Жігітпен қалай танысамыз?



Pdf көрінісі
бет22/68
Дата24.12.2021
өлшемі2,08 Mb.
#128510
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Байланысты:
ilovepdf merged

ТАПСЫРМА


Үлкен  қателік  -  анасы  (мамочка)  болу.  Біз  киімдерін
үтіктейміз,  қарны  ашып  қалмаса  екен  деп  тамағын  жасап
береміз,  киімін  жуып  береміз,  жұмысқа  кешігіп  қалмасыншы
деп таңертең бетінен сүйіп, ерте оятамыз. Бұл қамқорлық, иә?
Қамқорлық  дұрыс  нәрсе.  Қамқорлық  қарым-қатынасты
жақсартады. Ер адамның махаббатын оятады. Бірақ қамқорлық
пен  шектен  шығып  кету  деген  нәрсенің  айырмашылығын
білуіміз керек. Көбіміз оның анасы болып кетеміз.
Мысалы,  күйеуіңіз  үнемі  бірнәрсені  ұмытып  кетеді  (туған
күндерді, несие төлеуді, белгілі уақытты, кілтті). Сосын біз не
істейміз,  оның  есіне  саламыз.  Анасы  сияқты  есіне  түсіреміз.
"Тағы да кілтіңді ұмытып кетпе, сен өмірі ұмытып кетесің ғой"
деп  айтамыз.  "Бүгін  анаңның  туған  күні  ғой,  анаңның  туған
күнін ұмытып кеттің ба?" немесе "Менің туған күнім ғой, неге
ұмытып кете бересің?" - деп, дауысымыз ананың тоны сияқты
болады. Анаңыз сізге қалай ұрысады? Критика жасап ұрсады,
иә,  минусыңызды  айтып  ұрысады.  Негізі  біз  мұны  жек
көргеннен  емес,  ұрсысып  қалғыңыз  келгеннен  емес,
жақсылықты қалағаннан кейін солай айтамыз. Жақсы болсын,
ұмытып  кетпесін,  келесі  жолы  есінде  сақтап  қалсын  деп
сөйлейміз, ұрысамыз. 
Кетіп бара жатқан кезде: 
-Есікті жауып кетуді ұмытып кетпе, ұмытып кете бересің ғой
сен. 
-Сен тағы ұмытып кеттің ба? 
-Тағы да кешігіп қалдың ба? 
-Кешікпейтін күнің бар ма сенің? 
Өзіңіз байқап жатқан шығарсыз, есіңізге түсіп жатқан болар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет