
Газеттердің, теледидар және радио бағдарламаларының шығу мерзімі,
жиілігі.
Бұқаралық ақпарат құралдарында көріну үшін қажетті шарттың бірі
ақпараттық себеп немесе түрткі деп аталады. Ақпараттық себеп туғызудың
мына төмендегідей ережелері бар:
1. Жамиғатқа жағымды, әлеуметтік маңызы бар жаңалықтар ұсынылуы
тиіс.
2. Жаңалық хабардың тілі жеңіл, аудиторияның ұғынуына оңай болғаны
жөн.
3.
Арық сөйлеп, семіз шыққан абзал.
Ақпарат жөнелту әдістері мен жолдары:
1.
Баспасөз баяндарын жіберу.
2.
Мақалалар мен репортаждар жазу.
3.
Өзіндік (корпоративтік) басылымдар шығару.
4.
Көрмелер, ашық есік күндерін өткізу.
5.
Бекграундер немесе ұйым туралы ұдайы ақпарат жөнелту.
6.
Баспасөз қоржынын Баспасөз баяндары, буклеттер, ақпараттық
парақтар кіретін баспасөз қоржынын жасау.
7.
Ұйымның танымал тұлғалараның өмірбаяндарын түзу.
8.
Ұйым туралы қысқаша анықтама - факт-парақ жазу.
9.
Сұрақ-жауап түрінде
деректі ақпарат құрастырып, БАҚ-қа жіберу.
10.
Сыни
сәттерде мәлімдеме, меморандум жасау.
Ақпарат тарату арналары.
1.
Тікелей пошта таратылымдары. Бұл үшін қажет адресаттардың дерек
базасы түзіледі.
2.
Үлестірілетін материалдар. Бұларға
үнпарақтар, проспектілер,
каталогтар, буклеттер, плакаттар, күнтізбелер жатады.
3.
Теле-, кино- және радиожарнама, кино и бейнеклиптер, жарнамалық
және тұсауесер фильдері.
4.
Электрон пошта және интернет.
5.
Мерзімді баспасөз.
6.
Көрнекі жарнама. Бұған көшедегі жарнама қалқандары, баннерлер мен
көліктегі жарнама жатады.
7.
Сувенир бұйымдар - қалам-қарындаш, бейсболкалар, папкілер,
портфелдер, т.б.
8.
Бұқаралық шараларға қатысу.
Баспасөз қызметі ұйым аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып
табылады. Баспасөз қызметінің жетекшісі немесе баспасөз хатшысы ұйым
басшысына тікелей бағынып, ұйымның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен
тығыз бірлікте жұмыс істейді. Ұйым қызметінің ауқымы мен ұйымдық
құрылымына қарай баспасөз қызметі штатының көптеген нұсқалары бар.
Алайда, тәжірибе көрсеткеніндей, орта деңгейдегі ұйым, мәселен, облыстық
деңгейдегі мекеме үшін ағымдағы жұмыс барысында (ірі шаралар өткізілмеген
жағдайда) баспасөз хатшысы мен оның көмекшісі жеткілікті. Бұқаралық
шаралар өткізілген жағдайда баспасөз орталығын ұйымдастыру, сырттан
қызметкерлер (бейнеоператорлар, фотосуретшілер, т.б.) тарту керек
.
Достарыңызбен бөлісу: