Қысқаша теориялық мәлімет: Шекті калиблер- бөлшектердің ең үлкен және
ең кіші шекті өлшемдерін бақылауға арналған құралдар. Калибрлерді өтетін
(таңбалануы-ПР) және өтпейтін (таңбалануы-НЕ) деп бөледі. Егер өтетін
калибр-тығын ПР тесік арқылы өтсе,өлшем жарамды деп саналады. Өтпейтін
калибр-тығын НЕ тесіктің ең үлкен шекті өлшемін бағалайды. Өтпейтін
калибр-тығын НЕ тесік арқылы өтпесе, өлшем жарамды деп саналады.
Сыртқы диаметрлерді калибр-қапсырманың көмегімен тексереді. Егер тетік
калибр-қапсырманың ПР қырлары арқылы өтсе және НЕ қырлары арқылы
өтпесе, бөлшектердің нақты өлшемдері жарамды деп саналады .
Конустарға арналған калибрлер өлшеуші бетінің кідір – бұдырлығы аз және
дәл конус бұрыштары бар құралдар.Конусты калибр-тығынның екі сақиналы
сызығы бар, олардың біреуі конустың үлкен нігізінің қимасына сәйкес, екіншісі
біріншісінен берілген өлшем шақтамасының шамасына сай келетін
арақашықтықта орналасқан. Конусты калибр-төлке бір кенермесінің диаметрі
тексерілетін конустың үлкен нігізінің диаметріне сәйкес , ал екінші кенермесі
конусты тесіктің кіші өлшемі шығатын жағы сатылы қылып жасалады. Сатының
биіктігі өлшемге берілген шақтамаға
сәкес алынады.
3.4-сурет