Жиынтық бағалаудың спецификациясы



Pdf көрінісі
бет20/31
Дата08.02.2022
өлшемі0,6 Mb.
#122425
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
2 5336966631622969390

Барлығы 
40 минут 
30 
23 


 
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі 
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
 
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, 
детальді ақпаратты анықтайды, өз сөзінде қолданады, шынайы өмірмен байланыстырады. 
 
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі детальді ақпаратты анықтап, мазмұндауда қолданыңыз. 
Ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз 
көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. 
Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп 
санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, 
пікіріңізді білдіріңіз. Сөйлеу барысында етістіктің етіс түрлері мен салт, сабақты 
етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін қолданыңыз.
[10]
 
1-
мәтін 
Әзиз Тастанбеков, профессор, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, қазақ 
күресінің жанашыры: 
– 
Көкпар десе, қазақ күресі десе айрықша рухтанып, тақым қыспайтын қазақ жоқ. Біз 
де әрдайым елеңдеп, рухтанып отырамыз. Күреспен бала кезден айналыстық. Еркін күрестен 
де, классикалық күрестен де, оның ішінде қазақ күресінен де спорт шебері болдық, дегенмен, 
осы ұлттық спорт түрінің көптен кенжелеу қалып келе жатқаны рас еді. Баяғыда ел ішінде 
жылына бір мәрте жарыс ұйымдастырылса, қатты қуанатын едік. Иә, қазақ күресі қақпайды 
көп көрді. Ертеректе, Оңтүстік Қазақстан облысында, Жетісайда қазақ күресіне жанашыр 
ағаларымыз он-жиырма жылда бір рет болсын, жарыстар ұйымдастыратын. Соған ел ауыл-
ауылдан ағылып келетін еді. Ол іс-шара үлкен тойға ұласатын. Енді сол бірталай теперішке 
түскен Қазақ күресінің бағын Ислам Әбішев пен мына Серік інілеріміз бастаған азаматтар 
ашып, ұлттық ойында әлемдік деңгейдегі дүбірге қоса бастады. Елім, халқым деген осынау 
еңбектері адал жігіттер аман болсын. Енді Қазақ күресін олимпиадаға қосуды діттеп отыр. 
Ол күннің келетініне де кәміл сенемін… 
2-
мәтін 
Қазақстандық спортшылар Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша 
жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарында сәтті өнер көрсетуде. Бүгін спортшылар 
ел қоржынына 3 «алтын», 3 «күміс», 4 «қола» медаль салды. 
Жеңіл атлеттеріміз 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Әйелдер арасында 
60 метрге жүгіруде Виктория Зябкина 7.32 секундтық нәтижемен алтын, Ольга Сафронова
қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, әйелдер арасында 400 метрге жүгіру сынында 
отандасымыз Елена Микина алдына жан салмады. Елена 53.37 секундтық нәтижемен 
жеңімпаз атанды. Ал ерлер арасындағы бәсекеде Михаил Литвин үшінші орынды қанағат 
тұтты. 
Бұған дейін Ольга Рыпакова мен Мария Овчинникова әйелдер арасында үш қарғып 
секіруден 1 алтын, 1 күміс медаль еншілеген болатын. 
Белбеу күресінен сынға түскен Ерсұлтан Мұзаппаров және Перизат Жақыпбекова
күмісті, Дидар Сәтбаев қола медальді жеңіп алды. Сондай-ақ, джиу-джитсудан 55 кг 
салмақта өнер көрсеткен Галина Дуалова қола медальға қол жеткізді. 
Сонымен, Азия ойындарының төртінші күнгі қорытындысы бойынша, Қазақстан 3-
орында.


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет