Жетпісбай бекболатұЛЫ


-кесте.  Медиааналитика түрлері



Pdf көрінісі
бет16/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

4-кесте
Медиааналитика түрлері
 
 
 
Атауы 
Сипаттамасы 
Мүмкіндіктері 
Мәтіндердің 
психолингвистикалық 
анализі 
Жалпы психология, 
психосемантика, семиотика 
және психолингвистика 
әдістерін пайдалана отырып, 
хабарламалардың мәтіндері мен 
бас тақырыптарына талдау 
жасау 
Мәтінде сипатталған/аталған 
объект туралы пікірді 
қалыптастырудың жасырын 
тетіктерін айқындауға, қажет 
болғанда өзгертуге мүмкіндік 
береді 
Бейнеобраздардың 
психосемантикалық анализі 
Жалпы психология, 
психосемантика мен семиотика 
әдістерін қолдана отырып, БАҚ 
хабарламаларындағы 
бейнелерге (бейне және 
фотосуреттер) талдау жасау 
Мәтінде сипатталған немесе 
атап өтілген объект туралы 
пікірді қалыптастырудың 
жасырын тетіктерін 
айқындауға, қажет болғанда 
өзгеріс енгізуге мүмкіндік 
береді 
Сарапшыларға сұрау салу 
(10 сарапшыға) 
Тақырып бойынша сарапшы 
ретінде сөйлей алатын, түрлі 
топтардың көзқарасын 
білдіретін кісілерге сұрау салу 
Референтік кісілерден құпия 
ақпаратты тікелей алуға 
жәрдемдеседі 
Баспасөз қызметінің жұмысын жоспарлау.  Медиазерттеулер мен баспасөз 
қызметінің  күнделікті  тірлігін  байланыстыратын  «көпір»-жоспарлау  болып 
табылады.    Баспасөз  қызметкерлері  ең  аз  дегенде  жоспардың  үш  түрін 
басшылыққа алулары тиіс:
 
Ұзақ  мерзімді  жоспар,  ол  ағымдағы  және  одан  арғы  жылға  арналады. 
Мәселен,  сайлауды  алайық.  Ол  мемлекеттік  басқару  органдарының  баспасөз 


қызметтері  үшін  алдын-ала  жоспарға  енгізілетін,  дайындық  жұмыстары 
жүргізілетін науқан болып табылады.
 
Орта  мерзімді  жоспар,  жарты  жыл-бір  жылды  қамтиды.  Нақтылыққа 
негізделеді.  Мәселен,  мемлекеттік  басқару  органдары,  ауылшаруашылық 
кәсіпорындары  үшін  көктемгі  егіс,  орақ,  мал  қыстату  науқандары  болып 
табылады.
 
Қысқа  мерзімді  жоспар,  мұнда  жұмыс  барысы  егжей-тежгейлі 
пысықталады.   
 
Медиажоспарлау.
 
  Медиажоспарлау  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  
хабарлама  орналастыру  дегенді  білдіреді.  Баспасөз  қызметінде  жинақталған 
деректердің  барлығы  медиажоспар  негізіне  алынады.  Медиажоспар 
хабарламаларды  мақсатты аудиторияларға жеткізетін таратушыларды таңдау, 
хабарламаны  орналастыру  кестесі  және  оны  жариялау  әдістерін  анықтау 
жөніндегі ақпарат бар құжат болып табылады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет