белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат
құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтата тұруға негiз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның
тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты насихаттау және
үгiттеу, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық
өшпендiлiктi өршiтуге бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату,
сондай-ақ белгiленген мерзiмде бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық
ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтата тұру себептерiн жоймау бұқаралық ақпарат
құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтатуға негiз
болып табылады.
5. Меншiк иесiнiң не соттың шешiмi бойынша бұқаралық ақпарат құралының шығуын
не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтата тұрған не тоқтатқан жағдайда,
уәкiлеттi
органға
хабарлама
жiберiледi.
Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн
таратуды тоқтату оны есепке қою туралы куәлiктiң күшiн жоюға әкеп соғады .
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.10
N 178-IV
Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi -
ҚР 2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен
соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.18
N 546-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн
күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: