Құрамдас бөлік ретінде банк жүйесі үлкен жүйеге-елдің кредит жүйесіне
кіреді. Ал кредит жүйесі болса елдің экономикалық жүйесіне енеді. Өзінің
практикалық қызметінде банктер мен банк жүйесі бюджет-салық және басқа
жүйелермен тығыз бірлесе отырып, экономикалық өмірді реттеу мен
басқарудың ортақ тетігіне жымдаса кірігеді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР
Ұлттық банкі және оның аумақтық органдары банк жүйесінің жоғарғы
деңгейін білдіреді және елдің эмиссиялық, резервтік, есеп айырысу, кассалық
орталығы болып табылады, норма шығарушылық, бақылаушылық құқыққа ие,
соңғы инстанциядағы кредитор рөлін атқарады, ақша-кредит, валюта саясатын
белгілейді. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, ақша-кредит
саясатын өмірге енгізу, елдің кредит жүйесіне басшылық жасау.
Ұлттық банк мемлекеттік биліктің атқарушы органдарынан экономикалық
және саяси тәуелсіздікке ие. Оның қаржылық тәуелсіздігі ұйымдастырушылық
және
қаржылық
қырларында
көрініс
табады.
Ұлттық
банктің
ұйымдастырушылық тәуелсіздігі оның мемлекеттік бюджеттен жарғылық
капиталмен, мүлікпен қамтамасыз етілген және оларға иелік ету, пайдалану
және басқару өкілеттігін жүзеге асыратын дербес мемлекеттік орган болуынан
байқалады. Ұлттық банктің қаржылық тәуелсіздігі оның мемлекет
міндеттемелеріне жауап бермеуінен, ал мемлекеттің оның міндеттемелеріне
жауап бермеуінен көрініс табады.
ҚР Ұлттық банкінің саяси тәуелсіздігінің көрінісі ретінде оны мен ҚР
Үкіметі
арасындағы
формальды
байланыстардың
жоқтығын,
кадр
мәселесіндегі тәуелсіздігін атауға болады, заң бойынша ол тек ҚР Президенті
мен Парламентіне ғана есепті. Оның қызметіне республикалық және жергілікті
атқарушы органдар араласа алмайды.
Өз құзіретінің мәселелері бойынша ҚР Ұлттық банкі мемлекеттік биліктің
орталық органдарына және олардың аумақтық органдарына, жергілікті билікке,
сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға міндетті нормативтік актілер шығарады.
ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі барлық банктерге (Қазақстан Даму
банкісінен басқаларға) олардың қызметін реттейтін бірыңғай нормативтер мен
талаптар белгілейді.
Орындайтын операцияларының сипатына қарай банктер әмбебап және
мамандандырылған болып бөлінеді. Әмбебап банктер банктік операциялардың
кең ауқымын орындайды: кредит беру, депозиттік, валюталық және
инвестициялық операциялар, экономиканың барлық салаларында жеке және
заңды тұлғалармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды және басқа
дәстүрлі, сондай-ақ қазіргі заманғы операцияларды жүргізу. Қазақстанның
барлық екінші деңгейдегі коммерциялық банктері әмбебап болып табылады.
Банктердің әмбебаптық мәртебесі қызметтерді әртараптандыру арқылы
тәуекелді кемітеді, клиенттерге кешенді қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді
және жалпы алғанда Қазақстан экономикасының қазіргі сұраныстарына сай
келеді, банк жүйесінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: