3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн тарату
Ескерту. 3-тараудың тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.02.06 N 123-IV
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан
қараңыз) Заңымен.
14-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарын тарату
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн таратуды меншiк иесiнiң шешiмi
бойынша оның өзi не шарт негiзiнде немесе өзге де заңды негiздерде редакция, баспагер,
сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.
2. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзiмдi баспасөз
басылымдарын:
1) стационарлық емес үй-жайларда;
2) мөлдiр ораммен буып-түйiлмеген күйiнде;
3)
бiлiм
беру
ұйымдарының,
балалар
мекемелерiнiң,
ғибадат
үйлерiнiң
(ғимараттарының) үй-жайларында және аумақтарында;
4) жасы он сегiзге толмаған адамдарға бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.
2-1. Субъектiлер, эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi
баспасөз басылымдарын тарату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруды бастағанға дейiн
«Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен
қызметiн жүзеге асыратын жердегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және
астананың жергiлiктi атқарушы органына бұл туралы хабарлама жасауға мiндеттi.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi
атқарушы органдары эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз
басылымдарын таратуды бастағаны туралы хабарлама жасаған субъектiлердiң тiзiлiмiн
жүргiзедi.
3. Алкоголь өнiмдерiн жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым
салынады.
Темекi және темекi бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.
3-1.
Алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 546-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
4. Заңды негiздерде жүзеге асырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн
таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттiк органдарды лауазымды
адамдары тарапынан кедергi жасауға, заңсыз тәркiлеуге, сондай-ақ таралымын немесе оның
бiр бөлiгiн жоюға заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде болмаса жол берiлмейдi.
Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.05.03 N 181
, 2003.12.19 N 509
, 2007.06.19 N 264
, 2009.02.06 N 123-IV
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан
қараңыз), 2010.11.23 N
354-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.18 N 546-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.