23-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат
құралдарын шет елдерде аккредиттеу
Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының
бұқаралық ақпарат құралы иесiнiң Қазақстан Республикасының және өздерi болған елдердiң
заңдарында көзделген тәртiппен басқа елдерде тiлшiлер қосынын ашуға, журналистердi
аккредиттеуге құқығы бар.
24-бап. Қазақстан Республикасындағы шетел бұқаралық
ақпарат құралдары өкiлдерiнiң қызметi
1. Шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн және олардың
журналистерiн аккредиттеудi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi
жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел журналистерiнiң және басқа да
шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң құқықтық жағдайы мен кәсiптiк қызметi
Қазақстан
Республикасының заңдарымен
және
Қазақстан
Республикасы
бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Заңның нормаларын
бұзатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн таратуға сот тәртiбiмен тыйым
салынады, ал интернет-ресурстар болып табылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдары
үшiн – Қазақстан Республикасының аумағында көрсетiлген интернет-ресурстарға қол
жеткiзудi
тоқтата
тұру
көзделедi.
Ескерту. 24-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.05.03 N 181
, 2012.01.12 № 537-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.