Жетпісбай бекболатұЛЫ


Клиенттермен және жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынас қағидаттары



Pdf көрінісі
бет70/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

2. Клиенттермен және жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынас қағидаттары
 
 
2.1. Адалдық
 
 Жұртшылықпен  байланыс  саласында  қызмет  көрсететін  маман  немесе  оператор  өз 
клиеттерімен  немесе  жұмыс  берушілерімен  қарым-қатынастарда  адал  да  ашық  көзқарас 
ұстануға  тиіс.  Ол  жанжалдасушы  немесе  бәсекелесуші  тараптардың  мүдделерін  олардың 
ықтиярынсыз бір мезгілде бейнелей алмайды.  
2.2. Құпиялық
 
 Жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  маман  немесе  нарық  операторы  қазіргі,  бұрынғы 
немесе  ықтимал  клиенттерінен  немесе  жұмыс  берушілерінен  алынған  ақпаратқа  қатысты 
толық  құпиялылықты  сақтауға  міндетті,  бұл  жағдайдың  клиент  немесе  жұмыс  беруші 
осындай ақпаратты жария пайдалануға  берген немесе оны жария етуге айқын рұқсат берген 
оқиғаларға  қатысты  жоқ.  Құпиялылықты  шектеуге  қолданымдағы  заңдарда  тікелей 
көзделген жағдайларда ғана рұқсат беріледі.  
 
2.3. Мүдделер керағарлығынан бас тарту
 
Жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  маман  немесе  нарық  операторы  егер  оның  жеке 
мүдделері  немесе  міндеттемелері  өз  клиентінің  мүдделерімен  керағар  болған  кезде  өз 
жағдайы туралы ашық мәлімдеуге міндетті. Ол өз клиентін өзінің қаржылық, коммерциялық 
немесе  кез  келген  басқа  мүдделері  бар  фирмаларға  және  ұйымдарға  осылар  туралы  алдын 
ала  хабарлама  жасамай  бағыттамауға  тиіс.  Клиенттің  немесе  жұмыс  берушінің  тапсырысы 
бойынша  орындалатын  қызметтер  үшін  осылардың  келісімінсіз  үшінші  бір  тараптан 
материалдық сыйақы алуға жол берілмейді. 
      2.4. Сыбайлас жемқорлықты қабыл етпеу
 
 Жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  маман  немесе  нарық  операторы  өз  клиентінің 
немесе жұмыс берушісінің мүдделерін қамтамасыз ету үшін ақша төлеуді ұсынбауға немесе 
төлемеуге, сондай-ақ өз іс-әрекеті арқылы клиентін немесе жұмыс берушісін қоғамдық және 


мемлекеттік қызметтегі немесе заңға сәйкес құрылған ұйымдарда жұмыс істейтін тұлғаларға 
ақша төлеуді ұсынуға немесе сыйақы төлеуге итермелемеуге тиіс. 
2.5. Объективтілік және тәуелсіздік
 
Жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  маман  немесе  нарық  операторы  клиеттермен 
қарым-қатынас  кезінде  клиентке  маманның  немесе  нарық  операторының  тәуелсіздігіне, 
обьективтілігі  мен  адалдығына  әсер  ететін  жағдайларда  қызмет  көрсетпеуге  тиіс.  Маман 
немесе  нарық  операторы  тапсырмадан  бас  тарта  немесе  маман  немесе  нарық  операторы 
өкілі  болып  табылатын  ұйым  басшылығының  жеке  пікірінің  және/немесе  мақсаттарының 
негізінде тапсырманы қабылдай алады. 
2.6. Жұмыс нәтижелері мен әдістері үшін жауапкершілік
 
Жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  маман  немесе  нарық  операторы  клиентке  немесе 
жұмыс  берушіге  нақты  нәтижеге  жетуге  егер  мұндай  әрекет  маманның  немесе  нарық 
операторының  тура  және  тікелей  бақылауында  болмаған  жағдайда  кепілдік  бермеуге  тиіс. 
Маман немесе нарық операторы аталмыш кодекстің талаптарына қайшы келетін әдістермен 
және құралдармен қайсыбір нәтижелерге жетуге кепілдік беретін келісім–шартты клиентпен 
немесе жұмыс берушімен жасаспауға тиіс. 
2.7. Кәсіби және этикалық қағидаттар туралы хабардар ету 
 
Егер  клиент  немесе  жұмыс  беруші  үшін  қызметтерді  орындау  кәсіби  мінез-құлық 
ережелерін  елеулі  түрде  бұзуға  әкелетін  немесе  осы  кодекстің  қағидаттарына  қайшы  іс-
әрекеттерді  жасауға  итермелесе,  маман  немесе  нарық  операторы  осы  жөнінде  өз  клиентін 
немесе  жұмыс  берушісін  дереу  хабардар  ету  жөнінде  қадамдар  жасауға,  сондай-ақ 
соңғыларды  аталмыш  кодекстің  талаптарын  орындау  жөнінде  иландыру  үшін  қолдан 
келгеннің бәрін жасауға міндетті.  
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет