Беттiң пiшiнiнен ауытқуы
- беттiң нақты пiшiнiнiң номинал пiшiнiнен
ауытқуы.
Пiшiннен ауытқудың түрлерi: жазықтықтан ауытқу, дөңгелектiктен ауытқу,
цилиндрлiктен ауытқу, бойлық қима кескiнiнiң ауытқуы
Орналасудан ауытқу
- базалық және қарастырылатын беттердiң,
(түзулердiң, кескiндердiң) пiшiндерiнiң ауытқулары есептелiнбеген кездегi
нақты орналасқан беттiң, (өстiң немесе кескiннiң) номиналды орналасуынан
ауытқуы.
Орналасу ауытқуларының негiзгi түрлерi: параллельдiктен ауытқу,
перпендикулярлықтан ауытқу, ортақ өспен салыстырғандағы өстестiктен
ауытқу, базалық жазықтықпен салыстырғандағы симметриядан ауытқу,
позициялық ауытқу, өстердің қиылысуы , көлбеуліктен ауытқу.
Беттердің орналасу және пішін ауытқуларын сызбада шартты белгілегенде
екі не үшке бөлінген тікбұрышты рамка ішіне жазады: біріншісіне
шақтаманың белгісі; екіншісіне шақтаманың сандық мәні, мм; үшіншісіне
базаның әріппен белгіленуі. Рамканы ауытқулар арналған бетпен
жалғастырады. Сызбада базаларды боялған үшбұрыш түрінде белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |