Жетпісбай бекболатұЛЫ



Pdf көрінісі
бет15/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

Күн  сайынғы  ақпараттық  мониторинг.
  Мұндай  мониторингтің  міндеті  – 
салада немесе аймақта болып жатқан оқиғаларды жедел жеткізу. Оның алдына 
талдау  мақсаты  қойылмайды.  Мониторинг  нәтижелері  басшылықтың  және 
баспасөз  қызметі  жетекшісінің  столына  күн  сайын  бір  рет  (19.00-ге  немесе 


9.00-ге,  кешкі  теледидар  және  таңғы  газеттер  жаңалықтары)  немесе  2-3  рет 
(әсіресе  мекеме  үшін  маңызды  оқиға  туындағанда  немесе  дағдарыс 
жағдайында)  қойылады.  Баспасөз  қызметінің  жетекшісі  мониторингті  қарап 
шығып,  әдетте  компанияның  бірінші  басшыларының  біріне  жеткізеді. 
Басшылық  тәуліктің  ақпараттық  картинасымен,  әдетте,  таңертең  немесе 
кешкісін танысып шығады.
 
Баспасөз қызметінің жетекшісіне және басшыға тапсырылатын есепте мына 
төмендегі деректер болуға тиісті:
 
а). Белгілі бір тақырып бойынша БАҚ материалдарының саны мен көлемі.
 
ә).  Компания  мен  оның  бірінші  басшысы  аталып  өтілетін  негізгі 
тақырыптардың тізімі.
 
б).  Компания,  оның  бірінші  басшысы  немесе  компания  жұмыс  істейтін 
нарық  (сондай-ақ  бәсекелес  компаниялар)  аталып  өтілетін  негізгі  ақпарат 
көздерінің тізімі.
 
в).  Компанияның  және  бәсекелес  компаниялардың  қайсыбір  қызметінің 
толық жария етілуі (соның ішінде жарнамалық материалдар шығару, баспасөз 
мәслихаттарына  үн  қату,  акциялар,  т.б.).  Мұндай  мониторинг  әдетте 
коммуникация  науқаны  барысында  жүргізіліп,  оның  тиімділігін  бағалауға 
мүмкіндік береді.
 
Күн  сайынғы  мониторингтік  есептен  бөлек  клиппинг  те  енгізіледі. 
Клиппинг  дегеніміз–компания,  оның  бірінші  басшылары  мен  бәсекелес 
кәсіпорындар  атап  өтілетін  БАҚ  материалдарының  (мақаланың,  интернет-
хабарламаның,  бейне-  және  радиожазбалардың,  олардың  стенографиялық 
мәтіндік нұсқаларының) толық жинақтамасы деген ұғымды білдіреді.
 
Клиппингте әрбір материал толық көлемінде ұсынылады, мұның өзі мәтінге 
тиянақты  талдау  жасауға  мүмкіндік  береді.  Яғни,  қысқа  есепте  аталатын 
материалдар сол есепке қосымша ретінде беріледі.
 
Апталық,  аналитикалық  мониторинг.
  Егер  баспасөз  қызметі  күн  сайын 
мониторинг  жүргізіп  отырса,  аптасына  бір  рет  оның  қорытындысын  шығару 
қажет  болады.  Әдетте  ол  жұма  күні  кешкісін  немесе  дүйсенбі  күні  таңертең 
ұсынылады. Апталық есептің үш түрі бар.
 
1).  Қарапайым  қорытынды  есепте  күн  сайынғы  есептегі  тармақтардың 
барлығы  болады.  Тәжірибе  көрсеткеніндей,  мұнда  мәні,  маңызы  төмен 
материалдарды көрсетпеуге де болады.
 
2).  Аннотация.  Мұндай  есепте  апта  ішінде  атап  өтілген  барлық  БАҚ 
материалдарының  қысқаша  аннотациялары  болады  (мұны  клиппингтің 
«сығымдалған»  түрі  деуге  болады,  қысқа  да  нұсқа  аннотациямен  танысып 
шығуға  онша  көп  уақыт  кетпейді,  осы  арқылы  уақыт  үнемдеуге  болады). 
Аннотацияда  материалдардың  мазұны  мен  бағыты  көрсетіліп,  жалпы 
тенденция айқындалуы қажет. Апта ішіндегі материалдардың түйіні саналатын 
аннотация аналитикалық құжат әзірлеудегі алғашқы адым болып табылады.
 
3).  Ақпараттық  (аналитикалық)  анықтама.  Бұл  аннотациядан  гөрі  күрделі, 
аналитикалық  деп  атауға  тұрарлық  құжат.  Ол  жоғарыда  аталып  өткен 
құжаттарды  толықтырып  тұрады.    Ақпараттық  анықтама  дегеніміз  апта 
ішіндегі БАҚ материалдарын талдау нәтижесі, мұнда 2-4 парақта тақырыптық 


желілер  көрсетіліп,  түрлі  қайнарлардың  уақиғаларды  беру  формалары 
салыстырылады, оқиғаның өрбуі назарда ұсталады. Мұның өзі жағдайды жедел 
бағалап, тактикалық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
 
Ай сайынғы және жыл сайынғы рейтингтік мониторинг.
 Бұл жерде уақыт 
тұрғысынан  ғана  емес,  сондай-ақ  кеңістік  тұрғысынан  алғанда  да  зор  ауқым 
туралы  сөз  болып  отыр.  Ұйым  өзгелермен  салыстырғанда  белгілі  бір  салада, 
сондай-ақ  ел  немесе  аймақ  көлемінде  өткен  жылмен  салыстырғанда  қандай 
деңгейде болғанын айқындап шығу керек. Шын мәнінде бұл рейтингтік  жүйе 
болып табылады. Ал, компанияның өзі емес, қайсыбір зерттеу ұйымы жасаған 
рейтингтің өзі арнайы атап өтуге тұрарлық ақпараттық түрткі саналады.
 
