Ер адам әйел адамның өмірінде бірінші орында тұрмауы керек.
Ер адамның өмірінде сіз өзіңізді үшінші орында деп қойсаңыз,
яғни мен еркектің өмірінде басты емеспін, мен үшінші орында
тұрамын деп, өз-өзіңізге бекітсеңіз, сіздің самооценкаңыз
төмен түсіп кетеді. Ер адам сізбен пікір таласпайтын болады,
сізден ақыл сұрамайды, сізге керек пе, керек емес пе, бұл оны
алаңдатпайтын болады. Себебі, сіз оған өзіңіздің орныңызды
білдіртіп қойдыңыз. Еркекке әрқашан өзіңіздің бірінші орында
тұрғаныңызды білдірту керек. Қалай? Ашумен, ұрыспен емес,
еркелікпен, әдемі қызғанышпен.
Мысалы, сіз оның бір әйелге қарағанын көріп қойдыңыз немесе
бір қыз оған қарап жатыр, жазып жатыр, хабарласып жатыр. Сіз
өзіңіздің ол қыздан жоғары дәрежеде екеніңізді сөзбен және
іспен, көзқараспен оған білдірту керексіз. Мысалы:
-Жаным, анау қыз неге сонша қарап жатыр қайта-қайта саған,
сен оған қарайсың деп ойлап жатыр ғой деймін, иә?- деп күле
саласыз.
Бір жағынан сіз қызғанып жатырсыз, бірақ бір жағынан сіз
оған:
-Ол сенің талғамыңдағы емес, сен оған тіпті қарамайсың ғой,
оның мүлдем мүмкіндігі жоқ, себебі мен одан жүз есе
жақсымын, екеумізді салыстыршы, мен одан мың есе асып
түсемін ғой, әйелі менен қызғанады деп ойлап жатқан шығар,-
дейсіз.
Сіз оған өзіңіздің бірінші орында тұрғаныңызды көрсетуіңіз
керек.
Достарыңызбен бөлісу: