4
Оқушылар берілген 5 сұрақтың біреуін таңдап, қазақ тілінде 250-280 сөзден тұратын эссе
жазуы қажет. Барлық сұрақтар 11-сыныпта оқылған оқу бағдарламасының тақырыптарына
сай құрылған. Берілген тапсырма оқушылардың жазылымда өз ойларын жинақтап,
идеяларды дамыта отырып, ғаламдық және ұлттық мәселелермен байланыстыра алу
дағдыларын, сонымен бірге лексикалық бірліктер мен грамматикалық құрылымдардың, тілдік
құралдардың дұрыс қолданылуын бағалайды.
Жалпы балл санының 40%-ы
2.1
Бағалау міндеттері
Бағалау міндеттері оқу бағдарламасы мен оқу жоспарындағы оқу мақсаттарына сай
келеді.
1-БМ
Коммуникативтік құзырлық
Оқушы:
•
сыныпқа лайықты түрлі ақпарат көздерінен алынған жазбаша, ауызша
мәтіндерге жауап беру және түсінуі;
•
ақпаратты іріктеуі, бағалауы және талдауы, белгілі бір стильде қолдануы, сәйкес
деңгей бойынша ұсынуы;
•
дәлелдер мен идеяларды дәйектілікпен ресімдеуі;
•
өз көзқарасын білдіре отырып идеяны түсіндіруі, бақылауы, жеке пікірін білдіруі
тиіс.
2-БМ
Тілдік құзырлық
Оқушы:
•
ауызша және жазбаша формалардың стандартты шарттарын ескеріп, деңгейге
сәйкес синтаксистік құрылымдарды, лексикалық мысалдарды таңдай отырып тілді
қолдануы;
•
грамматикалық және конвенциялық нормаларды ескеріп, деңгейге сәйкес
лингвистикалық тәсілдерді қолдана отырып, әр түрлі стильде түрлі мәтіндер
(әлеуметтік, мәдени) құрастыруы тиіс.
3-БМ
Мәдениаралық құзырлық және заманауи қоғам туралы білімі
Оқушы:
•
әлеуметтік және мәдениаралық сұрақтар бойынша өз көзқарасын білдіруі және
түсінуі;
•
қазіргі қоғам және ұлттық мәдениет туралы білімін көрсетуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: