Жетпісбай бекболатұЛЫ


Қазақстан Республикасының жұртшылықпен байланыс



Pdf көрінісі
бет67/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

Қазақстан Республикасының жұртшылықпен байланыс 
 
саласындағы кәсіби және этикалық қағидаттарының (принциптерінің) кодексі
 
  
Алғы сөз
 
  
Аталмыш  кодекс  Қазақстан  Республикасы  мүшесі  болып  табылатын  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымының  (БҰҰ)  Адам  құқықтарының  жалпыға  ортақ  декларациясына  негізделеді. 
Декларацияда  «адамның  іргетасты  құқықтары,  адами  болмыстың  қадір-қасиеті  мен 
құндылықтары» туралы айтылған.   
 Қазақстан 
Республикасының 
Жұртшылықпен 
байланыс 
жөніндегі 
Ұлттық 
Ассоциациясының  мүшелері  адамның  зияткерлік,  ақлақтық  (моралдық)  және  әлеуметтік 
қажеттіліктерін қанағаттандыру адами құнды болмыстың құрамдас бөліктерінің бірі болып 
табылатындығына берік иланымды.  
Жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  мамандар  өздерінің  кәсіби  міндеттерін  орындау 
барысында осынау зияткерлік, ақлақтық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруда 
елеулі түрде жәрдем көрсете алады. 
Сонымен  қатар  жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  мамандар  ақпараттың  ауқымды 
көлемін  алу,  бақылау  және  тарату  жөніндегі  ресурстарға  ие,  мұның  өзі  оларға  белгілі  бір 
ақпараттық  мүмкіндіктер  береді.  Мұндай  мүмкіндіктерді  иелену  жұртшылықпен  байланыс 
жөніндегі  мамандарға  клиенттер,  адамдар,  кәсіп  және  жалпы  қоғам  алдында    үлкен 
жауапкершілік жүктейді. 
Жоғарыда  баяндалғандар  негізінде  Қазақстан  Республикасының  Жұртшылықпен 
байланыс  жөніндегі  Ұлттық  Ассоциациясына  мүше  ұйымдар  Қазақстан  Республикасында 
жұртшылықпен байланыс саласының дамуы нарықтағы жетекші операторлар жалпыға ортақ 
кәсіби  және  этикалық  қағидаттарды  қабылдауға  әзір  болатын  деңгейге  жетті,  деп  сенеді. 
Мұндай  қағидаттар  жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  мамандарға  арналған  белгілі  бір 
кәсіби стандарттарды белгілеуді, сондай-ақ олардың ақлақтық және кәсіби жауапкершілігін 
анықтауды көздейді.   
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет