6.1 Бағалар сипаттамасы Негізгі бағалардың сипаттамасы оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір
стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі.
Баға Сипаттамасы A
Оқушылар өздерінің жетік деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:
•
түрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді түсінеді және оларға сәйкесінше
жауап береді;
•
қажетті стильде жазылған түрлі тақырыптарға қатысты ақпараттарды нақты
ұсынады және талдайды;
•
ұлттық және мәдени мәселелермен қатар басқа да тақырыптарға бақылау
жасайды және жеке көзқарасын нақты, айқын білдіреді;
•
лексикалық және тілдік құрылымдарды кеңінен қолданып, тілді меңгергенін
нақты, орынды көрсетеді.
C
Оқушылар қанағаттанарлық деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:
•
бірнеше дереккөздерден алынған жазбаша мәтіндерді түсінеді және
сәйкесінше жауап береді;
•
түрлі тақырыптарға сәйкес ақпаратты талдайды және ұсынады;
•
ұлттық және мәдени мәселелермен қатар басқа да тақырыптарға бақылау
жасайды және жеке көзқарасын білдіреді;
•
кейбір лексикалық және тілдік құрылымдарды қолданып, тілді меңгергенін
көрсетеді.
E
Оқушылар шектеулі деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:
•
түрлі дереккөздерден алынған жазбаша мәтіндерді түсінеді және жауап береді;
•
түрлі тақырыптарға сай ақпаратты ұсынады;
•
ұлттық және мәдени мәселелермен қатар басқа да тақырыптарға бақылау
жасайды және жеке көзқарасын білдіреді;
•
шектеулі лексикалық және тілдік құрылымдарды қолданып, тілді меңгергенін
көрсетеді.
7. Сұрақтар және балл қою кестелерінің үлгісі Балл қою кестесі екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы. Жалпы балл қою кестесі
жекеленген сұрақтардың нақты мазмұнына сілтеме жасамайды, тек сұрақтарға қолдануға
арналған. Арнайы балл қою кестесі әр емтихан кезеңі үшін әр түрлі болып келеді. Жеке сұраққа
қатысты арнайы мазмұны бар және сұрақпен бірге жазылады.
Төменде мысал ретінде сұрақтар көрсетілген.
Әрбір сұрақтың соңында оған берілетін балл көрсетілген, мысалы [2].
Балл қою кестесі әр сұрақтан кейін беріліп, қай сұраққа қандай балл қойылатындығы көрсетіледі.