Компанияның  ел  ішіндегі  немесе  аймақтағы  орынын  анықтау  үшін 
мамандандырылған  мекемелердің  қызметін  пайдаланған  орынды.  Мұны 
сондай-ақ интернеттегі сайттар арқылы да білуге болады.   
 
Аналитикалық  зерттеулер.
  Мониторингтен  гөрі  тереңірек  талдау 
жұмыстарын 
мамандандырылған 
социологиялық 
және 
маркетингтік 
қызметтерге тапсыру керек болады. Алайда, ақпараттық картинаны зерттеудің 
аналитикалық  тәсілдері  туралы  білу  талап  етіледі,  бұл  тапсырысты  дұрыс 
тұжырымдай алуға септігін тигізуі мүмкін.
 
Сөйтіп,  медианалитиктер  БАҚ  материалдарын  егжей-тегжейлі  және 
кешенді қарастыруды көздейді, мұнда сандық және сапалық анализ, эмоциялық 
әсер  ету  күшін  бағалау,  контент-анализ  бен  мәтіндерге  және  бейнеқатарға 
психолингвистикалық  анализ  жасау  тәсілдері  қолданылады.  Сондай-ақ 
медианалитика  өнімінде  анализ  нәтижесінде  айқындалған  тезистерді–
тұжырымдарды  қорытындылау  және  медиаалаңның  түйінді  тұстарын  бөліп 
көрсету 
(болжам 
жасау, 
қауіпті 
бейтараптау, 
коммуникациялық 
стратегияға түзету енгізу, т.б.)
 тәсілдері қолданылады. 
 
Осы  жұмыстың  белгілі  бір  бөлігін  баспасөз  қызметінің  өкілдері 
аналитикалық бағытта бірнеше адам істеген және олардың ішінде қолданбалы 
зерттеу жүргізу машығы бар аналитиктер болған жағдайда жүргізе алады.     
 
 Баспасөз  қызметінде  пайдаланыла  алатын  аналитикалық  өнімдердің 
бірқатарына тоқталып өтелік.
 
Ақпараттық  бюллетень.
 
БАҚ  материалдары  бойынша  жасалған 
толыққанды аналитикалық есеп болып табылады, мұнда материалдарға сандық 
және  сапалық  талдау  жасалады.  Жарты  жыл,  бір  жыл  ішіндегі  анализ 
нәтижелері  енгізілуі  мүмкін.  Осының  арқасында  бұл  құжат  стратегиялық 
шешімдер 
(мәселен, нарыққа жаңа өніммен шығу, ұзақ мерзімді шарт жасасу, 
коммуникациялық науқанды жеделдету, т.б.)
 қабылдауда қолданыла алады. 
 
Press-peport.
  Ақпараттық  бюллетень  материалдары  бойынша  жасалған 
қысқаша  шолу.  Графиктер  мен  тезистер  арқылы  толық  нұсқаның  негізгі 
аналитикалық тұжырымдарын бейнелейді (Power  Point презентациясы түрінде 
де  беруге  болады).  Компанияның  бірінші  басшыларына  баспасөз  қызметінің 
баяндауларын  қысқа  да  нұсқа  түрде  жеткізу  кезіндегі  таптырмайтын  құрал. 
Press-peport  жоғары  дәрежедегі  келіссөздер  барысында  басшылықтың 
позициясын бейнелеу үшін де қолданылады.
 


Тақырыптық аналитикалық жазба.
 Бұл нақты тақырып бойынша (саланың 
даму  перспективалары,  аймақтық  саясат,  геосаясат  және  экономика,  т.б.) 
толыққанды  аналитиканың  үлгісі  болып  табылады.  Медиааналитика  мен 
қосымша аналитикалық материалдың (мәселен, сарапшыларға сұрау салудың) 
біріктірілген нұсқасы да болуы мүмкін. Мәтіндердің және бас тақырыптардың 
арнайы  психолингвистикалық  анализі,  фотосуреттердің  семантикалық  анализі 
қолданылатын  түрлері  де  бар.  Жаңа  өнім  нарыққа  шығарылған,  басқа  бір 
бәсекелес  фирма  пайда  болған  кездері  бизнесті  жаңаша  дамытуға  қатысты 
стратегиялық шешімдер қабылдау барысында кәдеге асады.
 
Медиаобраз  анализі.
  Бұл  компания  немесе  оның  бірінші  басшысы 
имиджінің  негізгі  белгілерін  талдау  және  оны  жақсарту  жөнінде  ұсыныстар 
беру болып табылады. Құжатта баспасөз қызметіне дайын ұсыныстар беріледі, 
мәселен, бірінші басшының жұртшылыққа шығуының тиімді стратегиясы мен 
тактикасы  ұсынылады.  Мұндай  анализ  ұйымның  немесе  оның  бірінші 
басшысының  имиджін  өзгерту,сондай-ақ    билік  алдында  өзгеше  қырынан 
көрсету қажет етілгенде өте керекті құжат болып табылады.
 
Ал,  ақпараттық  кеңістікті  тереңдеп  зерделеу  талап  етілетін,  төмендегі 
кестеде  көрсетілген  зерттеулерді  баспасөз  қызметі  мамандандырылған 
агенттіктерге немесе мамандарға тапсыруы қажет. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет