фототілші, видеооператор
сияқты мамандық өкілдері де болуы мүмкін.
Баспасөз қызметінің шығармашылық тобындағы меншікті тілшілер, ТВ-
репортерлер мен операторлар БАҚ редакциялары үшін материалдарды өздері
әзірлеп бере алады.
Халықаралық деңгейдегі ірі ұйымдардың баспасөз қызметтері техникалық
тұрғыдан жақсы жарақтандырылуымен ерекшеленеді. Әдетте, олар соңғы
үлгідегі телефондар мен телетайптарды, факстерді, компьютерлер мен
электронды дерек банктерін, ішкі теледидар жүйесі мен радиожелісін,
автоматтандырылған
ақпараттық-анықтамалық
пункттерді
иеленіп,
кітапшалар, пресс-релиздер мен өзге де баспа өнімдерін шығара алады,
сондай–ақ оларда қызмет көрсету сервисі де (тамақтандыру, экспедиция, көлік,
т.б.) жолға қойылған.
Журналистерді аккредитациялау.
Акредитациялау тобы журналистерге
аккредитация кәртішкелерін, сондай-ақ теледидардың шығармашылық
бригадаларының, фототілшілердің жұмысын қамтамасыз ететін құжаттар
береді, БАҚ өкіліне бекітілген жеке пресс-бокстың кілтін табыс етеді. БАҚ
өкілдерін аккредитациялау квоталарын әкімшілік басшылығы, баспасөз
қызметінің жетекшісі редакциялардан түскен өтініштер санына, бөлмелердің
техникалық мүмкіндіктеріне (журналистердің жұмыс орындары, байланыс
құралдарының «қуаты»), т.б.) орай айқындайды. БАҚ редакцияларының
өтініштері мен квотаға сәйкес акккредитациядан өткен журналистер
аккредитациялық анкета толтырады.
Баспасөз қызметінің жетекшілері журналистерге арнап баспасөз
мәслихаттарын өткізіп, мәдени бағдарламалар ұйымдастырады.
Баспасөз хатшысы.
Баспасөз қызметіндегі басты тұлға баспасөз хатшысы
болып табылады. Ол өз қызметінде үш функцияны: ақпараттық, қоғамдық-
саяси және басқарушылық атқарымдарды жүзеге асырады. Оның қызметі
басшылықтың қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-
қатынас стилін бедерлеп көрсетеді. Жұртшылықты өз мекемесінің қызметімен
ұдайы хабардар етуге ұмтыла отырып, баспасөз хатшысы апталық баспасөз
мәслихаттарында, ай сайынғы кездесулерде немесе маңызды оқиғалардан
(жаңа
шешімдер
қабылдау,
жаңа
тағайындаулар)
кейін
іле-шала
журналистермен әрдайым жүздесіп отырады. Журналистермен кездесулер
арқылы баспасөз хатшысы қызметінің ақпараттық функциясы жүзеге асады.
Журналистермен жұмыс істеу барысында баспасөз хатшысы олардың
даярлығы жоғары мамандар екендігін әрі проблеманың мәнін жете
түсінетіндіктерін есепке алуы, редакцияға (немесе телефонға) асыққандықтан,
берілетін жаңалықтарға өз мақаласын немесе есебін енгізіп үлгіруге
тырысатындықтан журналистер баспасөз мәслихатын аяқтамай кетіп
қалатындықтарын ескеруі керек. Сондықтан да журналистердің уақытын
үнемдеуге көңіл бөліп, белгіленген регламентті сақтау үшін оларға берілетін
ақпарат қысқа да нұсқа болуы, «тоқсан ауыз сөз тобықтай түйінге сыюы»,
маңызды ақпарға баса назар аударылуы керек. Баспасөз мәслихаттарына
журналистердің қатысуы мақаланың жарық көретіндігін емес, тақырыпқа
ынта-ықылас аударылғандығын білдіреді.
Тілшілер алдында сөйлей отырып, баспасөз хатшысы уақиғаның егжей-
тегжейін баяндайды, ой-пікірлерді, қосымша айғақ-дәлелдерді келтіреді,
балама көзқарастарды ұсынады, сөйтіп басшылықтың іс-қимылына,
басқарушылық шешімдерге түсініктеме береді, түрлі көзқарастарды бүкпесіз
қарастыру, оппоненттеріне құрмет білдіру арқылы жұртшылық сенімінен
шығады. Түсініктеме беру өнері арқылы баспасөз хатшысының қоғамдық-
саяси функциясы жүзеге асады. Өз түсініктемелері арқылы ол сол кезеңде
маңызды болып отырған қоғамдық қатынастарды айқындап, баспасөз
мәслихаттарында талқыланатын оқиғалардың мән-жайын білуге мүдделі
әлеуметтік институттарға үн қатады.
Ақыр-соңында, баспасөз хатшысы арқылы көп жағдайда басшылықтың
бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғаммен кері байланысы жүзеге
асырылады. Баспасөз хатшысы жария ететін жағымды-жағымсыз ақпаратқа
жауап реакция ұйым ішінде дереу белгілі болып, мұның өзі баспасөзбен
қарым-қатынас стилін өзгертуге мұрындық болады. Баспасөз хатшысының
басшылық пен жұртшылық арасындағы кері байланысқа араласуы оның
қызметінің басқарушылық функциясын жүзеге асырады.
Объективтілік, жеделдік, шынайылық, оқиғаны жария етудегі немесе
түсініктеме берудегі ақпараттық толымдылық баспасөз хатшысы қызметінің
принциптері болып табылады, оның ой-толғамдарының беделділігі
лауазымның ресми мәртебесімен, сондай-ақ ұйымның, билік құрылымының
мәртебесімен нығая түседі.
Баспасөз хатшысының жұмыс күні өте тығыз: ол басшылықпен іскерлік
жағдайда жолығысып, түрлі жиналыстар мен мәжілістерге қатысады, жедел
ақпаратпен танысып (құжаттарды, мәлімдемелерді, ішкі (қызметтік) ақпаратты,
баяндамаларды және шолуларды оқып) шығады, поштаға талдау жасайды,
құлақтандырылып қойылған баспасөз мәслихаттарына даярлық жасайды,
баспасөз
мәслихаттары
мен
брифингтер
өткізеді,
журналистермен
(редакциялармен) бейресми жағдайда кездеседі, басшылыққа арнап
ақпараттық топтамалар әзірлейді, басшы іссапарға шыққанда еріп жүреді.
Оның әр күні түрлі оқиғалар мен жаңалықтарға толы.
Баспасөз хатшысының айрықша міндеттерінің бірі – басшының сөзін жазу
(ірі ұйымдарда бұл жұмыспен арнайы маман-спичрайтер айналысатыны
жоғарыда айтылды). Әрбір сөзде баспасөз хатшысы басшының тыңдарман,
көрермен жазбай танитын сөйлеу мәнерін, имиджін сақтауы қажет; өз
бастығының әрбір сөзін белгілі науқанға, оның тұрақты қызмет өрісінің
бағыттарына бағындыруы; аудитория назарын басшының кезекті сөйлеген
сөзіне (мәтінге тыңдарманды елең еткізер ақпарат қосу арқылы) аударуға; әзіл-
қалжыңды, қанатты сөздерді орынды пайдалану арқылы шешен сөзіне ықылас
оятуға тиіс.
Сөз жазуға тек баспасөз хатшысы ғана емес, сондай-ақ басшының өзі,
оның кеңесшілері, сөзде көтеріліп отырған мәселе бойынша сарапшылар да
атсалысады.
Бұл
басшы
командасының
шығармашылық
тобының
шығармашылық жұмысы (кеңесшілер мен референттер сөздің ұсынылған
нұсқасын қарап шығып, түзетулер енгізеді) болып табылады. Басшының өзі
болса, сөздің композициясын да, дәлелдемені де толығынан өзгерте алады.
Баспасөз хатшысының бүкіл қызметі түрлі талаптармен, ережелермен,
регламенттермен және процедуралармен реттеліп отырады. Ол «екі майданға»
жұмыс істейді: «өз» қамына қоса, ол бастығының да бүкіл іс-әрекетінен
хабардар болады. Басшының күнделікті тығыз графигіндегі кез келген бос
уақытты баспасөз хатшысы кеңес алуға, тұжырымдар жасап, кезекті сөздер мен
баспасөзге арналған мәлімдемелер жоспарын құруға, ағымдағы баспасөз
мәслихаттарын өткізуге пайдаланып қалуға тырысады.
Басшының командасына қатыстылық лидермен қатар жұмыс істегенде
баспасөз хатшысын саналы түрде көлеңкеге, екінші планға ауысуға
итермелейді. Журналистермен ұйымдастырушылық жұмыс барысында
баспасөз хатшысы өз талантын көрсетсе де, оның бүкіл жеке табысы
басшының, команданың, белгілі бір құрылымның абырой-беделіне қосылады.
Режиссер актердің ойынына барын салатыны тәрізді баспасөз хатшысы да өз
лидерінің ресми мәлімдемелерінің жұрттың көңілінен шығуы үшін тырысып
бағады. Осы орайда қоғамдық-саяси немесе экономикалық (коммерциялық)
қарым-қатынастарға байланысты қайсыбір оқиғаға өз көзқарасын білдіруі
орынсыз
саналады.
Баспасөз
хатшысының
өзі
өткізген
баспасөз
мәслихаттарының қорытындылары бойынша аналитикалық шолулар жазып,
журналистермен шығармашылық сайысқа түсуінің, оларға «журналистиканың
озық үлгісін» көрсетуінің қажеті де шамалы. Мұның бәрі баспасөз
хатшысының
өзіне
жүктелген
тікелей
міндеттен-журналистермен
ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуден ауытқу болып табылады. Баспасөз
қызметі жетекшісінің өзге қаламгерлер қолына түсе бермейтін ақпаратты
пайдаланатын мүмкіндігі бар, міне, осыдан келіп баспасөз хатшысы өзінің
қызмет жағдайын асыра пайдаланады деген пікір туындауы ықтимал.
Сөйтіп, алымды баспасөз хатшысы ақпараттың қайнар көзі болуы керек,
журналистер тек сонымен ғана сөйлесуге ұмтылулары тиіс, себебі ол
басшылықпен күніне бірнеше мәрте жолығысады, жақсы хабардар болып,
бағдарламаларды жасауға, талқылау мен жүзеге асыруға, түйінді шешімдерді
қабылдауға қатысады, сондай-ақ басшыны журналистермен жүздесуге
даярлайды, сондықтан да ол бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудара
алатын ақпараттық желеу табуға және ақпаратты мүдделі жұртшылық
топтарына жеткізу үшін мүмкін болған барлық құралды пайдалануға тиіс.
Баспасөз мәслихаты.
Журналистермен жұмыс істеу барысында баспасөз
хатшысы жүзеге асыратын ұйымдастыру шараларының бірі – баспасөз
мәслихаты. Тұрақты баспасөз мәслихаттары арнайы жабдықталған жайларда -
баспасөз клубтарында, конференц-залдарда, журналистер клубтарында,
баспасөз орталықтарында өткізіледі. Оларда станционар құрал-жабдық:
микрофондар, ТВ-камералар, жарықтандыру құрылғылары, телевизия
қабылдағыштар, телефакс және телефон байланысы, Интернет, техникалық
қызметтер-фотолаборатория, ұйымдастыру техникасы, ілеспе аударма жүйесі,
аккредитация және қауіпсіздік қызметтері, сондай-ақ дәрігерлік пункт,
дәмхана, газет-журналдар, кеңсе тауарлары, сый бұйымдар сатылатын
дүңгіршектер болады.
Баспасөз мәслихаты журналистерге онша таныс емес орында өткізілсе,
арнайы сызба арқылы қалай жету керектігін түсіндіріп, көлік тоқтайтын
орындарды көрсету қажет. Мәслихат өткізілетін орын таңдалғаннан кейін
мына төмендегілерге назар аудару қажет болады:
-Орын саны шақырылған журналистер санына сәйкес келгені жөн, сондай-
ақ қосымша 10-15 орын ұстау керек;
-Қызмет көрсететін адамдар тапсырылған іске жауапкершілікпен
қарайтын білікті мамандар болғаны дұрыс;
-Таратылатын материал жеткілікті болуы тиіс, әрбір журналист үшін
пресс-кит, яғни пресс-релиздер, 5-6 беттік қосымша материалдар,
фотографиялар, графиктер мен диаграммалар, ұйым туралы егжей-тегжейлі
мәліметтер, сөз сөйлеушілердің тізімі және сөздердің қысқаша мазмұны, ұйым
менеджерінің визит кәртішкесі әзірленеді. Пресс-китке сондай-ақ фирма
өнімінің шағын үлгілері (логотип басылған пластик дорба, блокнот, қалам, т.б.)
кіруі мүмкін;
-Аудио және бейне техника арнайы орында тұруы және тексерілуі қажет;
-Баспасөз мәслихаты аяқталған соң эксклюзивті интервью алғысы және
редакцияға жедел хабар жеткізгісі келетін журналистер үшін бос бөлме
қарастырылғаны жөн, бұл бөлмеде жұмыс үстелдері, телефон-факстер,
телекоммуникация құралдары болуға тиіс.
-Баспасөз мәслихатында сөйлеушілер алдында олардың аты-жөндері,
лауазымдары жазылған тақталар тұруы керек.
Баспасөз қызметі редакцияларға алдын ала шақыру жібереді, келетін
журналистердің тізімін алады. Бұл әсіресе, баспасөз мәслихатынан соң
коктейль немесе фуршет ұйымдастырғанда қонақтар санын білу үшін қажет.
Мәслихат өткізудің қолайлы уақыты таңғы 10-нан түскі 15-ке дейінгі
кезең, себебі журналистер материалдарын кешкі жаңалықтарға дейін әзірлеп
үлгіре алады.
Баспасөз мәслихатын өткізу сценарийінде орындаушылар көрсетіліп,
бөлінетін уақыт (минутына дейін) есептеледі, атап айтқанда:
Мәслихат ашылып, оны ұйымдастырушылар таныстырылады;
Жүргізуші кіріспе сөз сөйлейді;
Шешендерге сөз беріледі, хабарламалар жасалады;
Сұрақтарға жауап беріледі;
Мәслихат жабылады.
Слайдтар,бейнероликтер көрсетілетін, сусындар ұсынылатын бейресми
бөлім де қарастырылады.
Баспасөз мәслихатын баспасөз хатшысы (немесе баспасөз орталығы PR–
агенттіктің,
баспасөз
клубының
жауапты
қызметкері)
жүргізеді,
аккредитацияланған журналистерге арналған мәдени бағдарламаны да баспасөз
қызметі қамтамасыз етеді.
Баспасөз мәслихаты бір сағат ішінде аяқталуы қажет, сұрақ-жауапқа,
әдетте, 15-20 минут бөлінеді. Соңғы сұрақ әдейі бөліп көрсетіледі де, оған
жауап берілгеннен кейін баспасөз мәслихаты жабылады.
Журналистерге баспасөз мәслихаттарынан бөлек брифингтер де
ұйымдастырылады. Брифингке бөлінетін уақыт қысқа болғандықтан әдетте
сұрақтарға жауап берілмейді. Төмендегі суретте баспасөз мәслихаты мен
брифингтің ерекшеліктері көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |