Жетпісбай бекболатұЛЫ



Pdf көрінісі
бет12/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

Бақылау сұрақтары
 
 
1.
 
 Қазіргі қоғамдағы жұртшылықпен байланыс рөліне тоқталыңыз. 
 
2.
 
Жұртшылықпен байланыстың даму кезеңдерін атаңыз.
 
3.
 
Қазақстандағы  жұртшылықпен  байланыстың  пайда  болу  және  даму 
ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
 
4.
 
«Ақпарттық қоғам» және «әлеуметтік ақпарат» түсініктерін талдаңыз.
 
5.
 
Бұқаралық ақпарат құралдарына сипаттама беріңіз.
 
6.
 
Журналистика ұғымын түсіндіріңіз.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
ІІ-тарау. Баспасөз қызметінің фунциялары мен құрылымы
 
 
Тарауда: 
 
-    Баспасөз қызметі туралы түсінік;
 
-    Баспасөз қызметін ұйымдастыру;
 
-    Баспасөз хатшысының фунциялары мен міндеттері;
 
-    Баспасөз қызметінің мамандары мәселелері қарастырылады
 
 
      2.1.  Баспасөз қызметінің функциялары мен қағидаттары
 
     Баспасөз 
қызметінің  атқаратын  негізгі  шаруасы  коммуникативтік-
интегративтік  саясатты  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Қоғаммен  байланыс 
саласында  баспасөз  қызметі  аналитикалық-прогностикалық  (тенденцияларды 
зерделеу,  талдау  мен  болжау),  ұйымдастырушылық-басқарушылық  (ұйым 
мақсаттарының  орындалуын  қамтамасыз  ету),  ақпараттық  (басшылықты 
ақпаратпен 
қамтамасыз 
ету), 
кеңесшілік-әдістемелік 
атқарымдарын 
орындайды. Зерттеуші А.Б.Зельмановтың пікірінше, бұл орайда басты атқарым 
коммуникативтік  функция  болып  табылады.    Коммуникативтік  атқарымның 
кумулятивтік  (ақпаратты  жинақтау),  аналитикалық  (ақпаратты  ой  елегінен 
өткізу, талдау), трансляциялық (ақпаратты тарату, алмасу) сияқты түрлері бар.
 
      Ресейдегі  қоғаммен  байланыс  практикасын  талдай  отырып,  белгілі  ғалым 
В.Ф. Кузнецов:
 
     Зерттеушілік-жұртшылықтың  түрлі  топтарының  мүдделерін  айқындап, 
елеп-ескеріп отыру;
 
     Аналитикалық–бағдарламалар 
 
мен 
жоспарлар 
түзу, 
бәсекелес 
корпорациялардың бағдарламаларын ұдайы сын тезінен өткізу;
 
      Идеологиялық–жұртшылық  топтарын  ұйым  қызметі  туралы  толыққанды 
хабардар ету, барлық насихаттық шараларды сындарлы түрде өткізу;
 
     ұйымдастырушылық-қоғаммен 
байланыс  элементтерінің  барлығының 
үйлесімді  байланысын  жүзеге  асыру,  тікелей  және  көлденең  байланыстарды 
жолға  қою,    сыртқы  және  ішкі  факторларды  ескере  отырып,  стратегия  мен 
тактика мәселелерін шешу;
 
     бақылаушылық–бағдарламалардың  жүзеге  асырылу  барысын,  көзделген 
мақсаттарға  сәйкестігін  ұдайы  қадағадалап  отыру  сияқты  атқарымдарды  атап 
өтеді.
 
      Баспасөз  хатшысының,  баспасөз  қызметінің  функциялары.  Зерттеуші 
С.Хесстың  тұжырымдауына  қарағанда,  баспасөз  хатшысы  уақытының  50%-ы 
журналистер  сұрақтарына,    25%-ы  өз  мекемесінің  тыныс-тіршілігін  біліп 
отыруға,    қалған  25%-ы  баспасөз  қызметінің  материалдары  мен  шараларын 
әзірлеуге  кетеді  екен.  Баспасөз  хатшысының  журналистермен  жүйелі 
қатынаста  болуы  басшылықтың  халыққа  өз  қызметінің  мақсаттары  мен 
мазмұнын  таныстырып  отыруға  деген  ұмтылысын  көрсетсе  керек. 
Журналистермен  кездесу  баспасөз  хатшысының  ақпараттық  функциясын,  ал 
басшылықтың шешімдері мен  іс-әрекеттеріне түсініктеме беру, басқарушылық 
шешімдердің  мәнін  ұғындыру-қоғамдық-саяси  функциясын  білдіреді.  


Ұйымның  басшы органдарының  қоғаммен  кері байланысы  баспасөз  хатшысы 
арқылы  да  жүзеге  асады.  Өйткені,  белгілі  бір  ақпаратқа  немесе  ахуалға  
көзқарас, қайтарылған жауап дереу басшылыққа жеткізіледі. Сөйтіп, басшылар 
мен  жұртшылықтың  арасындағы  кері  байланысқа  тікелей  қатысты  болуы 
баспасөз хатшысының басқарушылық функциясын көрсетеді.
 
     Баспасөз  хатшысы  мен  баспасөз  қызметінің  кез  келген  функциясының 
негізінде коммуникация үдерісі жатады. Ақпарат алмасу барысында белгілі бір 
образ  (имидж)  қалыптастырылып,  қоғам  топтарымен,  бөліктерімен  байланыс 
орнатылады. Ақпарат нақты аудиторияға жетуі үшін баспасөз қызметі арнайы 
коммуникациялық  арналарды  пайдалануы  керек.  Олардың  қатарына  ақпарат 
агенттіктері,  қалың  көпшілікке  арналған  және  мамандандырылған  баспа  және 
электронды БАҚ (теледидар, радиохабар, интернет) жатады.
 
     Баспасөз қызметінің күнделікті функциялары:
 
1.    Ұйым  өткізетін  шараларды  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жазып-
көрсету. 
 
2. Ұйымда болған өзгерістер, ұйымның қоғамдық маңызы бар шаралар мен 
жобаларға  қатысуы,  билік  органдарымен  қарым-қатынас  жөнінде  бұқаралық 
ақпарат құралдарын ұдайы хабардар етіп отыру.   
 
3.    БАҚ-пен  бірлесе  отырып  қоғамдық  акциялар  ұйымдастыру,  теледидар 
мен радиоға бағдарламалар әзірлеу.
 
4. Басылымдармен ынтымақтастық (мәселен, ұйымға газеттің бір бетін бөлу 
жөнінде келісімге келу). 
 
5. Брифингтер, баспасөз конференцияларын ұйымдастыру.
 
6.  Баспасөз  орталығының  құрамын  қалыптастыру,  шаралар  өткізген  кезде 
оның жұмысына басшылық жасау.
 
7.  Ұйыммен  ұдайы  байланыста  болып,  ынтымақтаса  жұмыс  істейтін 
журналистер тобын жасақтау. 
 
8.  Ұйымның  қызметіне  қатысты  ақпараттық  материалдар  мен  имидждік 
мақалалар, баспасөз баяндарын, анықтамалар әзірлеу.
 
9.  Ұйым  басшысының  БАҚ-қа  беретін  сұхбаттарын  ұйымдастыру  (сұхбат 
баспасөзде жарияланбас бұрын оны оқып шығып, байқалған қателерді түзеу).
 
10.    Ұйым  басшысымен  және  аппарат  қызметкерлерімен  баспасөзбен 
байланыс, сондай-ақ ұйым қызметіне БАҚ көзқарасы жөнінде кеңесіп отыру.
 
11.    Сөйленетін  сөздерге  бақылау  жасау,  жазылып,  әзір  болған  сөздерді 
немесе ақпаратты шолып шығу. 
 
12.  БАҚ-та  жарық  көрген  материалдардың  барлығын  (мақалалар  мен 
бейнематериалдардың,  радиостанияның  атауын,  радиобағдарламаның  шыққан 
мерзімін, уақыты және қысқаша мазмұнын)  қарап отыру, мұрағат түзу. 
 
13.  Өткізілген  шараның  тиімділігіне  талдау  жасау  және  алдағы  уақытқа  
ұсыныс әзірлеу. 
 
14.  БАҚ-тардың  дерек  базасын  қалыптастыру  және  БАҚ  нарығындағы 
өзгерістерді бақылап отыру.
 
15.  Шет  жақтан  журналистер  келіп  жатса,  оларды  көлікпен  қамтамасыз 
етіп, мейманханаға орналастыру.
 
16. Журналистерді аккредитациялау. 
 


17.  Журналистер  мен  БАҚ-тардың  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғаумен 
айналысатын ұййымдармен байланыс орнату.
 
18.  Билік  органдарының  баспасөз  қызметтерімен,  қоғаммен  байланыс 
департаменттерімен ынтымақтастық жасау. 
 
19.  Қоғамдық  ұйымдардың баспасөз  қызметтерімен ынтымақтастық  жасау 
және бірлесе шаралар өткізу. 
 
20. Газеттер мен журналдарға ретіне қарай мақалалар жазу. 
 
21.  Әдетте  аз  таралыммен  жарық  көретін  және  ұйым  мүшелері  арасында 
ғана таратылатын өзіндік (корпоративтік) басылым шығару.
 
22.  Фирмалық  стильді  қалыптастыруға,  өзіндік  жарнама  өнімдерін 
(бланктер,  визиткалар,  плакаттар,  сый  күнтізбелер,  буклеттер,  брошюралар 
және басқалар) шығаруға қатысу.
 
       Баспасөз  қызметінің  мақсаттары  мен  міндеттері.  Баспасөз  хатшысының 
жұмысын шартты түрде ішкі және сыртқы салаға бөлуге болады. Ішкі сала деп 
ұйымның,  мекеменің  өзін  есептесек,  сыртқы  сала  ретінде  осы  ұйымды 
қоршаған ортаны, онымен байланыс жасайтын нысандар мен тұлғаларды атай 
аламыз. Осыған орай, ұйым қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету 
және  осы  арқылы  оның  жағымды  имиджін  қалыптастыру,  ұйымның  ішінде 
қолданылатын  және  ұйымнан  сыртқа  шығатын  бірыңғай  ақпараттық  ағын 
туғызу  баспасөз  қызметінің  басты  мақсатына  жатады.  Ұйым  ішінде  баспасөз 
хатшысы  құрылымдық  бөлімшелер  арасындағы  ішкі  ақпараттық  кеңістікті 
қалыптастырып, жедел ақпарат тарататын коммуникациялық желілер түзеді. 
 
     Бұқаралық  ақпарат  құралдары,  түрлі  деңгейдегі  мемлекеттік  билік 
органдары,  коммерциялық  ұйымдар  құрайтын  сыртқы  саламен  баспасөз 
хатшысы  жоспарлы  түрде  тұрақты  байланыс  жасап  отыруы  керек.  Баспасөз 
қызметінің  жетекшісі,  оның  қызметкері,  сондай-ақ  БАҚ-пен  байланыс 
жасайтын  ресми  өкіл  ұйым  басшысының  түрлі  мәселер  жөніндегі 
көзқарасымен  таныс  болуы  және  оған  тікелей  шыға  алуы  керек.  Баспасөз 
хатшысы,  ресми  өкіл  кезек  күттірмейтін  жаңалықтарды  жоғары  лауазымды 
тұлғаға жеке хатшысын, болмаса көмекшісін айналып өтіп, кез келген уақытта 
тікелей  баяндай  алғаны  жөн.  Басшы  алдына  барудың  мұндай  мүмкіндігі 
қызметтік ережелерге (субординацияға) қайшы келіп жатса да, мұның өзі БАҚ-
қа  қатысты  кейбір  төтенше  мәселелерде  ұйымның  шешім  қабылдауын 
барынша жеделдетеді. 
 
      Қандай  да  бір  шешімнің  қоғаммен    байланысқа  әсерінен  ұйым  саясатын 
айқындайтын тұлғалардың хабардар болуы үшін баспасөз хатшысының, ресми 
өкілдің  осы  шешімдерді  қабылдауға  қатысқандары  жөн.  Шешім  қабылдауға 
қатыспаған жағдайда құжаттың мән-маңызына жете бойламаған ресми өкілдің 
оны БАҚ-қа түсіндіріп беруі қиынға соғар еді.             
 
     Баспасөз қызметтері жүзеге асыратын міндеттер әрқилы. Коммуникациялық 
менеджмент  мәселелерін  зерттеген  мәскеулік  мамандар  А.Бекетов  пен 
Д.Игнатьев ұйым негізі болып табылатын элементтердің бірі ретінде құрылған 
жағдайда 
«баспасөз 
қызметі 
PR 
атқарымдарының 
барлығын 
орындайтындықтан,    оны  PR-департаменті  ретінде  қабылдауға  болады»  деп 
жазады.  Ал,  аталған  құрылым-баспасөз  қызметі  «бұқаралық  ақпарат 


құралдарымен  өзара  байланысты  ұйымдастыруды  көздесе,  яғни  компания 
туралы ақпаратты жеткізетін буын болып табылса, корпоративтік пиардың өзге 
бағыттарымен-бұқаралық  шаралар  ұйымдастырумен,  аналитикамен,  билікпен 
қарым-қатынаспен  қатар  тікелей  өз  ісімен  айналысады».  Сондай-ақ  ғалымдар 
«компанияның  қоғаммен  байланысын  мамандырылған  PR  фирмасы 
жүргізетін»  жағдайға  да  тоқталып  өтеді.  Мұндай  ахуал,  әдетте,  қандай  да  бір 
науқан кезінде орын алады да, басқа уақытта пиар жұмысы жүргізілмейді десе 
де болады.
 
Баспасөз  қызметінің  атқарымдары,  оның  штаттық  кестесі  мен  бюджеті, 
жұмыс тиімділігі осы үш нұсқаның қайсысы таңдап алынғанына байланысты. 
Компания  басшысы  ұйымда  PR  бөлімшесі  (баспасөз  қызметі)  құрылған 
жағдайда мына төмендегі қағидаттарды басшылыққа алғаны абзал:
 
Баспасөз 
қызметінің 
жетекшісі 
компания 
басшысымен 
өзге 
қызметкерлердің қатысуынсыз, тікелей байланысқа шыға алатын болуы қажет, 
ол компанияның ағымдағы қызметі туралы жақсы хабардар болғаны жөн;
 
Баспасөз  қызметінің  жұмысы  компанияның  қысқа,  орта  және  ұзақ 
мерзімдерге  арналған  мақсаттарымен  және  жоба-жоспарларымен  қатаң 
сәйкестікте құрылуы керек;
 
Басшылық  алға  қойған  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  баспасөз  қызметі 
компанияның  өзге  бөлімшелерінен  барлық  қажетті  ақпаратты  кідіріссіз  әрі 
жедел алып тұрғаны жөн;
 
Компания  басшылығы  ат  салысатын,  жұртшылық  білуге  тиісті  іс-
шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға қатысуы қажет;
 
Баспасөз  қызметінің  жетекшісі  (қызметкерлері)  журналистер  ортасында 
беделі  бар,  өз  ісінің  жетік  білетін  әрі  компания  басшылығының  сеніміне  ие 
маман болғаны жөн. 
 
Баспасөз  қызметі,  әдетте,  мына  төмендегідей  бағыттар  бойынша  жұмыс 
істейді.
 
Бірінші    -  аналитикалық  бағыт.  Бұл  бағыт  бойынша  мынадай  міндеттер 
шешімін табады:
 
Фирма қызметі туралы мерзімді баспасөз жарияланымдары мен радио және 
теледидар хабарларына мониторинг жасап отыру;
 
Нарық  туралы  жарияланымдарға  талдау  жасау,  басшылыққа  қайсыбір 
шараларды өткізу жөнінде нақты ұсыныстар беру;
 
Компанияның  ақпараттық  саясатының  жоспарлары  мен  стратегиясын 
жасау.
 
Екінші–креативтік бағыт. Оның функциялары:
 
Компания  басышылығы  мәлімдемелерінің  мәтінін,  пресс-релиздер  мен 
баспасөз  қызметінің  жедел  ақпараттарын  әзірлеу,  бұқаралық  ақпарат 
құралдарында жарияланатын мақалалар жазу, бейнематериалдар даярлау;
 
Журналистер  назарын  аударатын  ақпараттық  себептер  ойлап  табу  болып 
табылады.
 
Үшінші – ұйымдастырушылық бағыт. Ол бойынша баспасөз қызметі:
 
 Компания  басшылығының  баспасөз  мәслихаттарын  өткізеді,  сұхбаттарын, 
радио және теледидар арқылы сөйлейтін сөздерін ұйымдастырады;
 


Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  тікелей  және  жанама  жарнама 
орналастырады;
 
Редакциялық-баспа қызметімен шұғылданады;
 
Компания  қызметі  туралы  бейнероликтер  мен  сюжеттер  түсіріп, 
монтаждауды техникалық жағынан қамтамасыз етеді.
 
Компанияның  қалыптасқан  құрылымына,  мақсаты  мен  міндеттеріне, 
қызметкерлерінің  біліктілік  дәрежесіне  сәйкес  баспасөз  қызметінің  аталып 
өткен атқарымдарының бірқатары өзге бөлімшелерге жүктелуі де ықтимал, бұл 
ретте    толықтай  немесе  ішінара  орындалуы  мүмкін.  Мәселен,  мониторинг 
жасаумен  талдау,  стратегиялық  жоспарлау  департаменті,  болмаса,  қауіпсіздік 
қызметі  айналыса  алады,  ал  редакциялық-баспа  жұмысын  жарнама  бөліміне 
жүктеуге болады. 
 
