1. Мемлекеттiк бақылаудың мақсаты жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз
ету болып табылады.
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
атқарушы органдары жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы
мемлекеттiк бақылау мыналарды:
2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын жарнамаға қатысты
бақылауды қамтиды.
3. Уәкiлеттi орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдары
саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында орындалады.
4. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк
бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
5.
Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Ескерту. 4-5-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31. N 125
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан
қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.