ғалымдар бар, алайда, қазіргі агенттіктер өздерінің жаңалық таспаларын
Интернетке шығарып, нақты уақыт режимінде жаңғыртып отыратынына
байланысты оларды интернет-медиа қатарына жатқызуға әбден болады.
Қазіргі БАҚ жүйесі ұзақ уақыт бойы қалыптасты: ең әуелі газеттер мен
журналдар пайда болды, ХІХ ғасырда олардың қатары ақпараттық
агенттіктермен толықты, ХХ ғасырдың басында радио, орта тұсында
теледидар, соңын ала Интернет дүниеге келді. БАҚ айтылатын, естілетін,
көрініп-оқылатын ақпаратты жедел жеткізіп, жаппай тарататын, сөйтіп, осы
арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыратын индустрияның дербес түріне
айналды. Жұртшылықпен байланыс қызметі тұрғысынан алғанда бұқаралық
ақпарат құралдарының әрқайсының өзіндік ерекшеліктері бар. Төмендегі
кестеде соларға тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: