Интернет-БАҚ
Жетекші
ақпарат
агенттіктерінің нақты уақыт
режимімен
жаңартылып
отыратын ақпараттық және
жаңалықтық
таспалары,
тақырыптық, ойын-сауықтық
сайттар, форумдар, чаттар,
блогтар.
Материалдарды
жариялаудың әбжілдігі әрі
орасан зор аумақты қамтуы.
Көру
және
есту
эффектілерін пайдалануға
болады.
Жарияланған
материалдардың тиімділігін
байқау
(форумдардағы
пікірлер, сайтқа кірушілер
саны) мүмкіндігі бар.
Аудиторияның
шектеулілігі
(жастар,
табысы ортадан жоғары
кісілер).
Ақпараттық
және
жарнамалық
материалдардың
көптігі. Сондықтан да
берілетін материалдар
айырықша көзге түсетін
болуы
шарт,
бұл
жоғары
шығармашылық және
материалдық ресурсты
талап етеді.
БАҚ арқылы берілетін бұқаралық ақпарат қалың көпшілікке арналып,
оқырман және көрермен қауымның талап-тілегін қанатағаттандыруға
бағытталғандықтан, аталған ақпарат адамдардың таза кәсіби емес, жалпы
әлеуметтік, экономикалық көзқарастарын қалыптастырады. Бұқаралық ақпарат
құралдарымен жұмыс істеу барысында жұртшылықпен байланыс қызметтері
медиа-нарықта болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды жіті талдап әрі
қадағалап отырулары үшін қазіргі заманғы масс-медиа типологиясын білуі
қажет
(2-кесте)
. Типология дегеніміз-зерттеу объектісін жалпылама модель
арқылы танып-білу тәсілі. БАҚ типологиясына сәйкес жекелеген масс-медиа
түрлерінің жұмыс ерекшеліктері, қасиеттері мен сапалық белгілері
айқындалады. БАҚ сипаттамаларын зерттеу аудиторияға жеткізілуге тиісті
ақпаратты тиімді орналастыруға мүмкіндік береді. Мәселен, әкімшіліктен
берілетін ақпарат таралымы жоғары БАҚ-қа ұсынылса, жаңа өнім немесе
қызмет жайлы хабар бизнес-басылымда жариялануға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: