спичрайтерлер, әлеуметтанушылар, көпшілік акцияларды ұйымдастырушылар,
жарнамашылар атсалысады. Осындай функционалдық еңбек бөлінісі қоғаммен
байланыстың барлық түрлеріне тән. Ал осындай саралау нәтижесінде қоғаммен
байланыс ауқымында тар шеңбердегі функционалдық міндеттерді орындайтын,
арнайы білімі, машығы бар мамандар пайда болды.
Қазіргі таңда қоғаммен байланыс ауқымындағы еңбек бөлінісі мына
төмендегідей негізгі қызмет түрлерінің өмірге келуіне түрткі болды:
-
Рекламистика - жарнама науқанының тұжырымдамасын түзіп,
жұртшылық топтарын құлақтандыруға, көпшілік санасына белгілі бір бейне-
образдарды сіңіруге және олардың бойында басқару субъектісінің
мақсаттарына сай келетін иланым-сенімдерді қалыптастыруға қажетті әртүрлі
жарнамалық өнімдер жасауды білдіретін қызмет түрі;
-
РR-науқандарды аналитикалық қамтамасыз ету. Қызметтің бұл түрімен
ең алдымен аналитиктер, әлеуметтанушылар, психологтар айналысады. Олар
басқарушылық әсер ету объектісі болып табылатын жұртшылық топтарының
көңіл-күйін, райын, құндылық бағдарларын зерделейді, әлеуметтік-
экономикалық және саяси ахуалды зерттеп, қандай да бір РR науқанына
тікелей басшылық жасайтын менеджерлер үшін нұсқамалар әзірлейді;
-
Медиа-жоспарлау, яғни жарнаманы, өзге де ақпараттық материалдарды
бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жоспарын түзу;
-
Имиджмейкинг, сөздің қысқа мағынасында топ-менеджерлер образы
мен мінез-құлқын жағымды ету мақсатында РR-кеңесшілердің олармен
мақсатты жұмыс істеуі;
-
Спичрайтинг, немесе басқарудың жоғары буыны үшін сөйлейтін сөз
мәтінін жазу.
Осы қызмет түрлерінің соңғы төртеуі тікелей баспасөз қызметіне тікелей
қатысты.
РR қызметінің бұл келтірілген тізімін толық деуге болмайды. Қазіргі таңда
ньюсмейкер, веб-дизайнер сияқты жаңа мамандықтар пайда болды. Сөйтіп,
қоғаммен байланыс сараланып қана қоймай, сондай-ақ кәсіби белгілер
бойынша да өрісін жая түсуде.
Құрылымының үлкенді-кішілігіне, әлеуетіне қарай біздің елімізде баспасөз
қызметтері,
қоғаммен,
жұртшылықпен
байланыс
департаменттері,
басқармалары, бөлімдері деп аталады. Мекемелердің көпшілігінде, әдетте,
қоғаммен байланысты баспасөз хатшысы орындайды, ал арнайы штат
қарастырылмаған жағдайда бұл міндетті атқару кадр бөлімінің қызметкеріне,
болмаса, менеджемент және маркетинг құрылымдарының мамандарына
жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: