Жетпісбай бекболатұЛЫ



Pdf көрінісі
бет36/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

Банк  мекемелеріндегі  PR.
  Банк  бизнесі  өз  табиғатында  венчурлық,  яғни 
тәуекелді  бизнес  болып  табылады.  Банктер  іскер  топтардың  ықылас-пейіліне 


неғұрлым  мұқтаж  «кірпияз»  кәсіпкерлік  құрылым  саналады.  Әрқилы 
контрагенттермен-жеке тұлғалармен, бизнес бірлестіктерімен, өзге банктермен 
ұдайы  қарым-қатынаста  болатын  банк  мекемелеріне  бұлардың  бәрі  өз 
қаражаттарын  сеніп  тапсырады.  Бүкіл  банк  жүйесі  және  банк  қызметі  табан 
тірейтін, жылдар бойы тірнектеп жиналатын осынау сенімге ие болу қиын, ал 
одан айырылу оңай. Міне, сондықтан банктің өз ішіндегі,  сондай-ақ банк пен 
жұртшылық  арасындағы  үйлесімді  қатынастарды  қалыптастыруда  PR-дың 
және  оның  құралдарының  маңызы  зор.  Қазіргі  таңда  Қазақстанда 
коммерциялық  банк  институтына  деген  қоғам  көзқарасын  өзгерту 
бағдарламаларын  талдап  жасап,  жүзеге  асыру  қажеттігі  туындап  отыр. 
Қоғаммен  байланыс  және  жарнама  мамандарының  көпшілігі  экономикадағы 
коммерциялық  банктердің  рөлі  туралы  ақпарат  жеткізетін,  нарықтық 
қатынастардың  дамуын  жеделдететін  институт  ретіндегі  банктің  жағымды 
бейнесін  қалыптастыруға  жәрдемдесетін,  халықтың  қалың  бұқарасына 
арналған коммуникация түрі Generic Advertising (тектік немесе ортақ жарнама) 
науқанын өрістету керек деген пікірде. 
 
Банк  мекемелеріндегі  PR  банк  қызметтері  нарығында  банктің  абырой-
беделін  қалыптастыратын  және  жұртшылықтың  жағымды  көзқарасын 
қамтамасыз  ететін  іскерлік  коммуникациялар  арнасы  болып  табылады.  Банк 
PR-ы  банк  пен  жұртшылық  арасында  шынайы  сұхбат  орнатуға,  өзара 
түсіністікке  жәрдемдеседі.  Банк  РR-ның  өзге  салалардағы  PR-дан 
айырмашылығы банк қызметінің ерекше сипатынан туындайды. Өйткені нақты 
банк  қызметтерінің  дәмін  татып  байқауға,  көзбен  көруге,  иісін  білуге 
болмайды,  оны  көңілмен  сезіп,  ақылмен  тану  қажет.  Банктер  натуралдық-
заттық  сипаты  жоқ  кредиттік  қызметтер  түріндегі  ерекше  тауар  өндіреді, 
сондықтан  да  қаржы  саласында  қоғаммен  байланысты  жүзеге  асыру  оңай 
шаруа  емес,  ол  мамандардың  қоғам  туралы  жеткілікті  білімі  болуын, 
экономикадағы  тенденцияларды  ой  елегінен  өткізе  алу,  болжамдау,  іс-қимыл 
бағдарламасын  жасай  алу  қабілетін  талап  етеді.  Банк  бизнесі  өз  табиғатында 
күрделі  қызмет  түріне  жатады,  оның  қыр-сырын  түсінбеген,  заңдылығын 
білмеген қоғаммен байланыс немесе баспасөз қызметінің  маманы банкке зиян 
келтіруі де ықтимал. 
 
Банктегі қоғаммен байланыс  ауқымына    жұртшылықты    банк       жөніндегі 
деректермен қамтамасыз ету, банк туралы  қоғамдық   пікірді зерттеу, кредит  
мекемесінің  қызметін    тұтынушылар  мүдделеріне    бағдарлап    отыру, 
қалыптасып  келе  жатқан    тенденцияларды  зерттеп,  банк  беделін    нығайту 
жөніндегі  іс-шараларды  дер    кезінде  қабылдау,  ықтимал    жанжалдар    мен 
түсінбеушіліктің алдын  алу кіреді.   Осы  тақылеттес шаралардың   діттейтін 
нысанасы-банк туралы  жағымды  пікір  қалыптастыру,   оның  қызметтеріне  
деген  дүдамал  күдікті    сейілтіп,  сенімді  нығайту.  Қазақстан  банктерінің  
тәжірибесінде бұл  саланың:
 
Өзара    сенім,    құрмет    ахуалын  орнату,  ортақ  мүдделерді  айқындау 
мақсатымен  банк пен жұртшылық арасына дәнекер болу; 
 
Қоғамдық  пікірді  назарға  алу,  банк  беделін  көтеріп отыру үшін  оған 
әсер ету;
 


Жұмыстың  нәтижелі    болуы  үшін    жауапкершілік  пен    мүдделілікті 
арттыру, өндірістік  қатынастарды  жақсарту  мақсатымен  банк  ұжымындағы  
қарым-қатынастарды  жетілдіру;
 
Білікті  қызметкерлерді  тартып, кадрдың тұрақтамауын    қысқарту сияқты  
іс-қимыл  жүйесі қалыптасып келеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет