Көрерменің қандай, қазақ театры?
Театр – мәдениет ошағы. Ел өмірінің айнасына айналған театрларымыз күннен-күнге
дамып келеді. Адам жанының емшісі болып жүрген театрымыздағы көрермендердің
мәдениеті қай деңгейде?
Қай театрды алып қарамаңыз, көрермен жетерлік. «Қара халықтың мәдениетті
болуынан, мәдениетті адамның қазақ болуы қиын», – дейді Ж.Аймауытов. Уақыт өткен
сайын бұл пікірге көзіміз жетіп жүр. Бүгінгі күні халықтың мәдениетті, мәдениеттінің қазақ
болуы да қиындап бара жатыр. Алпыстар шамасындағы көрермендер ертеректе өнер
ошағындағы мәдениеттің жоғары болғанын тамсана айтады. Расында да, солай ма, бүгінгі
күні көрермен, шынымен, өзгерген бе?
Қалай десек те, театрдағы халықтың мәдениетін көргенде ішіңе найзағай түскендей
күйге түсетініміз жасырын емес. Қойылым кезінде ұялы телефонының қоңырауына ие бола
алмай, онымен қоймай, телефонмен еркін отырып сөйлесу, орынсыз қол шапалақтау,
кішкентай балалардың жылаған даусы, жастардың жырқ-жырқ күлкісі көзі ашық, көкірегі
ояу басқа көрермендерді мезі етеді. Желсіз күні қауіп шақырмасақ та, бұлар біраз
ойлантатын жайттар.
Театрға киіп келетін киім үлгісі де өз алдына бөлек талғамды талап ететін
мәселелердің бірі. Тіпті, театрдан спорттық үлгіде киінген көрермендерді көрсек,
таңғалмайтын дәрежеге жеттік. Осы орайда, жаңа қарқынмен келе жатқан тәуелсіз елдің
театры: «Мен түзелдім, көрермен, сен де түзел!..» дейтіндей боп көрінеді де тұрады.
31
|