1. Мерзiмдi басылымның әрбiр шығарылымында мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
1) бұқаралық ақпарат құралының атауы;
2) бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi;
3) бас редактордың (редактордың) тегi және аты-жөнi;
4) есепке қою туралы куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi және оны берген органның
атауы;
5) басылымның мерзiмдiлiгi;
6) бұқаралық ақпарат құралының рет нөмiрi мен жарық көрген күнi;
7) таралымы;
8) баспахананың атауы, оның мекен-жайы және редакцияның мекен-жайы.
2. Бұқаралық ақпарат құралы эфирге әрбiр шыққан сайын, ал үздiксiз хабар таратқан
жағдайда тәулiгiне кемiнде төрт рет өзiнiң атауын жариялап отыруға мiндеттi.
Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.05.03 N 181
Заңымен.