Жүрек ишемия ауруы – тәж артериялары атеросклерозынан, тәж қан ағымы мен миокардтың оттегіге сұранысының арақатынасының бұзылысынан дамитын жүректің жедел немесе созылмалы зақымдануына алып келетін процесс.
Жүректің коронарлық артериясының атеросклерозы
Морфологиясы
ЖИА дамуының қауіпті ықпалдары:
1 категория – жойылған жағдайда ЖИА даму қаупі нақты азаятын қауіпті ықпалдар (темекі тарту, дислипидемия, артериялық гипертензия);
2 категория – коррекция жасаған жағдайда едәуір азаятын қауіпті ықпалдар (қантты диабет, гиподинамия, дене массасының жоғарылауы, менопауза және постменопаузалық кезең, қан құрамындағы жоғары тығыздықты липопротеидтер холестерин деңгейінің төмендеуі және үшглицеридтер деңгейінің жоғарылауы).
ЖИА дамуының қауіпті ықпалдары:
3 категория – коррекция жасағанның өзінде ЖИА даму қаупі айтарлықтай азаймайтын қауіпті ықпалдар (алкогольді ішімдіктер, ауыр психоэмоциялық күйзелістер, тұлғаның а типті психикалық ерекшелігі (стресскоронарлық профиль), гипергомоцистеинемия);
4 категория – ЖИА-ның коррекция жасауға келмейтін қауіпті ықпалдары (40-тан асқан жас, тұкым қуалаушылық).
ЖИА дамуында аршериялық гипертензия, гиперхолестеринемия және темекі тарту "үлкен үштік" аталатын ең кауіпті факторлар болып табылады.