Мұны  мынадай  мысалмен  түсіндіре  кетелік.  Баспасөз  қызметі 
атқарымдарының  бірі  -  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  мониторингін 
алайық.  Өткен  күннің  баспасөзге  шолуы  мекеме басшысының  алдында  таңғы 
9-да  жатуы  тиіс.  Ол  сонымен  қатар  қандай  да  бір  оқиғаға  ақпараттық  үн  қату 
мәселесі  бойынша  ұсыныстармен  танысып  шығуға  тиіс.  Мұндай  көлемді 
материалдарды  әзірлеп    шығу  үшін  30-дан  астам  қызметкері  бар  әжептәуір 
ұжым қажет болады. Мұндай жағдайда баспасөз хатшысының немесе баспасөз 
қызметі  басшысының  лауазымы  компанияның  вице-президентінен  кем 
болмауға тиіс. 
 
Сондықтан  да  баспасөз  қызметі  көбіне  нақты  жұмыс  саласы  –  бұқаралық 
ақпарат  құралдарымен  байланыс,  немесе  медиарилейшнз  үшін  жауап  береді. 
Осы  орайда  баспасөз  қызметі  мен  PR  бөлімшесі  функцияларының 
айырмашылығы нақты көрініс табады. Баспасөз қызметі үшін ұйым мүддесіне 
орай  қарым-қатынас  жасау  талап  етілетін  басты  нысан-журналистер, 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  болып  табылады.  PR  бөлімшесі  болса  алуан 
түрлі  аудиториямен,  ұйымдармен  жұмыс  істейді.  Сондықтан  да  баспасөз 
қызметінің  атқарымдары  мен  міндеттерінің  ауқымы  шағындалып,  оның 
құрылымында бұқаралық ақпарат құралдарына шолу жасайтын және БАҚ-пен 
байланыс  орнататын  екі-үш  сектор  немесе  топ  бола  алады.  Көптеген 
мекемелердің  баспасөз  қызметінде  істейтін  мамандардың  саны,  әдетте, 
бесеуден  аспайды,  ал  оның  жетекшісінің  мәртебесі  бөлім  бастығының 
дәрежесіне сай келеді.  
 
Егер «аутсорсинг» әдісі пайдаланылса, яғни PR-агенттікпен шарт жасалса, 
баспасөз қызметінің құрамында екі қызметкерді: жетекші мен оның хатшысын 
қалдыруға  болады.  Мұндай  жағдайда  бұқаралық  ақпарат  құралдарына 
мониторинг  жасау  (кейде  БАҚ-пен  қарым-қатынас  орнатуды  да)  фирма 
басшысының  тікелей  нұсқауы  бойынша  мамандандырылған  PR-агенттігіне 
тапсырылып, оның ай сайынғы бюджеті арнайы келісіледі.
 
Мәселен,  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  нарығын  және  қаржы 
ұйымдарын  қадағалау  мен  реттеу  агенттігінің  баспасөз  қызметі  алғаш 
құрылғанда  бір  ғана  баспасөз  хатшысынан  тұрды.  Бұқаралық  ақпарат 
құралдарымен байланыс жасау, корпоративтік «Қаржы хабаршысы» журналын 
шығару  осы  баспасөз  хатшысына  жүктелді.  Ал,  агенттік  басшылығы  үшін 


бұқаралық  ақпарат  құралдарына  жасалатын  күн  сайынғы  шолуды  әзірлеу 
«Медиа-систем» ақпараттық-талдау агенттігіне жүктелді, онымен арнайы шарт 
жасалып, бюджеті бекітілді. 
 
Мекеменің  тарихын  жасау,  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  байланысты 
оңайлату үшін баспасөз қызметінің құрамында немесе компанияның штатында 
кәсіпқой фотограф пен телеоператор ұстау және оларды арна 
йы 
құрал-
жабдықпен қамтамасыз ету қажет болады. Бұл қызметкерлердің әрқайсысымен 
компанияның  фото және  бейнематериалдарға деген  авторлық құқығын  сақтау 
жөнінде  арнайы  шарт  жасалады.  Осы  арқылы  компанияның  фото  және 
бейнеархиві түзіледі.  
 
Баспасөз  қызметінің  аналитикалық  бағыты.
 
Аналитикалық  бағыт-  қай 
баспасөз  қызметінің  болмасын  негізін  қалайтын  тұғыр  болып  табылады.  Бұл 
жұмыс  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  картасын  немесе  «медиакарта» 
түзуден  басталады.  Ол  баспасөз  қызметінің  басты  құжаттарының  бірі  болып 
табылады.  Ақпараттық  кеңістікте  осы  картаға  қарай  отырып,  бағыт-бағдар 
ұстануға болады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет