ЖОСПАР
Кіріспе 2
Аймаққа сипаттама 3
Климаты 4
Жүгері сабақ көбелегі (ағылш. Pyrausta nubilalis) – қан көбелек тұқымдасына жататын жәндік, ауыл шаруашылығының зиянкесі. 8
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10
Кіріспе
Жүгері (лат. Zea mays) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық дақылдардың бірі.
Еуропалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азот, фосфор тыңайтқыштары қажет.
Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді, оның құрамында: көмірсу, ақуыз, май, калий, фосфор, магний, кальций т. б. минералдық тұздар, витаминдер бар. Азықтық жүгері дәнінен ұн, әртүрлі жарма, ал жүгері жармасынан — жүгері үлпілдегі, үлпек дән және қытырлауық «таяқша» алынады. Жүгері үлпілдегі , үлпек дәні және қытырлауық «таяқша » — қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам. Организмге жақсы сіңеді. Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпа, компот, шырын, кисель, простокваша, айранмен т.б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып береді). Қант себілген жүгері үлпілдегі мен тәтті қытырлауық «таяқшаны» ет-женді және тез толатын адамдарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды. Жүгері үлпілдегін, «таяқшаны» үлпек дәнді құрғақ жерде сақтаған жөн. Егер үлпілдек жұмсаңқырап кетсе оны духовкаға салып келтіреді. Дымқыл тартқан үлпілдек тез көгеріп, жеуге жарамайды.
Аймаққа сипаттама
Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады.
Географиясы
Географиялық тұрғыдан облыс аумағы негізінен жазықтық. Климаты – едәуір құрғақ және континентальды.
Табиғаты
Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.
Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді.
27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған.
Климаты
Облыс климаты өте континентальды. Қаңтар айында орташа температура – 15 С, ал таулы аймақтарда – 6 С, - 8 С маусым айында + 16 С және +24 С, +25 С. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде 300 мм-ге дейін, таулы аймақтарда 500-700- ден 1000 мм-ге дейін. Облыстың климаттық ерекшелігі - өте құрғақ және құбылмалы. Облыстың басым бөлігін Бетпақ Дала Мойынқұм құмы алып жатыр, тек оңтүстік – батыс, оңтүстік және оңтүстік – шығыс бөлігінде ғана таулар бар (Қаратау, Қырғыз және Шу – Іле Алатау). Мұндай әр түрлілік облыстың климатына әсер етпей қоймайды. Қаратау таулы аймағы Тянь-Шянның солтүстік – батыс бөлігінде орналасқан. Ол Талас – Алатау аймағымен ұласады және біртіндеп 11 төмендеу арқылы кең жазығымен ұштасады. Таудың жақындығы 420 км-ді құрайды. Тау екіге бөлінеді: Шығыс бөлігі немесе киелі Қаратау және оңтүстік – батыс Қаратау. Ең үлкен бөлігі – Бексаз, оның биіктігі – 2176 м. Шығыс Қаратауда жиі жел тұрады және өте биік шыңдардан тұрады. Ал оңтүстік – батыс Қаратау керісінше бірнеше көлдермен (өзендермен) бөлінген. Сонымен бірге бірнеше таулы массивтермен бөлінген. Сырдария өзенінің бір бөлігі Қаратаудың оңтүстік – батысында және Талас өзені солтүстік – Шығысында орналасқан. Қаратау таулары жақын аудандардың табиғи және климаттық жағдайына өте қатты әсер етеді. Қаңтар айында орташа температура – 10 С-ті көрсетеді. Қаңтар айындағы орташа температура таулы аймақтың солтүстік – шығыс және оңтүстік батыс аймағы мен салыстырғанда – 4 – 6 С-ты құрайды. Мұның себебі – таудың оңтүстік- батысынан соғатын жылы желдің әсері. Жауын – шашынның мөлшері жылына орта есеппен алғанда таудың етегінде 200-400 мм-ді құрайды. Оңтүстік – батыс бөлігінде бұл көрсеткіш жауын-шашын мөлшерін көбейтеді, солтүстік – шығыста 150 – 300 мм. Мұнда тышқандар, борсықтар, түлкілер, және т.б. мекен етеді.
Жүгері қаракүйесі – базидиомицеттер класына жататын саңырауқұлақтар тудыратын жүгері ауруы. Жүгері қаракүйесі ауруларына жүгерінің бөртпе қаракүйесі мен тозаңды қаракүйесі жатады. Жүгерінің бөртпе қаракүйесін Ustіlago maydіs саңырауқұлағы тудырады. Саңырауқұлақ ақшыл немесе алқызыл мицелла қабықшасымен қапталған, диаметрі 1 – 20 сантиметр бөртпелер түзіп, өсімдіктің барлық мүшесін зақымдайды. Буын аралықтарында пішіні домалақтау, ірілігі жаңғақтай немесе одан үлкенірек, ал жапырақ тақталарында өн бойына созылған, жіңішке ақшыл сарғылт, бұйраланған немесе ірілігі асбұршақтай бөртпелер пайда болады. Жүгері шашақтана бастағанда бөртпенің сыртқы қабықшасы жарылып, ішінен күйе тәрізді споралар шығады. Олар гүлдену кезінде собық жіпшелері арқылы дәндерді зақымдайды. Собықтың жартысына дейін қамтитын пішіні әр түрлі бөртпелер пайда болады да, дәннің орнына көптеген қаракүйе споралары түзіледі. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі баяулап, дәннің түсімділігі 20 – 30 пайызға дейін төмендейді. Ауру қоздырғышы шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталатындықтан, жүгеріні бір жерге қатарынан бірнеше рет еге берсе, аурудың дамуы жыл сайын өрши беруі мүмкін. Жүгерінің тозаңды қаракүйесі жүгерінің тек собығы мен шашақшаларын зақымдайды. Собықта дән түзілмей, ол өзекшесімен қоса толығымен жұқа жапырақшалармен көмкерілген қаракүйе түйіріне айналады. Шашақшалардың жеке гүл шоқтарында да түйіршіктер пайда болады. Егін жинау кезінде қаракүйе споралары топыраққа көшіп, бірнеше жылға дейін сақталады. Бұл ауру жүгері өсіруге маманданған Алматы облысының Панфилов, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары жерінде кең таралған. Жүгері Қаракүйесімен күресу шаралары: ауыспалы егіс жүйесін қатаң сақтап, себер алдында тұқымды витавакс 200 ФФ (3 – 5 л/т), дивиденд 030 (2 – 3 л/т), фенорам немесе фенорам супер (2 кг/т) препараттарының бірімен дәрілейді.
Жүгерінің толарсақ қаракүйесі. Қоздырғышы: Ustilago zeae Ung.
Аурудың сақталу көзі және таралуы: Олар тұқымда және топырақта сақталады.
Аурудың таралуына ықпал ететін жағдайлар: Ауа температурасы 20-250С, салыстырмалы ылғал (65-75 % ), ауыпалы егісің сақталмауы аурудың шығуына қолайлы жағдай туғызады.
Жүгерінің тозаңды қаракүйесі жүгерінің тек собығы мен шашақшаларын зақымдайды. Собықта дән түзілмей, ол өзекшесімен қоса толығымен жұқа жапырақшалармен көмкерілген қаракүйе түйіріне айналады.
Аурудың қоздырғышы жүгерінің жас ұлпаларын өсімдіктің бойы 30-40 см болғаннан бастап ұлғайған шағына дейін зақымдайды. Ауру сабақты, жапырақтарды, буын аралықтарын, масағын, жер бетіндегі тамырларын залалдайды. Зақымданған мүшелерде көлемі мен пішіні әр түрлі байланымдар түзіледі. Споралар жетілген кезде қаптары жарылып шашылады. Олар тұқымда және топырақта сақталады. Ауырған мүшеге байланысты түсім шығыны әр түрлі. Жүгерінің тозанды қаракүйесі. Гүл шоғыры зақымданады. Сабақ зақымданғанда сырты ақ немесе қызғылт қабықшамен қапталған споралар жиынтығына айналады. Гүл шоғырында жекелеген гүлдер зақымданады. Ауру өсімдіктердің өсу жағдайы нашарлап, көп бұтақтанып кетеді және өнім бермейді. Телиоспоралар орақ кезінде дәнге, өсімдік қалдықтарына және топыраққа жұғады. Өскіндерді зақымдайды.
Ауру қоздырғышының дамуы температурасымен тікелей байланысты. Саңырауқұлақтың өсуі мен дамуына қолайлы температура — 28-30° С шамасында
Есептеу әдістемесі
Жүгері ауруларының зияндылығын анықтау үшін сау және әртүрлі дәрежеде залалданған 50 өсімдікті белгілеп, олардың сабағы мен собығы дәнінің саны . мен салмағы өлшеніп, осы көрсеткіштерді және өсімдіктің ауруға шалдығу пайызын негізге ала отырып өнім шығыны анықталды.
Күресу шаралары
Жоғары өнім алу және оны ұзақ сақтау үшін өсімдік ауруларының алдын алу аса маңызды болып табылады. Аурудың әсерінен тұқымның өнгіштігі, өнімділік коэффициенті, өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға төзімділігі төмендейді, түсім шығыны көбейіп, өнімнің сапасы нашарлайды. Жүгері үшін аса зиянды болып тозаңды қаракүйе саналады. Біздің аудан көлемінде қаракүйе ауруы масақты дақылдарда және жүгері егістіктіктерінде кездеседі. Жаздық арпа егістігіндегі арпаның тозаңды қаракүйесі түйіннің ішінде саңырауқұлақтың споралары дамып жетіліп өзек пен қылтанақтардан басқа масақтың барлық бөліктері залалданады. Агротехникалық шаралардың ішінде минералды тыңайтқыштың өсімдіктің ауруға төзімділігін көтерудегі рөлі ерекше. Аммиак силитрасы мен суперфосфат тыңайтқыштары берілген егісте өнім екі есе артады. Қаракүйе ауруын болдырмау және жою үшін тұқымды химиялық улы препараттармен дезинфекция жасау керек. Топыраққа түскен хломидоспоралар бір айдан кейін өзінің тіршілігін мүлде жояды. Сондықтан, күз басында оны толық айдап аударған дұрыс. Қаракүйе ауруы тек тұқым арқылы тарайтын болғанды.қтан тұқымды химиялық препараттармен дәрілеп себу керек. Улы дәрі дәннің үстіне жабысып тұрған жұқпалы аурудың грибтерін өлтіреді.
Жүгері қаракүйесімен күресу шаралары: ауыспалы егіс жүйесін қатаң сақтап, себер алдында тұқымды арнайы препараттардың бірімен дәрілейді.
Қаракүйе саңырауқұлақтары — базидиомицеттер класына жататын саңырауқұлақтардың бір тобы; өсімдіктерде қаракүйе ауруын таратады. Жер бетінде өте кең тараған. Арктикадан тропиктік аймақтарға дейін кездеседі. Бұрын табиғаты белгісіз болып келген бұл ауру қоздырғыштардың микроскопиялық саңырауқұлақтарға жататынын 19 ғ-дың 2-жартысында француз ғалымы А. де Бари (1831–1888) анықтаған. 40 тұқымдасқа жататын 1000-ға тарта түрлерден тұрады. Қаракүйе саңырауқұлақтары – облигатты паразиттер (оттектің қатысынсыз дамитындар), өсімдіктің түріне қарай барлық органдарын зақымдайды. Өсімдік тамырында сирек кездеседі. Зақымдалған орган отқа күйгендей қара немесе қара қоңыр тартып, күйе сияқты тозаңданып тұрады. Аурудың аты осы сыртқы көрінісіне қарай қойылған. Зақымдалған өсімдік органының қап-қара болып тозаңданып тұруы – ондағы ауру қоздырғыш саңырауқұлақ спораларының (хламидоспоралар, телиоспоралар) жиынтығына байланысты. Осы споралары арқылы вегетация кезінде саңырауқұлақ ауырған өсімдіктен сау өсімдікке жұғады. Дәндермен бірге қамбада қыстап шығады. Споралар шашылып ауаның ағынымен таралады. Қаракүйе саңырауқұлақтары, әсіресе, дәнді дақылдарға өте көп зиян келтіреді, масақта дән жойылып оның орнына саңырауқұлақтың хламидоспоралары пайда болады. Тиісті күрес шараларын қолданбаса өнімнің 25 – 40%-ын жояды, қалған өнімнің сапасын төмендетеді. Бұл аурудың ауыл шаруашылық дақылдарына өте зиянды түрлеріне бидайдың қатты (Tіlletіa carіes), тозаңды (Ustіlago trіtіcі), сабақ (Urocystіs trіtіcі), қаракүйелері; қарабидайдың масақ (Tіlletіa secalіs), сабақ (Urocystіs occulta) қаракүйелері; арпаның қатты (Tіlletіa hordeі), тозаңды (Ustіlago hordeі); жүгерінің ісікті (Ustіlago zeae) қаракүйелері жатады. Күрес шаралары: ауруға төзімді дақыл сорттарын өндіріске енгізу; тұқымдық дәнді хим. препараттармен дәрілеу; ыстық сумен зарарсыздандыру, ауруға шалдыққан егінді тұқымдық егістен бөлек жинау, т.б
Жүгері сабақ көбелегі (ағылш. Pyrausta nubilalis) – қан көбелек тұқымдасына жататын жәндік, ауыл шаруашылығының зиянкесі.
Көбінесе жүгеріні, кенепшөпті, тарыны, т.б. өсімдіктерді зақымдайды.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында кездеседі.
Денесінің ұзындығы 13 – 15 мм, қанаттарының өрісі 24 – 32 мм. Ұрғашылары еркектеріне қарағанда ірілеу келеді. Ересек жұлдызқұрттарының ұзындығы 25 мм-ге жетеді. Жылына оңтүстік-шығыс аудандарда бір, ал оңтүстікте 2 – 3 рет көбейеді. Жетілген жұлдызқұрттары қоректенген өсімдігінің сабағының ішінде қыстайды. Көктемде қуыршаққа айналады да, маусымда көбелектер ұшып шығады. Олар кешке және түнде ұшады. Жұмыртқаларын жапырақтың астыңғы бетіне немесе жүгерінің шашақ гүлі мен собығына топтап салады. Жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрттың кейінгі дамуы өсімдік сабағының ішінде өтеді. Олар сабақтың ішін үңгіп жеп қоректенеді. Зақымданған өсімдіктердің сабақтары, жүгерінің собығы сынып қалады. Шілде – тамыз айында көбелектер 2-рет көбейеді. Өнімді жинау кезінде жұлдызқұрттар, көбінесе өсімдіктің төм. бөлігіне жиналады. Сондықтан олардың көпшілігі өнімді жинап алғаннан кейін де егістікте қалады. Күресу шаралары: қыстайтын жұлдызқұрттарын жоюға бағытталған агротехникалық шаралар жүргізу керек.
Күздік көбелек (Agrotіs segetum) – күздік дақылдар, мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, жүгері, т.б. өсімдіктер көгінің аса қауіпті зиянкесі.
Еуразия мен Африкада кеңінен таралған. Қазақстанның оңт., оңт.-шығысында және Шығыс Қазақстан облысында кездеседі. Қанаттарының өрісі 35 – 45 мм, денесінің ұзындығы 18 – 22 мм; алдыңғы қанаттары қоңыр немесе қара түстес, артқы қанаттары ашық сұр. Жұлдызқұрттары жұмыртқадан шығар кезде ақшыл, бас бөлімі қоңырлау, ұзындығы 52 мм-ге жетеді. Олар 6 рет түлейді. Қазақстанда К. к-тер оңт-те жылына 3 рет, оңт.-шығыста 2 рет, ал шығыста 1 рет жұмыртқалап көбейеді. Ұрғашылары арамшөптердің түбіне 400 – 500 жұмыртқа салады. Ересек жұлдызқұрттар тереңд. 10 – 25 см топырақта қыстайды. Көктемде өсімдіктер көктей бастағанда, отамалы дақылдар көшеттеріне қауіп төндіреді. Жас жұлдызқұрттардың даму кезеңі мақта, қант қызылшасы, жүгері, бұршақ, темекі, бау-бақша, т.б. өсімдіктердің көктеген және көшеттер отырғызылған кездеріне сәйкес келеді. Жұлдызқұрттардың екінші, үшінші ұрпақтары жүгеріні, жоңышқаны, картопты, жазғы егістіктерді, түйнек және тамыр жемістілерді зияндайды.
Қорытынды
Зиянкестер – адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман және ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.
Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне байланысты.Зиянкестер жыл бойы жиналатын тұқымның жартысына жуығын жеп, шаруашылыққа 25 — 50%-ке дейін шығын келтіруі мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
А.К. Тулеева, М.А. Габдулов, Г.М. Юсупова, К.С.Байбусенов, Жақып Дина, Жексенбай Бахаднур ӨСІМДІК ҚОРҒАУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
Әрінов Қ.К., Мұсынов Қ.М., Апушев А.Қ. және т.б. Өсімдік шаруашылығы
http://www.pesticidy.ru/pesticide
Список пестицидов разрешенных к применению на территории Республики Казахстан на 2013-2022 годы
Достарыңызбен бөлісу: |