Ескерту. 6-тараудың тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.02.06 N 123-IV
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан
қараңыз) Заңымен.
22-бап. Журналистердi аккредиттеу
1. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер
мен ұйымдардың келiсiмi бойынша олардың жанында өз журналистерiн аккредиттей алады.
2. Журналист аккредиттелген мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер мен
ұйымдар оны өткiзiлетiн отырыстар, кеңестер және өзге де шаралар жөнiнде оған алдын ала
хабарлауға, стенограммалармен, хаттамалармен және өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге
мiндеттi.
3. Жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданған жағдайларды қоспағанда,
аккредиттелген журналистiң өзiн аккредиттеген мемлекеттiк органдар, қоғамдық
бiрлестiктер мен ұйымдар өткiзетiн отырыстарға, кеңестерге және басқа да шараларға
қатысуға құқығы бар.
4. Егер журналист аккредиттеу ережелерiн бұзса не өзiн аккредиттеген мемлекеттiк
органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне
нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратса, оның аккредиттелуi
күшiн
жоюы
мүмкiн.
5.
Алып тасталды - ҚР 2006.01.10 N 116
Заңымен.
Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.01.10 N 116
(2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.