-
Басшылықты жаттықтыру, тренингтен өткізу;
-
Хабарлау құрылымын жасақтау;
- «Оң көзқарастағы» бейресми (неформал) тұлғалар тізімін жасау және т.б.
Қоғаммен байланыстың мән-маңызы ұйым
(мекеме, кәсіпорын, партия,
қоғамдық қозғалыс)
халықпен арадағы қарым-қатынастарды орнатып, қолдап
отыру үшін жүзеге асыратын коммуникативтік іс-әрекеттердің өзге түрлерімен
PR-ды салыстыру барысында бедерлене көзге түседі. Бір жағынан, бұл
қызметтің (PR-дың) жарнамамен ұқсастығы бар. Дегенмен, жұртшылықпен
байланыс сұхбат орнату, мәмілеге келу арқылы жұртшылықпен келісімге
келуге бағытталады. PR-дың негізгі мақсаттарының бірі - жұртшылықпен
байланыс субъектісінің жағымды имиджін қалыптастыру болып табылады, ал
жарнаманың мақсаты -тауарды өткізу. Жарнама белгілі бір ақыға
орналастырылады, ал жұртшылықпен байланыс ауқымында таратылатын
ақпарат ақылы сипатқа ие емес.
Қоғаммен байланыс әлеуметтік тенденцияларды зерделеуге, олардың
салдарларын талдап, болжауға, қоғамдық пікір, әртүрлі тараптардың
ұстанымдары, өзге де мәселелер туралы деректерді талдауға және баға беруге
бағытталады. Қоғаммен байланысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет
бағдарламаларды зерттеуден, жоспарлау мен жүзеге асырудан, осы
бағдарламалардың жұртшылыққа әсер ету тиімділігін айқындаудан тұрады.
Жұртшылықпен байланыс саласының көкейтесті мәселеріне арналып
Ресейде «Пресс-секретарь», «Связи с общественностью», «Советник» сияқты
кәсіби басылымдар жарық көруде. Қазақстанда әзірге мұндай басылымдар жоқ.
Қоғаммен байланыс ұғымының көптеген анықтамалары бар. Америкалық
әйгілі PR зерттеуші Сэм Блэк: «Рublic relations – шындық пен толық
хабардарлыққа негізделген өзара түсіністік арқылы үйлесімділікке жету өнері
мен ғылымы болып табылады», деп тұжырым береді. Бүгінде анықтамалар
саны 500-ден асып кетті: қоғаммен байланыс жөніндегі кітап жазған
авторлардың қай-қайсысы да өз ұғым-түсініктерін алға тартады. Солардың
кейбіреулеріне ғана тоқталып өтелік.
Сонымен, қоғаммен байланыс
дегеніміз -
-
қоғамдық байланыстарды дамыту;
-
жанама жарнама;
-
қоғамдық пікірді басқару жөніндегі ғылым;
-
жарнаманың жасырын түрі;
-
мәртебелік
немесе фирмалық, жарнама;
-
қазіргі заманғы тенденцияларды ой елегінен өткізіп отыратын;
менеджерлерге кеңес беріп, тапсырысшы-ұйымдар ғана емес, сондай-ақ
олардың аудиториялары да мүдделілік танытатын науқандар өткізетін өнер әрі
әлеуметтік ғылым;
-
абырой-бедел менеджменті;
-
абырой-бедел жасаушы;
-
ұйым және оның аудиториясы арасында өзара тиімді қарым-
қатынастарды орнатып, қолдап отыру жөніндегі алдын ала ойластырылып,
ұдайы назарда болатын қызмет түрі;
қарастыруға болады. Психология, әлеуметтану және нарықты зерттеу
деректеріне негізделетін коммуникация теориясының іргетасы американдық
саясаттанушы Гарольд Лассуэлдің белгілі формуласында қаланған. Оны
төмендегіше кескіндеуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: