Жетпісбай бекболатұЛЫ



Pdf көрінісі
бет37/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

Қайырымдылық    қызмет,  демеушілік.
  Бұл  орайда    әңгіме  тегіннен-тегін  
ақша  бөлуге емес,  банктің  беделін арттыру міндетіне қатысты  болып отыр 
(мұнда  нысанды  дұрыс    таңдай  білу,    бөлінген  ақшаның  қалай    жұмсалып 
жатқанын    қадағалаудың  қажет  екені  өзінен-өзі    түсінікті).    Қазіргі  таңда 
банктердің  көпшілігі  қоғамдық  жобаларға  немесе  ұйымдарға  демеушілік 
көрсетіп  отырады.  Демеушілік  қызмет-имиджді  қалыптастырып,  бекітудің 
тиімді әдістерінің бірі. Демеу көрсетілетін шаралардың түрі банктің имиджіне, 
корпоративтік  философиясына  және  жарнама  стратегиясына  сәйкес  таңдап 
алынады.
 
Жұртшылықтың банкке  деген көзқарасын  орнықтыру үшін  түрлі тәсілдер 
пайдаланылады, атап айтқанда:
 
- фирмалық стильді  қалыптастыру;
 
- фотография  мүмкіндіктерін  түрлі   иллюстрацияларды 
жасауға,  т.б.  
қолдану (бұл орайда сурет эстетикасына  назар аударған абзал);
 
-  кино  және  аудиобейнеқұралдар,  фильмдер,  кинороликтер  әзірлеу 
(бұлардың    қай-қайсысы  да    белгілі  бір    мақсатқа    бағытталуы,  белгілі    бір  
аудиторияға  есептелген болуы шарт.  Тосылып отырған нақты әсердің кеткен 
шығынмен салыстырылуы қажет); 
 
-  ауызша    насихат-банк  басшыларының  түрлі    форумдарда    сөйлеген 
бейнелі  сөздері  (сондай-ақ банк атынан телефонмен сөйлеу мәнері де маңызға 
ие-жауап  барынша    мәдениетті  әрі  сауатты    берілуге  тиіс)  сияқты  түрлері 
пайдаланылады. 
 
Банктің  ел  экономикасын    сауықтыруға,  халықтың  әл-ауқатын  арттыруға 
қосып  отырған  үлесі  туралы    жұртшылықты  құлақтандыру  қажет.  Банктің 
қоғамға пайда келтіріп жатқанын ел білуге тиіс. Әлбетте, банктің атауы мұндай 
шараларды  көпшілікке  таныстыру  барысында  мүмкіндігінше  кеңінен 
насихатталуға  тиіс.  Бұл  міндет  паблисити  әдістерін  қолдану  арқылы  шешімін 
табады. Банктегі паблиситидің:
 
банктің тарихын қағаз бетіне (бейнетаспаға) түсіру;  
қоғамдық ұйымдарға қатысу;  
банк қауымдастығының өзге де мүшелерімен іскерлік және бейресм 
қатынастар орнату;  
банк қауымдастығының туындап отырған мәселелеріне бей-жай қарамай, ынта 
білдіру;   
банк басшылығының паблиситиі;  
қаржылық паблисити сияқты негізгі бағыттары бар.  
 
Банктің  жалпы  стратегиясымен  тығыз  байланысы  бар  жүйелі  паблисити  
қызметіне  ауқымды  рыноктық  және  ішкі  ақпарат  қажет  болады.  Негізінен 
алғанда  бұл  ақпарат:  нарықтың  толымдылығы;  банк  өнімінің  өмірлік 
циклының 
кезеңдері; 
бәсекелестер 
қызметі; 
мақсаттық 
топтардың 


сипаттамалары  сияқты  өлшемдерге  қатысты.  Мұндай  деректер  нарықты 
зерттеу барысында алынады. 
 
Қоғаммен  байланыс  бірнеше  бағыт  бойынша  құрылуы  мүмкін,  олардың 
ішінде  аса  маңыздылары:  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  байланысты 
ұйымдастыру; мақсатты аудиториялармен байланыс орнату; мемлекеттік билік 
және басқару органдарымен қарым-қатынас жасау болып табылады.
 
Бұқаралық ақпарат құралдарымен берік байланыс орнату оларды пайдалана 
отырып, банк қызметіне және оның өнімдеріне         назар аударту үшін тиісті 
деректерді-баспасөз  хабарламаларын,  жарияланымдарды      ұдайы  таратып 
отыруға мүмкіндік туғызады..
 
Хабарламаларын жария ету барысында банктер 
көп  ретте  баспасөзге  басымдық  береді.    Себебі  газеттің  ғұмыры  ұзақ,  оны 
қолдан-қолға  беруге  болады.  Қазақстан  іскерлік  басылымдарының  арасында 
«Қазақстан іскері», «Экономика», «Панорама» газеттерінің шоқтығы биік. 
 
Мақсатты  аудиториялармен  тікелей  қарым-қатынас  жасау  банк  пен 
тұтынушылардың  нақты  топтары  арасындағы  өзара  түсіністікті  нығайтуға 
қызмет  етеді.  Ал,  мемлекеттік  билік  және  басқару  органдарымен  араласу 
жалпы  банк  қызметіне  және  нақты  банкке  қатысты  жекелеген  қаулылар  мен 
реттеуші сипаттағы өзге де шешімдерді қабылдауға бағытталады. 
 
Қазіргі таңда көптеген батыс банктері имиджді нығайтудың: 
 

 
Business  Development  Days  –  «Бизнесті  дамыту  күндері»  науқаны  (банк 
басшысының  үкіметтік,  институионалдық  және  корпорациялық  клиентурамен 
араласуы); 
 

 
Bank Image Audit – «Банк имиджін сын тезіне салу» (банк клиенттері мен 
қоғамның  пікірін  айқындау  үшін  рейтингтік  және  социологиялық  зерттеулер 
жүргізу) сияқты тәсілдеріне жүгіне бастады. 
 
Банк туралы РR ақпаратын жеткізушілер: 
 
o
 
Банктің атауы. 
 
o
 
Банк логотипі. 
 
o
 
Банктің ғимараты мен аумағы. 
 
o
 
Банктің ішкі интерьері. 
 
o
 
Персонал. 
 
o
 
Корпоративтік стиль. 
 
o
 
Баспасөз конференциялары, брифингтер, тұсаукесерлер. 
 
o
 
Келісім-шарттарға көпшілік алдында жария қол қою.
 
o
 
Көрмелер. 
 
o
 
Ашық есік күндері. 
 
o
 
Банктің ақпараттық бюллетендері. 
 
o
 
Банк хаттары. 
 
o
 
Тікелей пошта таратылымдары. 
 
o
 
Түрлі тасушылардағы постерлер мен жарнама. 
 
o
 
Банк шығаратын акциялар, чектер, кредит карталары. 
 
o
 
Конверттер, бланктер, визит кәртішкелері. 
 
o
 
Сый  бұйымдар  (қалам-қарындаштар,  оттықтар,  салпыншақтар, 
күнтізбелер, блокноттар, папкілер, т.б.). 
 


o
 
Банк  демеуші  болып  табылатын  театр  бағдарламалары,  плакаттар, 
буклеттер, түрлі шаралар афишалары.
 
o
 
Банктің жылдық есептері. 
 
o
 
Аудиторлық есеп тұжырымдары. 
 
o
 
Банк  басшыларының  банк  саясаты  туралы,  қаржы  нарықтарындағы 
жағдай жөніндегі сөздері. 
 
o
 
Корпоративтік газет, журнал. 
 
o
 
Банктің телефон (анықтама) қызметі. 
 
o
 
Электрон поштасы. 
 
o
 
Интернеттегі банк беттері. 
 
Банк саласындағы PR қызметтерінің тізімі. 
 
· баспасөз материалдарын әзірлеу және тарату; 
· «арнайы оқиғаларды» (тұсаукесерлерді, мәслихаттарды, брифингтерді, 
семинарлар мен көрмелерді) жоспарлап, өткізу;  
· баспасөз мониторингі, баспасөз клиппингі; 
· журналистермен бейресми байланыстар орнату; 
· интервью ұйымдастыру;  
· банк клиенттеріне, акционерлері мен қызметкерлеріне құттықтаулар жазып, 
жөнелту;  
· клиенттердің арыз-шағымдарымен жұмыс істеу, олардың талап-тілектерін 
басшылыққа жеткізу; 
· «достық пиғылдағы» клиент топтарына қолдау көрсету
· клиенттердің пікірін зерттеу;  
· тікелей пошта таратылымдары; 
· ақпараттық дерек базаларын құрастыру;  
· нарықтың жекелеген сегменттерін зерттеу және оларға мониторинг жүргізу; 
· банк клиенттері мен акционерлеріне арналған арнайы жарияланымдар 
бастырып, жөнелту;  
· түйінді акционерлер мен клиенттердің банк ішіндегі елеулі оқиғаларға, 
мәселен, салтанатты жиындарға, басшылықтың мерейтойларына, мәдени және 
басқа бейресми шараларға қатысуын қамтамасыз ету; 
· жаңа банк өнімдерін көпшілікке таныстыру жөніндегі науқандар кешенін 
жоспарлап, өткізу;  
· корпоративтік шаралар ұйымдастырып, өткізу;  
· қызметкерлер пікірін басшылыққа жеткізу;  
· менеджементке  РR-қолдау көрсету (мәселен, түрлі сыйлықтар, мадақтар 
ұйымдастыру); 
· банк ұжымындағы шиеленісті жағдайларды шешу;
 
· тиісті мемлекеттік ұйымдармен байланыс орнату; 
· ақпараттық брошюралар түзіп, бастыру;  
· банк имиджін қалыптастыру, нығайту және қорғау жөніндегі шаралар 
кешенін жасау; 
· қоғаммен байланыс жөніндегі халықаралық бағдарламалар түзу; 
· ішкі корпоративтік газеттер шығару;  
· қоғаммен байланыс жөнінде семинарлар өткізу;
 


· жылдық, тоқсандық және басқа есептер түзу; 
· банктерде өзіндік қоғаммен байланыс бөлімдерін құру жөніндегі қызметтер;  
· акционерлердің жылдық жиналыстарын өткізу;  
· жарнама хабарландыруларын, роликтерін әзірлеу және оларға мониторинг 
жасау; 
· банк сайттарының web-дизайндарын жасап, жаңартып отыру; 
· банктегі «шектен шықпайтын» дағдарысты жағдайларға арналған ақпарат 
әзірлеу;
 
· дағдарыс кезінде баспасөзбен араласатын банк қызметкерлері мен 
менеджментін іріктеп, даярлықтан өткізу; 
· банк қызметкерлеріне, менеджементі мен акционерлеріне арналған дағдарыс-
тренингтер; 
· дағдарыс жағдайында банк имиджін қорғау үшін шаралар кешенін жасап, 
жүзеге асыру; 
· дағдарыстан кейінгі банк имиджіне түзетулер енгізу; 
· дағдарыс кезінде хабар тарататын журналистер мен мамандандырылған 
басылымдар тізімін жасау; 
· демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуге лайықты нысандарды 
іздестіру.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет