Жиынтық бағалаудың тест спецификациясы


  1-емтихан жұмысы: Оқылым мен жазылым



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата29.03.2023
өлшемі1,44 Mb.
#173248
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
TS KAZ G11 KZSL
Документ Microsoft Word (8), 1606978055, Эссе та ырыбы саяси модернизация моделіні негізгі факторлары м, ОБӨЖ-2-1, 4кл жаратылыстану 14-апта, ПРАКТИЧЕСКАЯ РАБОТА, Жарасова А.Б. 1 бақылау парағы, Әдебиет 20-50-нұсқа, БӨЖ №1 мәдениеттану, Brown And Beige Minimalist Vintage Scrapbook Self-Introduction Presentation , 4 сынып МОДО 3, Амангелді Шапағат курстық жұмысы, Мухтар Ауэзов
7.1 
1-емтихан жұмысы: Оқылым мен жазылым 
Төменде берілген емтихан жұмысы бойынша мысалдар келтірілген. Бұл толық сұрақ 
кітапшасы емес. 
 
 
1-бөлім.
Берілген мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Жасөспірімнің жан дүниесі нәзік, сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан 
сөздерін, іс-әрекеттерін, бұқаралық ақпарат құралдарынан
 
(теледидар, газет, 
журналдардан т.б.) көргенінің барлығын тез қабылдап, шындық деп есептейді. Міне, 
сондықтан да ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын жағымсыз 
мәліметтер жастардың жан дүниесіне кері әсер етуде. Ақпарат құралдары жасөспірімдерге 
сабақ болсын деп қылмыскердің іс-әрекетін жан-жақты жазады. Ал кейбір жасөспірімдер 
қылмыскерге «еліктеп», оның әрекетін қайталайды. Олардың қылмыс жасаған кезде қандай 
сезімде болғанын білгісі келеді. 
Белгілі бір аудандарда қылмыс деңгейі ерекше жоғары болады, алайда сол 
аудандарда өскен жасөспірімдердің барлығы қылмыскер болады деп айта алмаймыз. 
Десек те, бұл жерде тұратын жас балалардың заңды бұзу, қылмыс жасау пайызы басқа 
аудандарға қарағанда бірнеше есе жоғары болады. 
Заң бұзуға, қылмыс жасауға итермелейтін фактордың бірі – оқушының мектептегі 
үлгерімі. Зерттеу нәтижесінде жасөспірімдердің арасында мектепті тастап кетудің бірнеше 
себептері анықталған. Осы себептерге баланың мектептегі тәртібінің нашарлығы, оқуға 
деген 
ынтасының 
болмауы, 
мектептегі 
жетістіктерінің 
төмендігі 
жатады.
Сыныптастарымен, мұғалімдерімен және ата-анасымен ортақ тіл табыса алмауы да оқушы 
психикасына әсер етеді.
Қылмыс жасауға тұлғалық факторлар да әсер етеді. Арнайы жүргізілген зерттеу 
бойынша қылмыс жасағандар құқық қорғаушыларды ұнатпайтын, өздеріне сенімсіз, тез 
ренжігіш, өзін басқара алмайтын болып келеді. Кейбіреулері өзін жек көріп, өзін-өзі төмен 
бағалайды. Осындай адамдар тобы істеген іс-әрекетін мойындамай, барлығын қоршаған 
орта мен өзге адамдардан көріп, басқаларды кінәлайды. Кей жағдайда заңды бұзу жүйке 
әлсіздігінен, қорқыныштан, мазасыздықтың әсерінен де болуы мүмкін.
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу үшін оларды қоғам тарапынан 
қадағалау қажет. Қадағалаудың екі түрі бар. Біріншісі – тікелей қадағалау. Оған шектеу қою 
мен жазалау жатады. Ата-аналар баланың уақытында сабақтан келуін, жолдастарымен 
қарым-қатынасын қадағалап тексеруі тиіс. Баланың кейбір әрекеттеріне шектеу қойып 
отыру керек. Екінші түрі – көмекші қадағалау. Бұл – сыйластық және махаббат. Ата-
анасына және басқа адамдарға махаббатпен, сыйластықпен қараған бала көп жағдайда 
қылмысқа бармайды. Жасөспірімдер өздеріне үміт артқан, сенім білдірген адамдарды 
ренжітіп, көңілін қалдырғысы келмейді.
Кез келген қоғамдағы қылмыстың азаюы да, көбеюі де, сол мемлекеттегі әлеуметтік, 
экономикалық және психологиялық жағдайға қатысты екенін естен шығармау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет